7


  • Учителю
  • Жуан айтылатын сөздер. Малдың төлін сүюі. Малды құрметтеу тақырыбына сабақ жоспары (1 сынып)

Жуан айтылатын сөздер. Малдың төлін сүюі. Малды құрметтеу тақырыбына сабақ жоспары (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жуан айтылатын сөздер. Малдың төлін сүюі. Малды құрметтеу.



Сабақтың мақсаты:



Білімділік. Жуан айтылатын сөздер туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын түсіндіру. Сөздерді сауатты жазуға үйрену.



Тәрбиелік. Төрт түлік туралы мағлұмат алу, түліктің адам өміріндегі маңызы, түлікті құрметтей білу.



Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау, өз бетімен жұмыс жасау, танымдық, тапқырлық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.



Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түртіп алу әдісі.



Көрнекіліктер: Слайдтар.



Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, амандасып алайық.

- Қайырлы күн!



ІІ. Психологиялық дайындық.

Жоғары қарап күнді көрдім,

Төмен қарап жерді көрдім,

Оңға қарап, солға қарап

Егеменді елді көрдім.



ІІІ. Өткенге шолу(үй жұмысы).

- Үйге қандай тапсырма берілді?

- «Бөрте лақ» мәнерлеп оқу. Жіңішке дауысты дыбыстарды жатқа айтып, мысал келтіру. Шығармашылық жұмысын толықтыру.

Ешкі жөнінде не білдік?

Ешкі төрт түліктің бірі. Ешкі өсімтал, жүрдек, шапшаң. Ешкі төзімсіз, қорқақ. Ешкі тез көбейеді. Ешкі былай жіктеледі: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке. Ешкіні шөре-шөре деп шақырады, шек-шек деп қайырады. Ешкіні көгендейді. Ешкіде топалаң, кебенек деген ауру болады.

Түліктердің аталарын қалай атайды және малдың төлдеуін не дейміз?



Поэзия баспалдағы:

Лақ..., ешкі..., лағым... .



ІV. Мағынаны тану. Оқулықты пайдаланып жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз: Жуан айтылатын сөздер. Малдың төлін сүюі. Төрт түлікті құрметтеу.



Оқулықпен жұмыс. 39-жаттығу.

Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай естіледі? Жуан ба, жіңішке ме?

Енді осыдан мынадай ереже шығады.



Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: қозы, лақ, құлын, бұзау.



Дәптермен жұмыс. Күнді жазу. Көркем жазу.

39 - жаттығу. Оқулықтан көшірейік

Ауылдың қойы бар

Қойы бардың тоны бар.



V.Сергіту сәті.



Енді оқушылар 44 беттегі «Малдың төлін сүюі» өлеңімен танысамыз. Өлеңді мұқият тыңдап отырайық, өздеріңе таныс емес сөз болса түртіп аласыңдар.

Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы. (Осы кезде слайдтан төрт түліктің суреттері шығады).



«Түртіп алу» бойынша түсініксіз сөздерді айту, мағынасын түсіндіру.

Жұрын - арық мал.

Бұл жерде арығым деген мағынада. Тұлпар болатын малды баптап, жаратады. Ол өскенде тұлпар болады деп мақтанады.

Малдар да өз төлдерін өте жақсы көреді екен. Олар төлдеріне сүйіспеншілік көзбен қарап, туғаннан бастап өз төлдерін баурына тартады. Олар басқа малдан өз төлін қызғанады.

Сен білесің бе?

Жаңа туған қозы тез тұрып, енесінің уызын еміп, тез жетіледі. Қоздағанынан соң бір-екі сағат бойы қой өз дауысын қозысының құлағына сіңіріп, үзбей маңырап тұрады. Өскенде де енесі маңырағанда қозы сол дауыспен оған жетіп барады. Енесі қозысының иісінен таниды, бөтен қозыны ембейді.

Шығармашылық тапсырма.

Малды құрметтеу. Өлеңді оқу, мазмұнын түсіну.

Шығармашылық жұмыс: Төрт түлік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

VI. Білгеніңді пайдалан (бекіту)

- Балалар, бүгінгі сабақта нені үйренгенімізді білу үшін екі нұсқада тапсырма берілген. Сызба арқылы малдың төлін қалай сүйетіндігін көрсетулерің керек, жуан дауыстылардың астын сызу.

І нұсқа.

Сиыр боташым

Жылқы момыным

Түйе қорқағым

Қой шұнағым

Ешкі жұрыным

ІІ нұсқа.

Жуан айтылатын сөздердің астын сыз.

Сиыр, қой, түйе, жылқы, ешкі.

Әр партаға карточка таратылып беріледі. Сызба арқылы оқушылар байланыстырады.

VII. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. 40 - жаттығу жазу, шығармашылық жұмысты жалғастыру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал