7


  • Учителю
  • ӘЛіппемен қоштасу ертеңгілігі тәрбиелік шара

ӘЛіппемен қоштасу ертеңгілігі тәрбиелік шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу


Көрнекілігі: Шарлар,мақал-мәтелдер,Әліппе,Ана тілі макеті,әріптер.

1) Так, так, так
Бәрің бері қара. Ринат
Бүгінгі күні бізде

Болмақ қандай шара?


2) Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын Лаура
Естідім ұзынқұлақтан
1 «б сыныбынан.

3) Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билекке. Бекзат
Қоштасқалы отырмыз

1 «а»сыныбы
Сүйікті кітап Әліппемен.


Қуан, шаттан, алақай, Ақерке
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!


Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар!Бүгін бізде үлкен мереке,зор қуаныш.

Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде,алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса,бүгінгі күні сол әліппені аяқтап,білім асуының алғашқы белесінен асып отыр.Әрине,бұл балалар үшін жетістік,жеңіс!Әліппе-бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі,білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ.Ендеше,сіздер осы асуды,осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін,өнерін тамашалауға қош келдіңіздер!

«Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік басында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.

- Армысыздар, аналар!
Бармысыздар балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ.
Бүгінгі жыр әніміз!

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,


Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.


Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар, Рустам

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

4) Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Бибина
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


5) Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Амандық
Әліппемен қоштасу тойымызға.


Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!


-Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдар.


Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?


Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!


Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе,Әліппе:


Зарина: Амансыңдар ма,қадірлі ұстаздар,ардақты ата-аналар,өнерпаз бүлдіршіндер!
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салыңдар!


Мұғалім:

-Балалар,өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады.Біз Әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік.Жүрекке жылы тиетін: «Отан,Ата-ана,Мектеп,Әліппе» сөздерімен таныстық.Ендеше осы сөздердің арқасында нені үйренгенімізді айтайық.

Отан:

О: О дыбысын өткенде Отан әнін үйрендік Ақерке

Т: Т дыбысын өткенде төлдер әнін үйрендік Ринат

А: А дыбысын өткенде қазақ халқының ұлттық өнері айтысты үйрендік Жан

Н: Н дыбысын өткенде Отан сөзін үйрендік Думан


М: М дыбысын өткенде мейірімді болуды үйрендік Нурия

Е: Е дыбысын өткенде еңбекқор болуды үйрендік Амандық
К: К дыбысын өткенде кішіпейіл болуды үйрендік Ақтілек
Т: Т дыбысын өткенде талапты болуды үйрендік Бекзат
Е: Е дыбысын өткенде елін сүйетін азамат пен азаматша болуды үйрендік Ая
П: П дыбысын өткенде парасатты болуды үйрендік Лаура


-Балалар,біздің Отанымыз қай Республика?

-Қазақстан Республикасы

-Балалар біз қай ауданда тұрамыз?

-Құрманғазы ауданы

-Ендеше Отан туралы жаттаған тақпағымызды айтайық.


Отан-жерім,Отан-суым, Ақерке

Отан қуат,нәр береді.

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді!


-Енді Отан туралы әнімізді айтайық.

Ән: «Отаным-Қазақстан»


Мұғалім:

-Біздің білім алатын ордамыз мектеп.

-«Мектеп-кеме,білім-теңіз». «Мектеп-екінші үйіміз,себебі біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді.

-Біз қай мектепте оқимыз?

-Мұхтар Әуезов

-Біз мектепке не үшін келеміз?

-Оқуға,білім тәрбие алуға,онымен қоса,ән-би үйренуге,ойын ойнауға.

Ал енді Мектеп сөзіне арналған тақпақтар тыңдайық.


Мектеп деген білім кені,жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені Ринат

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені


Армысың сен алтын ұя мектебім Нурия

Саған айтар жыр алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.


(Қазақ биіне киінуге кетеді) Ақтлек қалады қалғандары киінеді қайтп келип о


Әліппе: Балалар,мен сендерге жалғыз келгенім жоқ,өзіммен бірге сендердің өнерлеріңді,білімдеріңді бірге тамашалайық деп,досым ана тілін де ала келдім.


Ана тілі: Назерке


Сәлеметсіздер ме,балалар.

Сәлем,достар,аман ба?

Аман болған аманда

Ана тілін ардақтар

Ата-бабам,анам да

Туған тілдің тілімін

Ақылы мен танымын

Таныстырар бәріне

Ана тілі пәнімін

Ана тілі ұраным

Ана тілім-құралым

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым


Киелі Әліппе оқулығын аяқтап үлкен жетістікке жетіп отырсыздар,бұл сіздер үшін үлкен қуаныш.

Қуаныштарыңыз құтты болсын.Енді мен сіздермен дос боламын,досыңды құрметтегенің сияқты мені де құрметте.Мен сіздерге жетем дегенше көптеген адамдар тер төкті.Солардың еңбегін бағала,өзің де еңбектен.


Әліппе: - Балалар осы сендер қандайсындар? -Талабы биік таудаймыз. Аманжан


-Мың бұралған бишіміз. Ақтілек

-Біз шеберміз. Төрехан


-Ақылдымыз. Регина


-Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз. Ұлжанна


-Көп оқимыз.Көп жазамыз Самал

Еңбектенеміз бәріміз.


Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.


Ән: «Әліппе»

(Ақтлек киінуге кетеді)


Мұғалім: Балалар біздер Әліппені оқығанда ең алғаш әріптермен таныстық.Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.


6) Алфавитті жатадық Ринат
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.


7) Сан әріпті үйрендік, Нурия+
Бүгін бізге сеңіндер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?


А әрпінен есімім Ақерке
Айтсам сөздің кесімін.
Ақерке мен боламын,
Айдай өсіп толамын.


11) Дөңгелене доп келеді,
Оны теуіп Думан келеді. Думан
Мәз боламын шаттана
Ойым мүлде басқада.


12) Ж дегенің Жанна Жанна

Жанна деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.


13) Бекзат деген есімді,
Білдіңіздер кесімді. Бекзат
З әрпі бар ішінде,
Тыңдасаныз шешімді.


14) Н әрпі Нурииямын мен деген, Нурия
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.


15) Самал деген мен едім,
Алсам білім тереңін, Самал
С әрпінен есімім,
Аламын оқу білімін.


16) Т дегенің Төрехан Төрехан
Әріптерден қалмаймын
Достарыма тілейтінім алдымен
Бірінші байлық денсаулық


17) Х дегеніңіз дауыссыз
Х-ны білу керек бұл. Рустам
Х деген де тамаша,
Хат, хабарлар - деректер.


18) Енді біз жаза аламыз, Фаризат
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.


Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Балаларға ақ тілек

Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен, бәрі
Әліппе, саған көп рахмет.


Қимылың әрбір атқан ақ таңындай

Күлкің бар аппақ мөлдір ақ қайыңдай

Биіңмен ортамызды желпіндірші

Қыздарым ел-жұртыңның мақпалыңдай деп

Биші қыздарымыздың орындауында «Домбыра» биін қабыл алыңыздар


Мұғалім:
-Балалар! Сендер әліппемен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәндерін де оқыдыңдар.
Ендеше Математиканы ортаға шақырайық.


Балалар: Математика.Математика


Абылайхан:

Армысыңдар балалар.Бүгінгі күні сендердің қуанышты күндерің.Бүгін сендер білімнің бастауы әліппемен қоштасып отырсыңдар.Сендерге алдағы өмірлеріңе тек сәттілік тілеймін.Ал енді мен сендерге тапсырмалар алып келдім соны бірлесіп орындайық.Жарайма?


Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?


19) 1 дегенім- бесік, Бекнур
Шықтың содан өсіп.
20) 2 дегенім - елім, Расул
Далам, тауым, көгім.
21) 3 дегенім - үміт, Думан
Үміт артар жігіт.
22) 4 дегенім - төзім, Аружан
Төзе білем өзім.
23) 5 дегенім - бақыт, Айгерім
Бағалайтын уақыт.
24) 6 дегенім - ақыл, Лаура
Тыңдағаның мақұл.
25) 7 дегенім - жалау, Регина
Жүректегі алау.
26) 8 дегенім - сөзің, Аяна
Серт беретін кезің.
27) 9 дегенім - тоқтау, Аманжан
Елдің жоғын жоқтау.
28) 10 дегенім - Отан, Ринат
Қорға соңы, ботам.


(Ертегіге киінуге кетеді) Ринат Жанна Бекзат Амандық


Жарайсыңдар балалар енді жұмбақ есепке кезек берейік:


Ал,достарым,келіңдер

Біріңе-бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп

Шешімін тауып көріңдер


Математика тапсырмалары.


1.Үш алманы бақтағы

Кірпі алып жинады

Ең әдемі біреуін

Ақ тиінге сыйлады

Ыдыстағы алманың

Санап көрше қалғанын (2)


2.Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады онын нешеуі?

Кәне кім тез шешеді? (5)

3.Жаңа ғана шалғында

Алты бұзау жүр еді

Әлде шаршап қалдыма?

Жатып қапты біреуі

Нешеуі енді жайылып

Айт,жүргенін айырып (5)


4.Аулада 5 үйрек

Қорада 3 үйрек

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? (6)


Ал енді Математика сабағында үйренген сергіту сәтін білесіңдерме?Соны айтып көрсетсеңдер.Ал ендеше бәріміз бірге жасайық..


Орнымыздан тұрамыз

Белге қолды қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Бір,екі,үш.Бір,екі,үш

Жоғары қолды созамыз

Тып-тыныш қана отырамыз


(Мақта қыз Дүкенші Ағаш Қыздар киінеді)


Математика: Жарайды балалар мен сендермен қоштасамын. Көп нәрсені білетіндеріңе көзім жетті.Алдағы уақытта да сабақтарынды жақсы оқыңдар.Білімді балалар болуларыңа тілектеспін.Сау болыңдар.


Мұғалім:

Бастауыш бұнда өткен бала шағың

Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?

Еліміздің әу бастан-ақ дайындауда

Саналы азаматын,болашағын.-дей отырып ендігі кезекті «Мақта қыз бен мысық» ертегісіне берсек.


Қазақ ертегісін сахналау
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкенші, сиыр киімі, мейіз, тары,қайшы.

Ерте,ерте,ертеде,

Ешкі құйрығы келтеде,

Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.Мақта қыз үстел үстін реттейді.Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.

Мақта қыз мысығын шақырады.

Мақта қыз: Лаура

-Мияуым менің,қайдасың?

-Тарғылым менің,келе ғой,мен саған мейіз беремін.

Мысық келмейді.


Мақта қыз: Лаура

-Келмесең,келмей-ақ қой,өз обалың өзіңе,-деп мейізді жеп қояды.

Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.

Мақта қыз ыңылдап ән салады,мысық шығады.


Мақта қыз-Лаура

Мысығым-ау,мысығым

Тарғылы жақсы түсінің

Таңертең де,кеште де,

Бетін жуған пысығым.

Піш-піш десем,келе ғой,

Айтқаныма көне ғой

Шақырғанда піш-піш деп

«Мяу!»-деп дыбыс бере ғой.


Сол кезде мысық Мақта қызға өлең айтып береді.

Мысық-Бекзат


Менің атым мысық

Екі көзім қысық

Тышқан аулап отырамын

Сүт-көжемді ішіп


Бекзат: Мақта қыз сен неге мені шақырдың?

Лаура: Айтпаймын!

Бекзат: Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін

Лаура: Ой,ой.Сен не істедің?Сол үшін мен сенің құйрығыңды жұлып аламын!

Бекзат: Берші құйрығымды!

Лаура: Бермеймін!Қатығымды қайтарып бер!


Сөйтіп мысық сиырға келеді.


Сиыр-Ринат.

Менің атым сиыр

Өрісім алыс қиыр

Етім үшін,сүтім үшін

Адамдар маған үйір

Бекзат. Мяу,сиыр,сиыр, сен маған қатық берше!

Ринат: Сен маған жапырақ әкел,менің қарным ашып тұр.


Сөйтіп мысық ағашқа барады.


Ағаш-Бибина.

Мен жасыл ағашпын

Күтсеңдер гүл ашамын

Жолыңа нұр шашамын

Жапырағым азық

Бұтағым қазық

Саяма сағаларсың

Салқындап дем аларсың.


Бекзат: Ағаш,ағаш, маған жапырақ берші!

Бибина: Маған су әкеліп бер,мен шөлдедеім,мен саған жапырақ беремін.


Сөйтіп мысық су іздеп келе жатса,алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.


Қаздар:Ақерке,Ақтілек

Су-тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің

Тазалықтың негізі,

Су деп және білгейсің


Бекзат: Мяу,қыздар маған су беріңдерші.

Ақерке,Ақтілек: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.


Сөйтіп мысық дүкеншіге келеді.


Бекзат: Мяу,дүкенші,дүкенші маған сағыз берше.


Нурия: Маған жұмыртқа әкеліп бер,мен саған сағыз берем.

Мысық әбден шаршады,жұмыртқа іздеп тауыққа барады.


Тауық-Жанна.

Мен ақ тауықпын,

Өзім қақсауықпын

Күніне бір жұмыртқа табам

Осыған жетеді шамам


Бекзат: Мяу,тауық,тауық маған жұмыртқа берші.

Жанна: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер,біз ашпыз.


Мысық ойға батып,басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.Осы кезде

Бір тышқан жүгіріп шығып,інді қаза бастайды.

Тышқан-Амандық.

Мен тышқанмын,

Өзім дән екпеймін.

Егістен ұзап кетпеймін,

Айналам толы ән,

Қоймам толы дән,

Дәнді тастап кетпеймін


Ән салып жүрген тышқанға мысық бас салып,ұстап алады.


Бекзат:

-Айт,үйіңде не бар?Жаныңның барында айт,тез,әйтпесе,қазір жеп қоямын.

Амандық: Сен маған бір ән айтып бер.


Бекзат: Жарайды деп мысық қошақаным әнін айтып береді.


Тышқан мысыққа рахмет айтып,бір қап тары береді,мысық дәнді тауыққа береді,тауық мысыққа жұмыртқа береді,мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді,дүкенші сағыз береді,сағызды алып қыздарға береді,қыздар мысыққа су береді,мысық суды ағашқа құяды,шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді,жапырақты мысық сиырға береді,сиыр оған қатық береді,қатықты мысық Мақта қызға береді.


Мысық: Мақта қыз,қатығың міне мен енді бұзық болмаймын,айтқаныңды тыңдаймын,-деп қатықты қызға береді.


Сөйтіп Мақта қыз қатығын,мысық құйрығын қайтарып алып,екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.


Ән «Ертегілер»


Мұғалім: - Балалар,бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз.


Мың алғыс сізге әкешім

Мың алғыс сізге анашым

Мың алғыс сізге ақ атам

Мың алғыс сізге ақ әжем

Ендігі ән сіздерге арналады.


Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі. Аманжан
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.


Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында. Бекнур
Күн-алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.


Ән: «Ана»


Зарина: Балалар, рахмет сендерге.
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата -ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!


Ал балалар мен енді сендермен қоштасамын.Асар асуларың,алар шыңдарың биік болсын!Сабақты жақсы оқып,тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесін қосар азамат,азаматша болыңдар!Мен сендерге құр қол келгенім жоқ Ана тілі кітабын сыйға алып келдім.Бұл кітапты жақсы оқып,ұқыпты ұстап жүрулеріңе тілектеспін.


-Таза,ұқыпты ұстайсыңдарма?

-Ерінбей жақсы оқисыңдарма?

-Уәде етесіңдерме?


29) Әліппені бітірдім, Ақтілек
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.


30) Қош бол, құтты Әліппем,
Қош бол,құтты Әліппем! Фаризат
Қош бол,құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырдың әріппен,


30) Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен, Бекзат
Тақылдатып сөйлеткен.


31) Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз. Самал
Ата -ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!


Әліппе жарты жылдай жолдас болдың Аяна

Ана тілге әкеліп жалғастырдың

Әр әріпті қостырып сөзін құрап

Хат танытып,алғаш сен көзімді аштың


Қош болып тұр әліппе анамдайсың Ақерке

Жақсы бол деп біздерге алаңдайсың

Мен үйреткен әріптің құдіретімен

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.


Мұғалім: Әліппе біздің білім бесігін ашқан алғаш оқулығымыз болса,Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.


Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.


Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!


Ана тілі:

Балалар мен сендердің өнерлеріңді тамашаладым.Көптеген нәрсені білетіндеріңе көзім жетті.Алдағы уақытта да жақсы тіл табысатынымызға мен сенемін.Мен де сендермен қоштасамын.Сау болыңдар.


Анамыздай аялап

Ақылшы болған ұстазым Ринат

Өзіңнің ғана еңбегің

Биікке қанат қаққаным


Оқушылар хормен:


Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.


Ұстазымызға мың алғыс.


(Испан биіне киінуге кетеді)


Мұғалім:

Асау жүрек жанығып алқынбасын

Бойына біткен өнер сарқылмасын

Шыңға біткен шынардай биіктерде

Халықтың ән өнері жарқылдасын.


Ән: «Мұғалім ол біздің»


Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсың
Мың бұралған бишелер
Бименен кешті жалғасын.


Би: Испан биі

Балалар 1-желтоқсан Тұңғыш Призедентіміздің мекрекесі болды.

Тұңғыш Призедентіміз кім?

(Нұрсұлтан Назарбаев)

16-желтоқсан Тәуелсіздік алған күніміз.Бұл мекреке бізге үлкен мереке.

Алда қандай мереке келе жатыр?

(Жаңа жыл)

Дұрыс айтасыңдар балалар алда Жаңа 2014 жыл Жылқы жылы келе жатыр.Осы Жаңа жылымызды көңілді өткізейік.

Жаңа жылдық мерекемізде кімдер келеді бізге?

(Аяз ата мен Ақша қар)

Ең бастысы біз нені әдемі етіп безендіреміз? (шыршаны)

Ендеше біз шыршамызды әдемі етіп безендіруге дайындалайық.

Мына менің алдымда әдемі ойыншықтар бар.Осы ойыншықтарда сандар жабыстырылған сол сандарды маған айтасыңдар мен сендерге сұрақ қоямын сендер соған жауап айтып ортамызда тұрған шыршамызды әдемі етіп безендірейік.


1- Қазақ тілінде қанша әріп,қанша дыбыс бар? (42 әріп,40 дыбыс)

2- Сөз неден құралады? (Сөз дыбыстардан)

3- 4ке 4 ті қосқанда неше шығады? (8)

4-10 см неше дм? (10см-1дм) Бекнұр

5-Егемен сөзін буынға бөл.Неше буын? (Е-ге-мен 3 буын)

6-Сөйлем неден құралады? Сөздерден және сөздердің бір-бірімен байланысуынан)

7-Дыбыстар нешеге бөлінеді?Қандай болып? (2 Дауысты,дауыссыз)

8.Бір жұмбақ айт Қабат-қабат қаптама Лаура

Ақылың болса аттама (кітап)

9.Оқу,білім туралы мақал айт

Оқусыз білім жоқ Ринат

Білімсіз күнің жоқ

10.Жаңылтпаш айт.

Айта-айта жақ талды Амандық

Қайта қайта жатталды

Қайта қайта жақ талды

Айта айта жатталды


Балалар сендерге берілген тапсырмаларды бәрің дұрыс айттыңдар.Шыршамызға әдемі ойыншықтарымызды ілдік.Қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі болды.Енді шыршамыздың шамын жағайық.


Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат.


Мұғалім:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды.

Лаура:

Білім алуға,үлкенді сыйлауға,ерінбей сабақ оқуға,тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға


Бекзат:

Мәдениетті сақтауға,үлгілі болуға,Отанды қорғауға,мектебіміздің даңқын көтеруге Ант етеміз!


Мұғалім:

-Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рақмет! Осымен «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз!


1.Шәкірттерімізді Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауымен құттықтап,білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей отырып сөз кезегі

Мектеп директоры Гумаров Жұмақай Мұғалыұлына беріледі.


Тәрбие ісінің меңгерушісі Хасанова Алма Ықыласқызы


Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Құбашева Гаухар Мажитқызы мен бастауыш пән бірлестік жетекшісі Танашева Фарида Қайыржанқызына сөз кезегі беріледі.


2.Әліппені жақсы меңгеріп,сауатты жазып оқуларыңа ата-аналардың қосқан үлесі мол.Сіздерге алғысымызды білдіре отырып,келесі құттықтау сөзді сіздерге беремін.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал