7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары С. Торайғыров Кедей (3 сынып)

Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары С. Торайғыров Кедей (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный ауылы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

3- деңгей бойынша сертификатталған І санатты бастауыш сынып мұғалімі: Бейбитова Тулпан Маратқызы



Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарыСабақ Әдебиеттік оқу

С.Торайғыров «Кедей»

Мектеп: Подстепный қазақ ЖОББМ

Күні

Мұғалімнің есімі: Бейбитова Т.М.

Сынып 3 ә



Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқып үйрену.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Өлеңді мәнерлеп оқи алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Өлеңге сүйеніп, кедейдің тұрмысын, өмірін әңгімелей алады.

Кейбір оқушылар:

Ақын суреттеген кедейдің тұрмысын қазіргі кезбен салыстырып әңгімелеп, өз ойларын жеткізеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Өз ойын жеткізе алады, мәнерлеп оқиды, салыстыра алады. ... (істей алады)

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:

Ызғар шашып, итпен бірге қой күзетіп, кірсіз киім, қараңғы түн.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: (тыңдалым)

Кедейлік, аштық мүлде болмас үшін не істеуге болады? ... , Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім... Сен қалай ойлайсың?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (айтылым)

Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?... Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім...

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Кедей - бедняк - poor (орысша, ағылшынша)



Алдыңғы оқу

Б.Майлин «Күлпаш»

  1. Мәтінді толық әңгімелеп сипаттайды.

  2. Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап береді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер)

Оқу үшін бағалау

Ресурстар

Басталуы

І Кіріспе

Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу)

Тренинг: « Бәріңе сәттілік тілеймін!»

Сабаққа дайындығын тексеру, өлең атауларына сай топқа бөлу.

(Әр өлең жолдарынан қысқа үзінді беру, оқу)

І топ: «Оқып жүрген жастарға»

Үмітпен жоқ қуған

Талабы алда баламыз.

Басқалар жоғын тапқанда

Біздер қайтіп қаламыз.

ІІ топ: «Шәкірт ойы»

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам

Қараңғылықтың көгіне

Күн болмағанда, кім болам?

ІІІ топ: «Шығамын тірі болсам адам болып»

Шығамын тірі болсам адам болып,

Жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып.

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,

Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

(Сабақ аяқталуында осы өлең жолдарына қайта оралып, хормен оқыту, мазмұнын сұрау)

Өткенді қайталау.

«Коктейль таяқшасы»

Б.Майлин «Күлпаш» әңгімесі өзара жұпта, топта әңгімелеп, талқылау.



Жаңа сабаққа кіріспе.

Сөзжұмбақ: « Кедей»

  1. Қали баланың анасының есімі кім? (Күлпаш )

  2. «Күлпаш» мәтінінің авторы кім? (Бейімбет)

  3. Мақтымның мойнында не бар? (дорба )

  4. 1930-1932 жж. Қазақ халқының қанша миллионы аштықтан қырылған еді? (екі)

  5. Анасының басқа жамылған шәлісі не деп аталады? (бөкебай)

Сабақ мақсаты мен табыс критерийін бірге анықтау.





Мұғалімнің амандасуы







«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

Табыс критерийі:

1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқи алу;

2. Өлеңге сүйеніп, кедейдің тұрмысын, өмірін әңгімелей алу.

3. Ақын суреттеген кедейдің тұрмысын қазіргі кезбен салыстырып әңгімелеп, өз ойларын жеткізу.











Сұрақтарға жауап береді.



















Сөзжұмбақ.











Ортасы

ІІІ.Жаңа сабақ:1.Суреттер топтамасын пайдаланып Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен танысу.

Сүйемін туған тілім - ана тілін

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары С. Торайғыров Кедей (3 сынып)С. Торайғыров 1893ж. 28 қазанда қазіргі Көкшетау облысы, Қызылту ауданында дүниеге келген. Ақынның әкесі- Шоқпыт ( шын аты-Әбубәкір) кедей, момын шаруа болған. Арғы атасы -Торайғыр би ел аузында аты аңызға айналған, көптеген шешендік, билік сөздері халық жадында сақталған адам. Орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып хат таныса, кейін Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларынан білім алған. «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» поэмалары, көптеген өлеңдері, «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары бар. 1920 жылы 21 мамыр күні 27 жасында дүниеден өтеді. С.Торайғыровтың шығармаларыӨлеңдері

Поэмалары

Прозасы

«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Оқу», «Бұлар кім»

«Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы»

«Қамар сұлу», «Кім жазықты?», «Ауырмай есімнен жаңылғаным»

Топтастыру: Жазушы Ақын

С.Торайғыров

Ағартушы Шыншыл Ел қамқоршысы

Ендеше бүгінгі сабақта С.Торайғыровтың «Кедей» поэмасынан үзінді өтеміз.

  1. «Кедей» поэмасымен таныстыру.

«Кедей» поэмасы 1919 жылы шыққан екен. Бұл поэма 10 бөлімнен тұрады.

1-бөлім Қызметі, аянышты халі

2-бөлім Қаладағы жебелер

3-бөлім Үмітсіздік

4-бөлім Өзін мырзалармен салыстыру

5-бөлім Қорытынды

6-бөлім Рухани қысымшы

7-бөлім Адамның қасиеті һәм бақытқа табыну

8-бөлім Байлық-ұрлық -зорлықтың жемесі

9- бөлім Жақыннан айырылған күйік

10 -бөлім Бақытқа жететін оңай жол

  1. Оқулықпен жұмыс

1. Өлеңді түсініп оқы. Жеке оқу.

2. Жұпта оқып, талқыла."Көршіңе әңгімелеп бер" әдісімен өлеңнің мазмұнын меңгеру.

3. Топта талқылау. Тапсырма:

1 топ. Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?

2 топ. Кедей деп кімдерді атаған?

3 топ. Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнелеген?

Сергіту сәті.



Дәптермен жұмыс.

Өлеңнен кедейдің аянышты кейпін бейнелейтін сөздерді теріп жаз.

Сөздік тіркес: ызғарлы түн, жалғыздық, жаурағаны сонша, бүтін киімі жоқ, қой күзетті.

Сөздік жұмысы:

Кедей - бедняк - poor

Топтық жұмыс. "Ойлан - жұптас - бөліс»

Ақын суреттеген кедейдің тұрмысын қазіргі біздің тұрмысымызбен салыстырып, өз пікірімізді дәлелдейміз. / ауызша /



1 топ

2 топ

Қазір кедей адам жоқ.

Қазіргі кезде де кедей адамдар бар.





3 топ:

Аштық,кедейлік болмас үшін не істеуге болады?



Ақын өлеңдеріне қайта оралу, оқыту, талдау

І топ: ІІ топ: ІІІ топ:



























































































Оқушылар өз беттерімен оқып танысады.

Жұпта, топта талқылайды.













«Оқушының бастапқы және соңғы деңгейлері арасында байланыс орнату» идеясына сәйкес



Оқушы ойын дәлелдейді.



Бағалау критерийі:

1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

А) өлеңнің мазмұнын толық түсініп оқыдым

4 ұпай

Ә) өлеңнің мазмұнын толық түсінбедім 1 ұпай

2. Берілген тапсырмаларды толық орындау

А) Тапсырмаларды толық орындап, топқа өз үлесімді қоса алдым.

3 ұпай.

Ә) Тапсырмаларды көршімнің және топтың көмегі арқылы орындадым. 1 ұпай

Оқулық 96-бет



Мазмұнды сурет, портрет

(слайд)



АКТ мүмкіндігімен портрет көрсету арқылы ой қозғау, визуалдандыру



Аяқталуы

Венн диаграммасы арқылы екі мәтінді салыстыруБ.Майлин «Күлпаш»

Ұқсастығы

С.Торайғыров «Кедей»







«Сөздер банкісі» сабақты қорытындылау.

-Бүгін қандай шығармамен таныстық?

- Авторы туралы не білдің?

-Өлең не туралы?

-Өлеңнен қандай ой түйдің

- Жалпы өмірде кедейлер бар ма?

- Кедейлікке жол бермей, сабақты дұрыс оқып, адал еңбек етуге жұмыстану.

Бағалау.

Үйге: өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. 96-бет





Табыс критерийі:

1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқи алдым;

2. Өлеңге сүйеніп, кедейдің тұрмысын, өмірін әңгімелей алдым.

3. Ақын суреттеген кедейдің тұрмысын қазіргі кезбен салыстырып әңгімелеп, өз ойымды жеткізіп дәлелдей алдым.







Кері байланыс парағы: «Қосу - алу - қызық»



Қосымша ақпарат









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал