7


Сочинение

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақстан Республикасы-бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы ти
предварительный просмотр материала

Адамгершілік тірбиесі де оқу сияқты

баланың әр салалы қызығушылықтары мен

адамгершілікті елестетулеріне негізделеді.


Иоганн Гербарт

Адамгершілік тәрбиесі- жеке тұлғаны

жан- жақты қалыптастыруы


Қазақстан Республикасы-бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады.

Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт, А.Н.Кочетов, А.С.Макаренко т.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан. А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілдік, сыпайлық, ізгілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде жан-жақты жаңа пікірлер айтты. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге,мұғалім оқушыларының тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты.

Ал, И.Г.Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты-мінез-құлықты, ізгілікті, жауапкершілікті қалыптастыру. Бұл тәрбие Гербардтың пікірінше негізінен оқу арқылы жүргізіледі. И.Г.Гербарттың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің мақсаты - мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие, баланың әр саналы қызығушылақтар мен адамгершілік елестетулеріне негізделіп оқу арқылы жүргізіледі.

И.Г.Пестолоции еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады.Кеңес педагогы А.С.Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға аса көңіл бөлген ғалым, педагог.

Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің белгісі ретінде қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов балаға адамгершілік тәрбие беруді оқу-тәрбие ісінде пайдалануға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша дәлелдеуге талпынды.

Осы кезекте Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де пікірлерін қарастырып өткен жөн. Спандияр Көбеев өз шығармаларында балалар үшін тәрбиелік мәні бар мәселелерді көтерді. Біреулерінде С.Көбеев қиын жағдайда адамдардың бір-біріне көмек беруі қажет екенін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үндесе, келесілерінде зорлықты, қатыгездікті әшкерелейді.

Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі тәрбиенің негізгі бағыттарын айқындау қиынға түседі. Әсіресе, бүгінгі күнде орын алатын ұлттық педагогика тұрғысынан жалпы тәрбиенің, оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін алып көрсету әлі де болса шешімін тапқан жоқ.

Адамгершілік сезімдерге ұнату мен ұнатпау, кұрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады.

Психологиялық зерттеулерде сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. «Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу - келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрі түсіндіріледі. Алуан түрлі сезім, қуаныш пен қайғы, ашу мен қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану» т.б. осындай сезімнің түрлері болады қоршаған ортасына байланысты болады. Оқушылардың тілдік қорларының жетілуімен олардың адамгершілік сезімдері мен санасының дамуында ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің мүмкіндігі мол. Адамгершілік сезімдері адамдардың бірлесе жасаған әрекеттері процесінде туып, дамиды да осы қоғамда қалыптасқан адамгершілік ережелеріне бағынады. Олар басқа адамдардың және адамның өзінің мінез-құлық әсерлерінен туады.

Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік - қоғамдық дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс.

Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз - ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі.

Тұжырымдай келе адамгершілік - адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар арасындағы қарым-қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие беру. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиесінің арқауы. Адамгершіліктің ең жоғары түрі - бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, сонымен қатар міндетін жауапкершілікпен орындау.

Тәрбие қоғамдық құбылыс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие процесінің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны әлеуметтендіріп, оның жағымды қасиеттерін дамыту, қоршаған ортадағы адамдармен тіл табысып, өзіне және басқаларға ыңғайлы болу болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібін, жағымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу отбасының және оқу орындарындағы тәрбиешінің функциясын атқаратын барлық қызметкерлердің негізгі мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты. Дегенмен бұл жерде отбасының да алатын ролі ерекше. Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша "Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды. Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады".

Дүние жүзінде, оның ішінде біздің отанымыз Қазақстанда, әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру барысында адамгершілік тәрбиесі - үзідіксіз жүргізілетін процесс. Ол адамның өмірге келген күнінен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұнын оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде отбасы мен мектептің орны ерекше. Өйткені бала туған күннен бастап ата-анасының аясында өсіп, өмірлік тәжірибесі қалыптаса бастайды. Бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны тәрбиелеумен қатар ана-аналарға тэлім-тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы, оларда орын алатын жағымсыз мінездерді қайта құру жолдары, оқыту мазмұнын балаларға толық меңгертудегі отбасының көмегі т.с.с. мәселелер бойынша көптеген проблемаларды түсіндіру мектеп қызметкерлеріне жүктеледі.

Отбасы адамзат баласының шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі, ұясы. Қай заманда болса да, үйелменнің адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Себебі, үйелмен мүшелерінің бір-біріне кісілік қарым-қатынас, эмоциялық сезімдері, ілтипат-ықыластары өмірінің жайымен, жанының табиғи бірлігіне, тұтастығына негізімен жақындық, үйелмен тәрбиесінің күші осында.

Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Отбасы ең алғашқы жастарды тәрбиелеу мұрасы, оның негізгі мақсаты балалар тәрбиесі. Әрбір отбасыда балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты. Біз бұл бөлімде отбасының бала тәрбиесіндегі алатын орнын және отбасы тәрбиесімен ұстаздар арасындағы байланыстарға тоқталамыз.

Үйелмен тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату-тәтті тұратын отбасында шаңырақ шаттығы-негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұйымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұрақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын қариялардың ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, әзіл-оспағы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше бір байлығы, әшекейлі көркі. Мұндай ортада өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады. Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қабілетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Арманшыл талапты жастарға мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер, негізінен, солар. А.С.Макаренко ата-аналарға арнаған бір сөзінде былай деген: "Сіздің мінез-құлқыңыз - жеткіншек тәрбиедегі бірден-бір шешуші құрал. Егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз-онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті жоқ. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен қалай әңгімелесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше". Ол өз еңбектерінде ата-аналар беделі туралы үлкен сөз көтеріп бала тәрбиесінде бұл беделдің алатын орнын көрсеткен.

Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалын көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.
Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, үйелмен, көше, ресми емес топтар т. с. с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін, әрине, біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті снпатынан келіп туады.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының (объективті) ішкі жағдайдың (субъективті) игілігіне айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдык мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы нақты орны, катынасы жәнс сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнің қалыптастырудың козғаушы күші деп саналатын бір-қатар қарама-қайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.
Сыртқы қарама-қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы коршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Көп жағдайда оқушы өз құрдастары мен ересектердің қоғамдық ережелерге қайшы келетін қылықтарының күәсі болады. Сыртқы қарама-қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы да жатады. Мысалы, үзіліс кезінде мектеп ішінде жүтірме деген талап қойылғанымен, бастауыш сынып оқушысы бұл талапты орындауға әлі дайын емес. Ішкі қарама-қайшылықтарға оқушының талабы мен оны орындауға мүмкіндігінің арақатынасы жатады. Адамның қоғамдық мәнінің дамуындағы негізгі көздерінің бірі қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Қарама-қайшылықтың әртүрлі сатыларынан өтіп, адамның қоғамдық мәні өз дамуында жаңа басқышқа көтеріледі, яғни жана сапаларға, күрделірек міндеттерді шешу дайындығына ие болады. Іс-әрекет пен тәртіптің жетілген тәсілдерін меңгереді.
Тәрбие процессі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді-өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық, мәнінің, өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын, оның рухани жан-дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні-адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды:
1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп, оқушылар тәрбиелілігінің деңгейін анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуді, нақты педагогикалық міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенің құралдары мен әдістерін таңдай білуді т. б. қажет етеді.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және ықпалдарға бөлудің, оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің, оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дұрыс қарым-қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің, оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасау бірлігінің болуын талап етеді.
3. Тәрбипелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ыкпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды, педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жагдайларда тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс ашықтауды және тәсілдерді қайта құруды т. б. талап етеді.
4. Қортынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жетккен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.
Тәрбие - бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.
1. Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайын байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономнкалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.
2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады.
Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Қарым-қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде тұлғаның бойында мінез-құлық қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т. б.) қалыптасады.
Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен толтырылған сауыт емес, ол шырақ, оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтымақтығымен тұтандыру керек. Демек жеткіншектер тек айналадағы дуниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.
3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты, іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т.б. жатады.
Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамдардың зара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір құбылысы, ол хабарламалық нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, қоршаған орта туралы, мол хабарламалармен байытып, ой-өрісін дамытады.
Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ, оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағымен реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық нормалардың көзі-идеология, қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық практикасы.
Қарым-қатынас - таным процессі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.
4. Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.
5. Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады.
Көрнекті педагогтар бұрынғы Кеңес одағының Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. Д. Сухомлинский және қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас -ұжымның даму процесі. Педагогикалық процесте ұжымның басты борышы - әрбір адамның түлеп өсуіне қамқоршы болуы тиіс. Тәрбиенің ерекшелігі, оның ұжымдық бағытта іске асырылуында, өйткені тәрбие екі жақты, бір текті процесс.
Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердің тәрбиешілер мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы шығармашылық ынтымақтас-тықтың шешуші шарттарының бірі болады. Сонымен тәрбие мазмұны қоғамның әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайын бейнелейтін міндеттерге тәуелді. Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ең алдымен олардың мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымының ерекшеліктерін еске алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен окушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы - Алматы: Қазақстан, 1994 ж.

2. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, Алматы: Мектеп, 1984-256 б

3. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. Педагогика - Астана. 1992 - 114 б.

4. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары - Алматы. 1961 - 772 б.

5. Макаренко А.С. «Мои педагогические воззрения». - Москва, 1960 - 286 б.

6. Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. Алматы, 1991-30 б.

7. Қабекенов Ғ. Адамгершілік және имандылық мәселелері. Ұлт тағлымы. 2001 ж. №3 96 бет

8. Қайыров И.А. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі - Алматы: Мектеп, 1988-345 б.

Тіл дамыту арқылы балаларды

адамгершілікке тәрбиелеу

Адамзат баласының ең негізгі мақсаты - дүниеге әкелген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Нәрестенің өмірге келген алғашқы күнінен бастап дұрыс тәрбие беріп, адамгершілікке, саналылыққа баулып өсірсеңіз, күндердің күнінде оның рақатын көріп, қуанышқа бөленеріңіз сөзсіз. Баланың бойына жақсы қасиеттер ең әуелі өз отбасынан дариды. Отбасынан басталған өнегелі тәрбие балабақша, мектеп қабырғасында тәрбиеші мен ұстаздардың ұлағатымен одан әрі жалғасады. Отбасында бала әуелі ана тілін үйренеді, сонан соң өзіне тән ар-ұят, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерге баулынады. Сондықтан ата-ананың өзара сыйласымдылығы, өзін-өзі ұстауы бала тәрбиесі үшін ауадай қажет. Бала бойында 5-7 жасқа дейін мінез бен тәрбие негізі қаланады. Дәл осы кезеңде кішкентай бүлдіршіндердің тіл дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударып, бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әр баланың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынас тілі нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.

Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы, ана тілі және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің кадрлары. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын терең игерген педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз-тәрбиешілердің жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шыңдауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.

Біздің балалар үйінде мектепке дейінгі балалардың топтарында бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени - гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалардың топтарында тәрбиемен бірге оқу-тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі. Бала тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды. Тәрбие жұмысын тәрбиеші-педагог мамандармен бірге логопед те бірлесе отырып жүргізсе, келешек ұрпақтың өнегелі де, білімді болары сөзсіз. Кішкентай бүлдіршіндерді өнерге, білімге баулып, тәрбиелеуге балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің, өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың маңызы өте зор. Өйткені, тәрбиешінің ертегіні әсерлеп айтып, балаға жеткізуі баланың сол ертегі бойынша түсінігі, қайталап айтып беруі оның тек сөздік қорын молайтып қана қоймай, ақыл-ойын жетілдіру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Бала жақсы кейіпкерлерге еліктейді, жаманнан жиренеді, жақсы болуға, еңбекқор, адал болуға үйренеді. Мысалы, Ы. Алтынсаринның «Әке мен бала», «Асыл шөп», А.Құнанбаевтың жыл мезгілдері туралы («Жаз», «Күз», «Қыс») өлеңдерінің, хайуанаттар жайындағы ертегі - әңгімелерінің бала көңілінен шығары сөзсіз. Балалар бұл шығармалар арқылы табиғатты, жан-жануарлардың адамға пайдалы екендігін түсінеді. Тәрбиешілер және логопед ертегі - әңгімелерді оқи отырып, балаларды достыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулиды. Осындай жұмыстардың өзінен тәрбиенің алғашқы баспалдағын көруге болады. Біз қазақ деген намысшыл, Отаншыл халықтың ұрпағымыз. Біздің бойымызда бостандықты аңсап, елім деп өткен ата - бабаларымыздың қаны бар. Сол арқылы қуат алып, ертеңге деген сенімімізді нығайта түсу - бүгінгі ұрпақ алдында тұрған міндет.Ол үшін Отанға, елге деген сүйіспеншілікпен әр адам бойына адамгершілік құндылықтарын жия білуі тиіс. Адамгершілік - ең жоғарғы құндылық.

Халқымыздың тұңғыш ағартушысы - Ы. Алтынсарин «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата-ана үлгісі» - деп мағыналы айтқан.

Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, парасаттылық, Отан сүйгіштік т.б. қасиеттер болу керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық, руханият, ізгілік мәселелерін қатар қоюмыз керек.

Бала құқығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық тәрбие, ұлттық тәрбие, рухани адамгершілік тәрбиесі - біздің ұжым қызметкерлерінің ықпалымен жүзеге асырылып жатыр.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал