7


  • Учителю
  • Урок.Математика. Сабақтың тақырыбы: Үлес

Урок.Математика. Сабақтың тақырыбы: Үлес

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Үлес

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:есептің жаңа түрін шешудің тәсілдері туралы білімдерін бекіту; математикалық амалдардың арасындағы өзара байланыс туралы білімдердің негізінде теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру.

2. Тәрбиелік:оқушының танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, пәнге деген көзқарасын, білімге құштарлығын қалыптастырып, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық сезімін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі:аралас сабақ, жаңа білімді игеру сабағы,

Сабақтың әдісі:1.Илюстрациялық түсіндіру.Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

3. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі.

4. Сабаққа мақсат қою.

5. Жаңа-сабақты түсіндіру кезеңі.

6. Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі.

7. Оқушылардың білімін бағалау.

8. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау берукезеңі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.а)Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.

Ойын:«Туды ұстау құрметіне кім ие болады екен?»

Ол үшін өткенге шолу жасап, сұрақтарға дұрыс жауап берейік.

1.Көбейту амалының компоненттерін ата: 2*10

2. Бөлу амалының компоненттерін ата: 8:4

1.Ой ширату.

Берілген тапсырма бойынша өрнек құр.

Математикалық тілде оқылуына көңіл бөлу:

I.Жаңа сабақты бекіту.

Жақсы, балалар, бүгін біз санның үлесі және санды үлесі бойынша табуға берілген есептерді пысықтаймыз.

Тақтаға назар аударайық.

1-мысал.

а)Дөңгелектердің айырмашылықтары неде? Әр дөңгелек неше бөлікке бөлінген? Әр дөңгелектің бір үлесін, екі үлесін қалай атауға болады?

ә)Кесіндінің бір бөлігінің ұзындығы 2см болса, тұтас кесінді неше сантиметрге тең?

Тұжырым жаса.

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ретін жазайық. Жазуымыз әдемі, көркем болу үшін дәптерді сәл көлбеу қойып, денемізді тік ұстап отырамыз.

2-есеп

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

Ендеше, білімімізді молайту мақсатында мысалдар мен қызықты мазмұнды есептерді ауызша шығарайық.

·Шаршының бұрыштарының санын ең кіші бір таңбалы санға көбейт.

·Бір бұрышын кесіп тастаған үстелдің бұрыштарының санын рояльдің аяқтарының санына көбейт.

·Үздік оқушының сүйікті бағасын апта күндерінің санына көбейт.

·Білім сөзіндегі дыбыстар санын үш есе арттыр.

·Қауынның салмағы 2кг. Қауынның екіден бір бөлігі неше килограмм?

·Кесіндінің уштен бір бөлігі 6см-ге тең. Кесіндінің ұзындығы нешеге тең? Тұжырым жаса.

·Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағат?

·Сағаттың екіден бір бөлігі неше минут?

·Сен нешедесің? - деп сұрағанда, Еркін: - Егер ең кіші үш таңбалы саннан ең кіші екі таңбалы санды азайтып, оның оннан бір бөлігін алсаң, менің жасымды табасың, - деп жауап берді. Еркін нешеде?

мысал.

а)1дм-дің жартысына тең, 1дм-дің бестен бір бөлігіне тең кесінділер сыз.

1дм=10см

10см 10см:2*1=5см

10см10см:5*1=2см

Қорытынды: кесіндінің бөлігінің ұзыдығын анықтау үшін барлық ұзындықты тең бөліктердің санына бөлу керек.

ә)Берілген кесіндіден 3см артық және 3 есе артық кесінділер сыз.

АВ 3см

3+3=6(см)

С Д 6см

3*3=9(см)

КМ 9см

·Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

·Сабақта қандай жұмыс түрлерін жасадық?

·Кестелік көбейту және бөлуге тапсырмалар орындадық.

·Теңдеу шештік.

·Санның үлесі және санды үлесі бойынша табуға есептер шығардық.

·Шығармашылық тапсырмалар орындадық.

Үйге:.

Бағалау.









































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал