7


  • Учителю
  • ӘДебиеттік оқу Ер Тарғын жырынан үзінді

ӘДебиеттік оқу Ер Тарғын жырынан үзінді

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Әдебиеттік оқу

4 сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы

Батырлар жыры. Жекпе-жек «Ер Тарғын» жырынан үзінді

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Балаларды көркем сөздің шынайы үлгісімен таныстыру мақсатында қазақтың асыл мұрасы - халық ауыз әдебиеті үлгілері жайлы анықтама беріп, әдебиет теориясынан қарапайым түсініктер беру; Халық ауыз әдебиетінің бір түрі батырлар жырымен таныстыра отырып, өзінше жазылу ережелері болатындығы жайлы, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; балалардың өзіндік жұмыс істеуіне, өмірімен байланыстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру.


Күтілетін нәтиже

Жырдағы негізгі ойды анықтай алады ,жазылу ережесін білетін болады.Оқушы өзін -өзі реттейді. Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасады.


Негізгі идеялар

Түрлі тапсырмалар орындауда топтық жұмысқа қалыптастыру, еркіндік атмосферасын құру, оқытудың жаңа тәсілдерін оқыту үдерісінің тәжірибесіне енгізу.

Тапсырмалар

Диалогтық оқыту,пайым,ұтқырлық,тәртіп, зерттеу әдістері,АКТ

Салыстырулар мен сипаттаулар, «Идеал тапсырма»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Топтық жұмыс

III. Ой ашар

ІV.Мағынаны тану

Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Сендер бұл бөлімде ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысасыңдар. Ауыз әдебиетінің түрлері көп, олардың ерекшелігіде әр түрлі.

Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесіңдер ме?


ертегі


айтыс

аңыз


Батырлар жыры


Бесік жыры

жаңылтпаш

Батырлар жыры - еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.


Оқулықпен жұмыс.

Түртіп алу әдісі арқылы сөздікпен жұмыс жүргізіледі

Жырды түсініп, іштей ,тізбектей, жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұм-с

Сөздік жұмысын жүргізу:

«Пәрмен - бұл жерде: көмек.

Тобасы - бұл жерде: тілегі

Көңіліне қайғы бітеді - қатты қамықты, түңілді.»

3. Жұптық жұмыс:

  1. сұрақ - жауап: «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың?

  2. талдау: Осы үзіндіні мазмұны жағынан неше бөлікке бөлер едің?

(Жаудың келуі, Ұрысқа шақыру, Жекпе - жек.)

Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?

  1. Шығармашылық жұмыс: Өлең жолдарын жырға қарап толықтырып жаз.

Толықсып келген қалмақты, Толғап Тарғын салады.

Домбауыл барып құлады, Туы қолдан сұлады.

V.Сергіту сәті

ҮІ. Топтық жұмыс:1. Ер Тарғынды және Домбауылды суреттейтін жолдарды тауып оқы. Екеуін салыстырып айт.

VІI. Рефлексия. Кері байланыс

-Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік?


Кейінгі тапсырмалар

Батырлар жыры жайлы мәліметтер жинастыру

Кейінгі оқу

Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу сурет салу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал