7


  • Учителю
  • Еңбекке баулу Тақырыбы: Сабаннан құрамақ жасау. Ғарышкердің мүсінін жасау

Еңбекке баулу Тақырыбы: Сабаннан құрамақ жасау. Ғарышкердің мүсінін жасау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Еңбекке баулу





Сабақтың тақырыбы

Сабаннан құрамақ жасау. Ғарышкердің мүсінін жасау

Сабақтың жалпы мақсаты

1.) Оқушыларды қолданбалы өнер түрлерімен таныстырып сурет жасауды үйрету және олардың жеке басының қабілетіне байланысты шеберлігін арттыру.

2.) Оқушыларды қолданбалы өнер туралы білімдерін байытып, оларды еңбек сабағына қызықтырып, еңбекке

деген ынтасын арттыру және олардың ой - қиялдарын дамыту.

3.) Оқушыларды әр түрлі халық өнерін бағалауға, сыйлауға, жұмысты таза, ұқыпты істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа дағды мен ептілік меңгеру

Сабақта қолданатын әдістер:

Сабақ құрал - жабдығы: - сабаннан жасалған суреттер

Көрнекіліктер

Сабаннан жасалған бұйымдар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Тақтада жазылған: « Өнер түрі елде мол,

Өнім сыры жерде мол».

« Өнерлінің он саусағы тең,

Өнерсіздің бір саусағы кем»

Топқа бөлу

Гүлдердің түстеріне сай топтарға бөлініп отырады



Үй тапсырмасы

Сіздер қазақтың қолданбалы өнердің түрлерімен таныссыздар (оқушылар бірге кітап көрсетіп еске түсіру.)

Олар: - кестелеу,

- оюлап өрнектеу

- киіз басу

- сырмақ сыру

- кілем - алаша тоқу

- сүйек мүсіндеу

- зергерлік

- ағаш ою

- тас қашау

- теріден бұйымдар жасау т. с. с.

Сабаннан сурет жасаудың технологиялық тізбесі

1. Сабанның бұнақтарын кесіп алады

2. Сабанның тақияларын 1 - 1, 5 суға қайнатады

3. Қайнатылған таяқтарды тіліп үтіктейді

4. Таяқшаларды ПВА қолданып жұқа қағазға желімдеп, қайтадан үтіктейді

5. Суретті ақ және түсті қағаздарға түсіріп алады

Жұмысқа кірісер алдында қауіпсіздік жұмыс ережелерін еске түсіреді.

- қайшыны қалай беру керек?

- қайшыны қалай қолданады?

- үтікпен қалай жұмыс жасайды?

- жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек?

- адам алдында қайшы қалай жату керек?

Қызығушылықты ояту

Сабаннан жасалған бұйымдар туралы айту.Еңбекке баулу Тақырыбы: Сабаннан құрамақ жасау. Ғарышкердің мүсінін жасау

Жаңа сабақ

- Қазақ халқында бір өнер түрі болмаған ол - бейнелеу.

Не үшін? (Дін иелері тыйым салған)

- Әрине, қолданбалы өнер басқа елде де бар әр халықты өзінің ұлттық мәдениетіне, өміріне, тұрмыстық жағдайына тән қолданбалы өнер түрлері бар.



Халық шеберлерінің таңқаларлық тамаша шығармалары өте көп, олардың асқан дарынды, үлкен өнер иелері болғаны анық.

Ол шеберлер ғасырлар бойы үй тұрмысында қолданылатын әр түрлі бұйымдар жасап, оларды көркемдеп сәндеумен болған. Қиялға бай, үлкен талғаммен өрнектеліп істелінген сол бұйымдардың әдемілігіне, шебер жасалғанына қазір де қарап көз тоймайды (суреттерді көрсету - солар арасында Гжель, Хохлома...)



Мысалы, тәжік кілемдері, әзірбайжан кестелері, кубачи күміс ыдыстары, Гжельдің форфор бұйымдары, Палехтің кішкентай суреттері, т. с. с. бүкіл әлемге белгілі. Осындай қолданбалы өнердің бір түрі - сабаннан сурет жасау.



4. Сабаннан сурет жасаудың әр түрлі әдісі бар. Қазір үйренетін әдіс - ең қиыны - күрделі сурет жасауға мүмкіндік береді.



Сергіту сәті

Ал балалар тұрамыз, үлкен шеңбер құрамыз

Алға қарай бір адым, артқа қарай бір адым

Билеп, билеп аламыз орнымызды табамыз.

мытпай күнде су құям гүлге

Тұрады гүлім құлпыртып түрін



Үйде тұрып өсетін

Әкеп гүлдің көшетін

Топырақты салдым да

Отырғыздым қалбырға

Үйге тапсырма беру.

Жұмысты аяқтау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал