7


Көктем Аруы! 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

14.03.2015

Сыныптан тыс сағат

Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы, Көктем Аруы! 1 сынып

«№ 7 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Иманбаева Женискул Көшербаевна

«Көктем аруы!» атты қыз сыны байқауы

Байқаудың мақсаты:

- Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.

- Әр қыз баланы парасатты, жан - жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.

- қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту. Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар! Ару апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекелері « 8 - Наурыз»

халықаралық әйелдер күнімен және «Амал келді- жыл келді» демекші Амал мерекесі мен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгін біздің ауылда дүбірлі той,

Ден қойып, тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.



Құрметті қонақтар, «Көктем аруы!» атты байқауға қош келдіңіздер!

Аруларымызды ортаға шақырмас бұрын, әділқазылар алқасын тағайындайық. Әділқазылар арулардың сұраққа жауабы, тапсырманы орындауы киім үлгілері, өнеріне жеке-жеке баға беріп отырады.



Тіл байланып қалатындай көргенде,

Сұлулықты соған ғана берген бе! Кімде болса бас иеді мойындап,

Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушы қыздарымызға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортаға шақырайық.

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық.



Өнер сүйер қауым бүгінгі байқауымыз 6 турдан тұрады.

  1. «Сәлем-сөздің анасы» (өзін -өзі таныстыру)

  2. «Жүректен шыққан жылы сөз» (барша жұртты құттықтау)

  3. «Жүйрік болсаң тауып көр» (сұрақ- жауап)

  4. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)

  5. «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)

  6. «Ас-адамның арқауы!» (тағам дайындау)

Жүргізуші: Әдеппенен, ізетпенен, танысуға, тайсалмастан сахнаға қыздар шықты. Олай болса, өзін-өзі таныстыру сайысын бастаймыз.

Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы - әдепті де әдемі

Қазақ қызы - ақылына көркі сай

Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі

1.«Сәлем-сөздің анасы» (өзін -өзі таныстыру)

2.«Жүректен шыққан жылы сөз» (барша жұртты құттықтау)

3.«Жүйрік болсаң тауып көр» (сұрақ- жауап)



Болады қыздың аты затына сай,

Ниет етсең болуға өнерге бай.

Артық емес, үйрен де жирен деген,

Бос қалып, бұл өмірде жүрмесін жай.



Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ - жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты

Ал сайыскерлер сұраққа қалайсыздар, қазіргі заманғы ару заман талабына сай өте білімді болуы керек

1-ші сайыскерге сұрақ.

Біздің елордамыз қалай аталады? (Астана қаласы)

Бір аптада неше күн бар? (жеті күн бар)

Дыбыс нешеге бөлінеді? (2,дауысты,дауыссыз)

2-ші сайыскерге сұрақ?

Заттың атын білдіретін сөздердің сұрағын ата? (Кім?,кімдер?,не?,нелер?)

Қыс, жаз, күз, көктемді бір сөзбен қалай айтуға болады? (жыл мезгілдері)

Жуан дауысты дыбыстарды ата? (а,о,ұ,ы)

3-ші сайыскерге сұрақ.

Қазақстан республикасының президентін ата? (Н.Ә. Назарбаев)

Аспанда қанша күн бар? (1)

Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?(ә,ө,ү,і,е)

4-ші сайыскерге сұрақ.

Біздің отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

Қызанақ, кияр, картоп жеміс пе әлде көкөніс пе? (көкөністер)

Нүкте не үшін қойылады? (сөйем толық аяқталғанда)

5- ші сайыскерге сұрақ.

Тасымал дегеніміз не? (Жолға сыймай қалған сөздерді буындап жазу,тасымал жаңа жолдан дауыссыз дыбыстан басталады)

Кесе, табақ, шәйнек, қазанды бір сөзбен қалай атауға болады? (ыдыстар)

Анаңның шешесі саған кім болады?(нағашы әже)

6- шы сайыскерге сұрақ.

Қазақстан Республикасының рәміздерін аташы? (Ту, Елтаңба, Әнұран)

Бағдаршамда қанша көз бар? (үш)

Бас әріппен басталатын сөздер?(Жер-су,кісі,жануарлар аттары)



Байқауға қатысушы қыздар сұрақтарға жауап береді.



Әділқазылардың бағасынан кейін байқаудың «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі бойынша аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады.

Шебер қыздар көрме жайса,

Он саусағы майысып.

Тігін тігер, тоқу тоқып,

Бәрі іскер, бәрі ұста



4.«Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)

.Жүргізуші:

Көйлек киіп әдемі,

Тамсандырам елімді.

Түрлі-түсті сән көйлек,

Көз тартады не керек- демекші, келесі кезекте «Сұлулықтың сыры» тақырыбындағы сән үлгісін тамашалаңыздар.





5. «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,-

байқаудың «Көктем -жаз 2015» арналған киім үлгілерін көрсетеді.



6.«Ас-адамның арқауы!» (тағам дайындау)



-Қазылар алқасы оз қорытындысын айтқанша алдарыңызда 1 «Г» сыныбының оқушыларының «Жеті лақ» ертегісін тамашалаңыздар!

Келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына сөз беріледі . Сайысқа қатысқан аруларға:

«Өнерлі қыз», «Биші қыз», «Көрікті қыз», «Ақылды қыз», «Сүйкімді қыз», «Білімді қыз»,«Көктем Аруы 2015- бас жүлде» атты номинациялары бойынша жүлделер берілді.

Жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық!

Ардақты аналар, апалар, мейрамдарыңыз құтты болсын!



















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал