7


  • Учителю
  • Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

М.Горький атындағы №16 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Баядилова Гүлжанат


4- апта

6 сынып

3 - сабақ

Уақыты

25.09.13.


Сабақтың тақырыбы

Екі дос.

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Мақсаты

«Екі дос» мәтінінің мазмұнымен танысу. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін дұрыс құрауды, сөз тіркестерінің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратуды , берілген сөз тіркестері мен сөздерді аударып жазуды, «Дос» тақырыбында берілген сұрақтарға толық жауап беруді үйрену.

Топта өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

«Екі дос» мәтінінің мазмұнын біледі. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін дұрыс құрауды, сөз тіркестерінің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратуды , берілген сөз тіркестері мен сөздерді аударып жазуды, «Дос» тақырыбында берілген сұрақтарға толық жауап беруді үйренеді.

Топта өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сілтеме

«Қазақ тілі» оқыту әдістемесі 6 сынып, «Атамұра»2006ж,Авт: Т. Артықова, А. Жақанбаева, М. Төлеуова.

Тапсырмалар

Үй тапсырмасын сұрау.4,5- тапсырма.

Топтық жұмыс (мәтіннің мазмұнымен танысу, мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін дұрыс құрау).

Жұптық жұмыс (сөз тіркестерінің тура және ауыспалы мағынасын ажырату).

Жеке жұмыс (жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударып жазу, сұрақтарға жауап беру).


Қорытынды

Оқушы рефлексиясы

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары: (Сабақта оқушы мен мұғалім немен айналысады)

І Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

1.1. Сынып оқушыларымен амандасу, көңіл - күйлерін сұрап, назарларын сабаққа аудару.

1.2. Оқушыларды сөз таптары жазылған қималар арқылы топтарға бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау. 4,5- тапсырма. Ынталандыру арқылы бағалау.

ІІІ Талқылауға арналған сұрақтар: (2 - 3 мин). Ынталандыру арқылы бағалау.

2.1. Сөздің тура мағынасы деген не? Мысал келтіріп көріңіз.

2.2. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не? Мысал келтіріп көріңіз.

2.3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оның тура және ауыспалы мағынада тұрғанын анықтаңыздар.


Ағасы бардың - ... бар.

Інісі бардың - ... бар.


... тасыса, қайық төгілер.

... тасыса, ақыл төгілер.


.... көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.


IV Топтық жұмыс. Топтық жұмыс (мәтіннің мазмұнымен танысу, мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін дұрыс құрау). Топтар жұмыстарын дайын жауаппен тексеру арқылы бағалайды. Топтардағы бағалау жүреді, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.


түйдей

кеңесі

бұл

көрген емес

оқушылар

отырады

достықты

екеуін

басқалардан

ойнайды

қабақ шытысып

құрдас

бірге

бұрын

бір партада

қадір тұту


Дұрыс жауабы:

Түйдей құрдас, бұл екеуін, оқушылар кеңесі, достықты қадір тұту, басқалардан бұрын, қабақ шытысып көрген емес, бірге ойнайды, бір партада отырады.

V Жұптық жұмыс. Сөз тіркестерінің тура және ауыспалы мағыналарын тауып жаз. Оқушылар дайын жауап арқылы әр жұп өз - өздерін бағалайды.

1- топ.

Суық су, суық жер, суық жел, суық адам, суық торғай, суық хабар.

2- топ.

Алтын жүзік, алтын қыз, алтын ақша, алтын күз, алтын бесік.

3- топ. Таза үй, таза жер, таза бала, таза жүрек, таза еңбек, таза салмақ.

4-топ. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы бала, жақсы өмір.

Сергіту сәті «Сөздік ойын»

Оценка - баға

берег-

вперед -

мальчик - бала

степь -

город -

туча - бұлт

нация -

ключ -

үйеңкі - клен

піл -

үйірме - кружок

секіру -

теніз - море

қайғы -

саты - лестница

кірпік -

брат - аға

молоток -

воротник -

город - қала

новый -

бала - мальчик

саусақ -

бор - мел

шырша -

аштық - голод

сылтау -

шынжыр - цепь

арыстан -

VI Жеке жұмыс.

1. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңдар. (Мадақтау)

1. Назым мен Бейсенгүл (ровесники). 2. Олар ешқашан не расстаются. 3. (Вместе) ойнайды, сыныпта (за одной партой) отырады. 4. Оларды мұғалімдер де, балалар да (уважают).5. Олар әрі (скромные), әрі достықты (ценят). 6. Оқушылар жиынында (их двоих) мүшелікке ұсынған Мәлік.

2.Сұрақтарға толық жауап беріңіздер. Ынталандыру арқылы бағалау.

1. Сенің досың бар ма?

2. Оның аты кім?

3. Досың неше жаста?

4. Нешінші сыныпта оқиды?

5. Ол қалай оқиды?

6. Оның мінезі қандай?

7. Ол немен шұғылданады?

8. Ол қандай дос?

Қорытындылау. Оқушы рефлексиясы.

1. Маған сабақта не ұнады?

2. Маған не қиын болды?

3. Мен нені үйрегім келеді?

Үйге тапсырма: 4- тапсырма, 24 - бет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал