- Учителю
- Қазақ тілі. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Қысқа мерзімді жоспар. 2-сынып
Қазақ тілі. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Қысқа мерзімді жоспар. 2-сынып
|
|
Дүйсенова Жанна Жайлаубековна, бастауыш сынып мұғалімі Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебі Тараз қаласы |
|
| |||
1 |
Мерзімі |
6. 05.2016 ж 2 - сабақ |
Тексерілді |
Сабақта 7 модульдің қамтылуы | |||
2 |
Сынып |
</<font face="Times New Roman, serif">2 «Д» |
|
| |||
3 |
Пәні |
Қазақ тілі |
|
| |||
4 |
Тақырыбы |
Дауысты және дауыссыз дыбыс 502-508 - жаттығулар |
|
| |||
5 |
Мақсаты
Міндеті |
Жыл бойы өткенді қайталау, дыбыс пен әріп жайлы алған білімдерін қайта жаңғырту, жаттығулармен жұмыс жасау арқылы білімдерін пысықтау туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту . Оқушылардың ой - өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту. Тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу. Отан сүйгіштікке баулу. |
. |
| |||
6 |
Сабақтың типі |
Жаңа білім беру |
|
| |||
7 |
Сабақтың түрі |
Аралас сабақ |
|
| |||
8 |
Әдістері |
Алтын ереже, түсіндіру, талдау, жинақтау, сұрақ - жауап, кезбе тілші, постермен жұмыс |
|
| |||
9 |
Ресурстар |
Сын есімнің картасы, сөйлем , суреттер, қима-қағазар, электронды оқулытар, А-3 постер, стикер, маркер, смайликтер, бағалау парағы |
|
| |||
10 |
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
| |||
11 |
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) |
- Психологиялық жағдай. Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген
дана тілім, |
Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне тілек айтады. Сабаққа деген жағымды психологиялық ахуал қалыптасады. |
АКТ | |||
12 |
Үй тапсырмасы (10 минут) |
Өткен материалды «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау. |
Шығармашылық жұмыстарды атқарып оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады |
Талантты және дарынды балаларды оқыту | |||
13 |
Үй тапсырмасын бекіту (3 минут) |
Серпілмелі сауалдар әдісіарқылы өткендерді қайталау, ережелерді сұрау. 1.Зат есім дегеніміз не? Оқушылардың үйде дайындап келген сұрақтарын 2.Етістік дегеніміз не доп лақтыру арқылы сұрақ қойып, жауап алу. 3.Сын есім дегеніміз не? |
Оқушылар ұтымды жауап беруге талпынады. Өз ойларын ашық айтуға үйренеді. |
СТО, диалог | |||
14 |
Жаңа сабаққа дайындық |
Миға шабуыл. «Кластер» әдісі арқылы дыбыс пен әріпті топтастыру. |
|
СТО, Диалог | |||
15 |
Жаңа сабақ (15 минут) |
Дыбысты айтуға, құлақпен естуге, ал әріпті көруге және жазуға болады. Сөздерді құратырып тұрған ең кішкене бөлік - дыбыстар. Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз. Сөз жеке дыбыстардан құралады. Әр дыбыстың өз үні бар- ол
дыбыс. Дыбысты айтамыз, естиміз. Әр дыбыстың таңбасы бар-ол
әріп. Әріпті жазамыз, көреміз. Дыбыс патшалығы жайында
әңгімелеу. Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте
емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр. Ал
олардың үйі міне, қандай әдемі ( ауызыңды көрсетші аша ғой,
кәне). Үйдің төбесі бар (тіліңді тигізіп көр, өзіңнің үйіңнің
төбесін ізде, таптың ба?)Еден дегеніміз төменгі таңдай, есік
- еріңдер. Есік бекем болу үшін қойылған сүйек шарбақтар да
бар ( тістеріңді көрсетіңдерші). Бәрі жақсы болар еді, бірақ
үй ішінде бір айдаһар кіріп орнығып алды (тілдің ұшын
қимылдатамыз).… Сөйтіп олар өздерінің зұлымдық істерін жасай
бастады. Кейбір дыбыстарды ол емін - еркін өткізіп
жібереді.Міне, былай, менен кейін қайталап айтыңдар [а], [ә],
[о], [ы], [и]…Бұл дыбыстар еріннен, яғни есіктен еркін өтіп
жатыр. Олардың киген киімдері - қызыл көйлек деп қызыл
дөңгелекті көрсету.Ал басқа дыбыстардың жолын айдаһар түрлі
кедергілер тұрғызды немесе есікті жауып қойды. Мысалға [м - м
- м]. Ол [т] дыбысын төбеге итеріп жапсырып қойды.Айдаһар
дыбыстарды біресе ысылдап шырылдауға [ш], пысқыруға [ф],
ысқыруға [с], қырылдауға [х] мәжбүр етеді. Біресе дыбысты
құйрығымен ұрады [р] (айтып көріңдерші, тіл діріл қағып тұра
ма?) Бұл дыбыстар еркін шыға алмайды. Сондықтан, бұлар үстіне
көк көйлек киіпті (көк дөңгелекті көрсету). Оқулықпен жұмыс . 502-508-жаттығуларды топпен, постерге
және жеке орындау
|
Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, жауапты нақты айтуға үйренеді. Өз ойларын ашық айтуға үйренеді. Салауатты өмір салтын ұстануды түсінеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауды үйренеді және өз ойларын сурет салу арқылы да жеткізе алады. Бұл баланың шығармашылық қабілетін дамытады.
Ережені жатқа айтады Топен жұмыс жасайды. Берілген сан есімдерге зат есімдерді қатар қояды. Постерді қорғау арқылы сөздік қоры молаяды. |
Талантты және дарынды балаларды оқыту. Көшбасшылық СТО | |||
16 |
Жаңа сабақты жинақтау 7 минут |
Тест тапсырмасын орындатып жұптарымен алмасып тексеру Сәйкестендіру.
|
Оқушылар сұрақ қоя отырып, оған нақты жауап береді, дәлелдер келтіреді |
Талантты және дарынды балаларды оқыту. | |||
17 |
Кері байланыс 2 минут |
Стикер таратылады. Оқушылар сабақтан нені үйренгенін , сабақта қай әдіс-тәсілдер ұнағанын жазу. |
Оқушылар сабақтығы жақсы кезеңдерді, келесі сабаққа деген ұсыныстарын жазады. |
| |||
18 |
Бағалау 1 минут |
Смайликтер арқылы топ басшылары топ мүшелерін бағалайды және содан жиынтық баға шығарып топтарды бағалау |
Оқушылар өздерін бағалауды үйренеді. Бір-біріне деген сенімділік артады. |
ОҮБ, формативті бағалау | |||
19 |
Қосымша білім |
507 -жаттығу. Ережелерді айту. 5 сұрақтан, 5 тест дайындап келу. |
Мәтін мазмұнына сай сурет салып, әңгімелеу, сөзжұмбақ құрастыру |
|