7


  • Учителю
  • Открытый урок по әдебиеттік оқу на тему Тарауды қайталау

Открытый урок по әдебиеттік оқу на тему Тарауды қайталау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу 3-сынып ҚМЖҰйымдастыру

Психологиялық дайындық

Сәлемдесу. Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

Топқа бөлу. (Фигуралар арқылы: Құлыншақтар, Ботақандар).

Топ мүшелері бағалау парақшасы арқылы бір-бірін бағалайды.

Үй тапсырмасын тексеру: Абайдың «Жазғытұры» өлеңін жатқа оқу.

Қызығушылықты ояту

  • Балалар бүгінгі сабақта бізге қонақтар келіп отыр. Олардың сендерге әкелген тапсырмалары бар екен. Сол тапсырмаларды бір-біріңмен ақылдасып орындайсыңдар. Келістік пе? Ендеше бүгінгі тақырыпты анықтау үшін сөзжұмбақ шешейік:

  1. Біріккен ұлттар ұйымының шешімі бойынша 1-сәуір қандай күн? (Құстар)

  2. Жазғытұры өлеңінің авторы кім? (Абай)

  3. Қазақстанда бұл құстың он үш түрі мекендейді. (Бозторғай)

  4. Түйенің төлі (бота)

  5. Абайдың анасы (Ұлжан)

  6. Құс атымен аталатын адам аты (Бұлбұл)

  7. Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес ертегісі қай халықтың ертегісі? (Африка)

  8. Сол ертегідегі Ананси баласы кім? (Интикума)

Қолдану

  • Балалар қандай құс түрлерін білесіңдер? Ал, біздің жаққа көктемде қандай құстар ұшып келеді? Дұрыс айтасыңдар. Міне, көктем де келіп қалды. Сол құстар сендерге әртүрлі тапсырма ала келіпті. Сол тапсырмаларды орындайық.

1-тапсырма. «Бүршік» мәтініне берілген жоспарды ретімен орналастыр:

  1. Бүршіктің қуанышы.

  2. Жалғыздық

  3. Жарық дүние.

Енді берілген мәтінді осы жоспар бойынша орналастырыңдар.

2-тапсырма. Төрт түліктің жаңа туған төлдерін атап жаз.3-тапсырма. Т. Молдағалиевтің «Көл» өлеңіндегі теңеу сөздерді теріп жаз.

Сергіту сәті.

4-тапсырма. Самал жел туралы «бес жолды өлең» құрастыр.

  • Самал жел

  • Салқын, киіздей сірескен

  • Сырғыды, желпіді, тербеді.

  • Самал жел бауырлай сырғыды.

  • Жылы жел

5-тапсырма. Тест жұмысы.

Тест жұмысы

  1. Қай сипаттау дұрыс? Түсіндір.

  1. Бүршік жарды, бүршік туды, бүршік атты.

  2. Гүл жарды, гүл атты, гүл бүршіктеді, гүл пісті.

  3. Алма атты, алма пісті, алма жарды.

  1. Қандай көл болмайды?

  1. Алакөл, Ыстықкөл.

  2. Жасанды көл

  3. Жаңбыр суы тамбаған көл.

3. Мына пікірлердің қайсысы дұрыс деп ойлайсың? (Бозторғай туралы оқығаныңды есіңе түсір)

  1. Бозторғай артық жұмыртқасын «садақа» ретінде ұясынан шығарып тастайды;

  2. Бозторғай денесі кішкентай болғандықтан, басқан кезде астына сыймаған жұмыртқалараны еріксіз шығарып тастауға мәжбүр болады.

4. Патша: «Ең жақсысы - үйдің дөдегесі мен бөренесіне салған ұя» деген кезде патшаның алдында қандай құс қалды?

  1. Қарға

  2. Жарғанат пен тоқылдақ

  3. Қарлығаш

5. «Таза бұлақ» әңгімесінің авторы кім?

  1. Құл-Керім Елемес

  2. Ыбырай Алтынсарин

  3. Құрманбай Толыбаев

6-тапсырма. Жұмбақтарды шеш:

  • Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жүретұғын жолы жоқ.

Мінезі де жеңілтек, Тіл алмайтын бір тентек.

Шөпшілердің шөбін шашты, Қалпағымды ала қашты (Жел)

  • Күнге бұрып маңдайды,Күннен көзін алмайды. (күнбағыс)

  • Суда қандай тас жоқ? (құрғақ)

  • Үйректер қай жерден жүзеді? (Жағада)

  • Тақиям толған сөк, таңертен тұрсам жоқ. (жұлдыз)

  • Жылт, жылт еткен, жылғадан өткен. (су)

  • Ақ жібек асыл көрпедей, Қыс болса жерді жабады.

Жазғытұрым болғанда, Су болып сайға ағады. (қар)

  • Торғын көкте қара құс, Ағылып ұшып барады.

Қағып екі қанатын, Күннің көзін жабады. (бұлт)

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру үшін, тараудағы өлеңді есіңе түсір. Дәптеріңе жаз.

(Неге?) қорада шу.

(Нелер?) сайда ду-ду.

(Қалай?) ағады су.

Сабақты қорытынды

Лау

  • Қандай тарауды аяқтадық? Ол тарау не туралы? Қандай әңгіме, өлеңдер оқыдық? Бүршік әңгімесінің авторы кім? (Бекболат Әдет)

Рефлексия

Бүгінгі жұмысты бағалау. Бағалау парақшасы

Үйге тапсырма

«Көктем» тақырыбында эссе жазу.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал