7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары: С.Кенжеғұлов «Ахмет мерген»

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары: С.Кенжеғұлов «Ахмет мерген»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: С.Кенжеғұлов «Ахмет мерген».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тарихтың есте сақталуының адамзат үшін маңызды екенін ұғынуға жағдай туғызу, мәтін мазмұнын тарау тақырыбына байланыстыра отырып, оның идеясын ашуға жағдай туғызу;

Дамытушылық: Белсенділіктерін арттыра отырып, сұлулықты сезіне білуге және адамгершілік қасиеттерін бағалай білуге және сөздің қорын дамыту. Тәрбиелік: Туған жердің табиғатын аялауға, үлкеннің ақылын тыңдауға, төзімділікке, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдерме балалар!

Оқушыларды түгендеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Құрал-жабдықтарын тексеру.

Психологиялық дайындық.

- Балалар, кімнің көңіл күйі өте жақсы? (орнынан тұрып үш рет шапалақтау)

- Ал, кімнің көңіл күйі нашар? (орнынан тұрып екі рет шапалақтау)

- Кім сабаққа дайын? (орнынан тұрып бір рет шапалақтау)

-Жарайсыңдар! Бүгінгі сабаққа барлықтарың дайындалып келіпсіңдер.

II. Өткен сабақты пысықтау:

-Өткен сабақта қандай тақырып өттіңдер?

-«Жайық пен Ертіс» өлеңінің атворы кім?

-Бұл өзендер туралы не білеміз?

ІІІ.Жаңа сабақ:

Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, мерген сөзін қалай түсінесіңдер?









Оқушылар айтқан сөздерін топтау сызбасына түсіру.

  • Мергендік не үшін керек?

  • Адам қалай мерген болады?

  • Мерген болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Сұрақтарға берілген жауаптар бойынша қорытындылау.

  • Балалар, бүгін сабақта біз мерген де, көреген де болайық.

Тақтаға «Нысана дөңгелегін» ілу.

  • Біздің тақтамызда нысана дөңгелегі тұр.

  • Сендерге бір мәселе айтайын. Аю ормандағы омарташының балын күнде жеп кетеді екен. Ол күнде келеді. Омарташы не істерін білмейді.

  • Омарташыға қалай көмектесесіңдер? Ескерту: егер сұрақтағы мәселе оң шешімін тапса, жауаптарың нысана дөңгелегіндегі 9 бен 10-ға түседі. Егер мәселе теріс шешілсе, 2 және 3-ке түседі.

Әр топ ақылдасып, «Жедел жәрдем» операциясын құру. Жұмыс шығармашылық жағынан тапқырлықты керек ететіндіктен, оқушылар жұмыс формасындағы еркіндікті сезінуі керек. Дегенмен, оқушылардында плакат, маркерлері болғаны жөн.

Тақтада алдын ала кесте сызулы тұрады. Оқушылардың сөздері кестеге жазылады.

Мәселенің:







Мысалы: 1 топ - аюды атып алу керек

2 топ - аулап ұстап алу.

3 топ - ұстап алы, зообаққа өткізу керек немесе ұйықтататын оқпен атып қорқытып қойса, ешқашан келмейді.

Мағынаны тану.

- Ал, балалар енді «Ахмет мерген» мәтінін оқып көрейік.

Сұрақтар:

- Бұл өңірде қандай аюлар өмір сүреді екен?

- Ахмет қарттың туған жерін қалай білетіні туралы не айтуға болады?

Дәлелдеу.

Қарттың жан-жануарға жанашырлығы қалай байқалады?

- Осы оқыған бөлімде оқиға бірден басталып кетті ме?

- Ахметтің мына сөзіне қандай мақал-мәтел табар едіңдер: «Атпағаның дұрыс болған. Өлтіре алмасаң, өзіңді мерті қылды.»

Ары қарай оқу. Оқу кезінде:

- Үзіндіге ат қою.

- Аюдың әрекетін жазушы қалай суреттегенін тауып оқу.

Мәселенің шешімін сабақ басындағы «Балалар шешімі» кестесін толтыру.

- Ақаңның шешімін қалай бағалайсыңдар?

- Табиғатқа, аюға зиянды жағы барма?

- Енді өз шешімдеріңді салыстыр. кестеге толтыру.

- Егер оған дене жарақатынг салса, аю қандай зиян жасауы мүмкін?

- Ахмет қандай адам?

Ахмет мерген десе де, атуға бейім адам емес, керісінше табиғатқа жанашырлық сезіммен қарайтын адам екенін мәтін идеясын ашуға болады.

Сөздікпен жұмыс:

Абыржу -мазасыздану

Кендір -арқаннан жіңішке, мықты жіп түрі

Дөңбек -жуан ағаш кесіндісі

Құланиектену -таң ата бастау

Әлет -жердің атауы.

V.Қорытынды:

Нысана дөңгелегіне қарап оқушылардың жауаптарын қорытындылау.

-Біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Мәтін не туралы?

-Еліміздің қай аймағында аюлар кездеседі?

VI.Үйге тапсырма:

1.Мәтінді түсініп оқу.

2. Әңгімедегі жер, су аттары мен аюлар мекені болған Тарбағатай тауы туралы «Тарбағатай табиғаты» атты шағын ойтолғау жазу.

VІI. Бағалау.

Рахмет, ұнадыңдар балалар,

Құштарсыңдар білімге.

Аяқтап мен сабақты,

Рахмет айтам сендерге!





Мұғалім:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал