- Учителю
- 'Көк кептер' ашық сабақ
'Көк кептер' ашық сабақ
Сабақ жоспары
Мерзімі: 18. 02. 2015 жыл
Уақыты: 13:15-14:00
Сыныбы: 2 «Ә»
Пән атауы: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Көк кептер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: мәтінге түсінік бере отырып, оқуға, кейіпкердің іс-әрекетінің мәнін ашуға үйрету, оқырмандық көз қарасын қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: шығармаға байланыстыра отырып балаларды адамгершілік қасиеттерді тани білуге, адал достыққа баулу, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1.Топта өз ойларын айта білуге үйрену
2. Досыңа адал болуды, құстарды қорғауға тәрбиелеу
3.Жүйелі сөйлеп, ойын еркін айта білуге машықтану.
Стратегиялық іс-әрекеттер: 1.Шаттық шеңбер. 2.Автор орындығы. 3.Пазл. 4."Кір жаю" әдісі. 5. Ой қозғау. 6.Диктор. 7.Сергіту сәті. 8.Топтық жұмыс. 9. Гауһарлар иерархиасы. 10.Әткеншек. 11. Ақылдың алты қалпағы. 12. Бағалау.
Уақыт өлшемі
Сабақ кезеңдері
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
3 мин.
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
«Шаттық шеңбер»
Мақсаты:сабаққа дайындығын білу.
Психологиялық ахуалды жақсартады. «Шаттық шеңбер» тренингі арқылы әрекет жасайды. Сыныптың белсенділігін арттырады.
Қол ұстасып, шеңбер құрады. Бір-біріне амандасып, жақсы тілектерін айтады. Көңіл-күйлері көтеріледі.
2 мин.
Топтастыру «Бағдаршам» әдісі
Оқушыларға Қызыл,Сары,Жасыл
Түсті қима қағаздар таратады.
Оқушылар алған түстері бойынша орындарына жайғасады.
10мин.
Үй жұмысын пысықтау:
Білгендерін сұрау
Қорыту:
Ал балалар үйге қандай тапсырма берілді? Дайынбыз ба?
Ондай болса:
1топ. Пазл
2 топ. Автор орындығы
3топ. «Кір жаю» әдісі бойынша қортындылайды.
Бір оқушы бастайды тоқтаған жерден келесі оқушы жалғастыра береді.
Ортаға орындық қоямыз автор өзінің жазған шығармасын сол орындыққа отырып оқиды.
Киім таңдап алып соның артындағы сұрақтарға жауап береді.
2 мин.
Жаңа сабақ:
Ой қозғау
Сөз жұмбақ
-
Қ.Р. туының түсі қандай?
-
Бейбітшіліктің, бірліктің символы не?
Сөз жұмбақты шешеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Көк кептер.
2 мин.
Мақсат қою кезеңі:
Ал енді балалар біздің мақсатымыз не?
-Көк кептер тақырыбын жақсы түсініп алу.
-Бүгінгі сабаққа белсене атсалысу.
2 мин.
5 мин.
2 мин.
Негізгі бөлім:
Автор тану.
Диктор.
Сұрақ-жауап.
Оқушыларға автор туралы мәлімет беру.
5 мин. Көк кептер мәтінін тыңдаймыз.
Мәтін не туралы?
Мәтіндегі кейіпкерлер кім?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
2 мин.
2 мин.
2 мин.
Сергіту сәті
Түсінгендерін тексеру
Гауһарлар иерархиясы
Көңілді күн
1 тапсырма
Нүсіпбекке мінездеме.
Аймағанға мінездеме.
«Нағыз дос» қандай болу керек.
Оқушылар тақтаға қарап билейді.
Оқушылар плакатқа өз ойларын жазады.
Адал дос.
5 мин.
Әткеншек
2тапсырма
1 топ. Құстарға қамқорлық жасау керек.
2 топ. Құстарға қамқорлық жасамау керек.
2 топқа бөлініп әр топ өзінің
позициясын ұстайды. Сосын ауысады да қарсы топтың позициясын ұстайды.
3 мин.
Сабақты қорыту.
Ақылдың алты қалпағы
Алты қалпақ қандай қызмет атқарады түсіндіреді
Қалпақтар бойынша сабақты қорытады.
1 мин.
2 мин.
Үйге тапсырма:
Бағалау.
Тақтаға қоржын ілінеді
Кептер болып Аймағанға хат жазу. Түсініп оқу, мазмұнын айту.
Оқушыларды біліміне сай бағалау
Оқушылар бүгінгі сабақ ұнаған -ұнамағанын стикерге жазып іледі.