- Учителю
- Ашық сабақ Логикалық аялдама
Ашық сабақ Логикалық аялдама
</ Тақырыбы: Логикалық аялдама
Мақсаты: Қызықты, логикалық тапсырмаларды орындата отырып қырағылыққа, дұрыс ойлау мен шешім табуға үйрету.
Барысы: I. Ұйымдастыру
Топқа бөлу (ақшамен 10000тг 5000тг 1000тг 500тг)
1.Ширату.
1.Шошайып үйлеген шөп-мая
2.Қазақстан, Ресей, Өзбекстан-қалалар
3.Қыста су неге айналады- мұзға
4.Абылайдың шын есімі кім?- Әбілмансұр
5.Көздеп ататын жер-нысана
6.Орманың айлакері-түлкі
7. Бес тышқанның құлағы-10
8.Дауыссыз дыбыстар- қатаң, ұяң, үнді
9. Мектептегі 15 минут- қоңырау
10. Піл үлкен ал тышқан- кішкентай
11.Жолдасын тастаған-жолда қалар
12.Қосылғыштардың мәні- қосындыға тең
13.Мектептегі 45 минут-1 сабақ
14.Қартайған ер адам- ата, қарт
15.Бір бағытқа қарап тұрған ағайын-көз.
16.Бір шатырдың астында төрт батыр- үстел
17. Жаз айларынан басқа жылда неше ай бар?- 9
18.Қойдың төлі- қозы
19. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?-30
20.Жердің ортасында не бар?-р
2) Қызықты тапсырма
Әр топқа 4 тапсырмадан
(Тапсырма орындауға 5 минут уақыт беріледі,әрбір тапсырмаға 1 ұпайдан)
Өлең: 3 «А»сынып
Қағазға жазылған 86 санын ешқандай амал қолданбай қалай 12-ге арттыруға болады ?
99 санын қалай өзгертуге болады?
3 мүшел толған адам нешеде болады?
Қалаға қарай 3 жеңіл машина бара жатыр,оған қарсы 2 жеңіл ,3 ауыр машина келе жатыр.Қалаға барлығы неше машина бара жатыр?
Ер баланың ағалары жоқ,ал оның қарындасының сіңілісі қанша болса,сонша ағасы бар.Осы отбасында неше ер бала,неше қыз бала бар?
Әр машина 5 тонна жүк көтерсе,20т 200кг жүкті тасу үшін неше машина керек?
Шаршының әр қабырғасын 2 есе арттырса,оның ауданы нешеге артады?
Айбар орманнан жаңғақ әкелді.Жартысын апасына ,қалғанының жартысын інісіне бергенде өзінде 20 жаңғақ қалды.Ол орманнан неше жаңғақ әкелді?
Күшіктер мен үйрек балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар.Күшіктер мен үйректер саны қанша?
Пирогты әшекейлеу үшін Жаснұр бананды 5 рет кесіп,8 бөлік шығарып алды. Неше банан болды?
Айзере бірнеше апельсин сатып алып,оны үш-үштен және төрт-төрттен санағанда біреуі қалып қойды.Бестен санағанда қалған жоқ.Айзере неше апельсин сатып алды?
Болат,Айбол,Асан үшеуі қорапқа барлығы 10 қоңыз және өрмекші жинады.Сонда қорапта 68 аяқ болды.Егер қоңызда 6 аяқ,өрмекшіде 8 аяқ болса,қорапта неше қоңыз,неше өрмекші бар?
Менің апам бар.Ол анамнан үш есе кіші.Бұдан 5 жыл бұрын ол анамнан 4 есе кіші болған.Менің анам мен апам қазір неше жаста?
Үш бала бүлдірген салынған бидонды өлшегенде 7 кг болды.Балалар жартысын жегенде,бүлдірген салынған бидон 4 кг тартты.Балалар неше кг бүлдірген жеді?
Қасқыр туған күніне 3 түлкі,7 ешкі және Қызыл Телпекті шақырды.Қасқыр туған күніне тәбеті жақсы неше адамды шақырды?
Автобусқа кірген 40 қарияның бестен бірі билет алды.Қалғандары тегін билет бар деді.Сөйтсе ,олардың жетеуінде ғана билет бар екен.Неше қария «қоян» болып барды?
Бір жұмыртқа 4 минутта піссе,6 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
Өлең: 3 «Ә»сынып
3) Пазлы құрау
1.Бәйтерек
2.Кеншілер ескерткіші
3.10000 тг
4.Көңілді смайлик
(2 минут уақыт беріледі.Толық құраған пазлыға 3 ұпайдан)
4) Құрамында саны бар 3 мақал-мәтел ойлап жаз.
(әр мақалға 1 ұпайдан,қайталанған мақалдар саналмайды,2минут уақыт беріледі)
5) Әзіл есептер
(барлық топқа сұрақтар қойылады,әр ттоптың жауабына 1 ұпайдан беріледі)
1.Бас киімді суға малып,10 минуттан кейін сығып алдық.Ол қандай болды?
дымқыл
2.Қандай ыдыстан ештеңе ішуге және жеуге болмайды?
Тесік ыдыстан
3.Бос ыдыста неше жаңғақ бар?
Жаңғақ жоқ
4.Шатырда 2 қызыл көгершін және 1 жасыл қарға отыр.Барлығы неше құс?
Құстардың мұндай түстері болмайды
5.Бөлмедегі адам қай уақытта бассыз болады?
Терезеден далаға басын шығарғанда
6.Жаңбыр жауып тұрғанда қарға қандай талға қонады?
Дымқыл
7.Жанар,Айбар,Қанат үшеуі мектептен келе жатып 10 теңге тауып алды.Егер Жанар жалғыз келе жатса неше теңге тауып алар еді?
10 тг
8.Барлығы: 2бас,2 қол,6 аяқ,ал жүргенде 4 аяқ.Бұл не?
Аттылы адам
9.Ағасы інісінен 5 жас үлкен.Қанша жылдан кейін ағасы інісінен 7 жас үлкен болады?
Ешқашанда
10.Ақпан айы келді.Бірінші бір алма ағашы,сосын 2 өрік ағашы гүлдеді.Неше ағаш гүлдеді?
Ақпан айында ағаш гүлдемейді
11.Шай тәп-тәтті болу үшін неше қасық тұз салу керек?
Тұздан ащы болады
12. 8 ағайынды ұлдардың бірден қарынждасы бар. Осы отбасында барлығы нещше бала бар?
9
13.Бір торда 3 қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда ол торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?
Бір оқушы тормен бірге алды
14. Қандай сандарды төңкерсе басқа санға өзгереді?
6,9
6 . «Сиқырлы фигуралар»
(2 минут уақыт беріледі.Толық тапқан топқа 3 ұпайдан)
-Қорытынды