7


  • Учителю
  • урок казахского языка 2 класс

урок казахского языка 2 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Жемістер, көкөністер.Сабақтың мақсаты: 1 Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.                         2 Сөздік қорын байыту. Өзіндік даму қажеттілігін  арттыру.                         3 Танымдық мүдделерін арттыру.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Көрнекі
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жемістер, көкөністер.

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.

2 Сөздік қорын байыту. Өзіндік даму қажеттілігін арттыру.

3 Танымдық мүдделерін арттыру.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Көрнекіліктер: Күз мезгілінің суреті, қосымша карточкалар, тақырыптық суреттер.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі

Сабақтың түрі: қайталау


Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқып беру, тізбектеп оқыту, аударма, сұрақ - жауап, түсініктерін баяндау, ойландыру

І. Ұйымдастыру кезеңі:

сабаққа даярлығын тексеру.

Сәлемдесу

Амансыз ба, күн ана!

Амансыз ба, жер ата!

Амансыз ба, достарым!

Сәлеметсіз бе, мұғалім!

Сәлеметсіз бе, қонақтар!

3 минут қосымша кітаптарды оқу. (Ызыңдап оқу)

Кезекшілермен әңгімелесу

Фонетикалық жаттығуларды орындау

Кү-кү-күз ін-ін киін

Жа-жа-жаңбыр ға-ға ағаш

Құ-құ-құстар жү-жү-жүзім

Қа-қа-қазан

Жұмбақ жасыру

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып.

Дала сұры қашады.

Айтыңдаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

(Күзде)

-Бүгін біз күз туралы әңгімелесеміз (Күз туралы суретті тақтаға ілу)

Дәптерлерге күнді жазу

Әріп диктант жазу

Ө, ә, і, ұ, ү, ғ, қ, ң, һ

Әр әріпке сөздер келтіреміз Мысалы: ү-үй

Сөздік диктант жазу

Күз, құстар, жапырақтар, қазан, қараша, жемістер, көкөністер.

1 Мәнерлеп оқу

2 Тән дыбыстардың астын сызу.

3 Жуан, жіңішке буынды сөздерге бөлу.

Сөздерді пайдалана отырып, күз туралы сөйлемдер құрастыру. Тақтаға жазу.

Жұмбақ жасыру

Түсі қызыл , сары болады.

Ағашта өседі

піскен кезде түсіп кетеді (Алма)

Алмалар ағашта өседі Олардың түстері қызыл, сары, жасыл болады. Алмалар дәрумендерге өте бай. Сондықтан оны көп жесеңдер деңдерің сау болады. Әсіресе, қыстыгүні тұмауға қарсы адамға көп дәрумендер керек.

  • Алмалар қайда өседі? (Ағашта)

Сергіту сәтін жасау.

Мәтін бойынша жұмыс Мәнерлеп оқу.

Сұрақтарға жауап беру

1 Күз айлары қандай?

2 Күз туралы өлеңдерді айту.

3Қандай жемістерді білесіңдер?

4 Көкөністерді ата

Диалог құрастыру. Тақтаға шығып айту.

«Кім тез?» ойын жүргізу.

Бақта ( в саду)

Бақшада(в огороде)

Шие, кияр, орамжапырақ, алмұрт, картоп, жүзім, кызанақ, пияз.

Сөздерді екі бағанаға бөлу.

Ойын «Орамал» Сөздерді қайталау

Сабақты бекіту

  • Бүгін сабақта қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?

Сөзжұмбақты шешу

Жемістер

Анар

Қарбыз

Сәбіз

қЫзанақ

-Бүгін жақсы жұмыс істедіңдер!

Баға қою.

Қоштасу.

Пеньково орта мектебі


Жемістер, көкөністер

2 сынып

Қазақ тілі


Мұғалім: Жунусова Жулдыз Маратовна

2014 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал