7


  • Учителю
  • Хайуанаттар бағында (Даярлық топ)

Хайуанаттар бағында (Даярлық топ)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Пәннің аты:

Тіл дамыту

Уақыты:7.03.16

Кабинет

Мұғалім:

Сармолдаева М

Сабақтың атауы

</ Хайуанаттар бағында

Мақсаты

Балаларға хайуанаттар багы туралы түсінік беру, жа¬байы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап

аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбер

Жарқырап бүгін атты күн.

Шашып бізге шапағын.

Тілеймін сіздерге ақ таңның

Қуанышын шаттығын.

Өткен сабақты қайталау.

F. Ормановтың «Жан анам» өлеңін жатқа айту.

Біліп тұрсың ,жан анам,

Міндеті үлкен ботаңның.

Күтері сол баладан

Ана менен Отанның.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге

қайталайды.





Өткен сабақты еске түсіру.



Қызығушылығын ояту









Хайуанаттар бағында (Даярлық топ)Хайуанаттар бағында (Даярлық топ)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі

Мағынаны тану









«Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып беремін. Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар - көк кит, ең ұзын жануар - керік туралы мәлімет беріледі.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаларға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалар көруге болатындығы және көптеген кітаптар бар екені айтылады. Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануарлардың түрін көруге болатындығы айтылып, олардың суреттері көрсетіледі.

Тыныштық сәтін өткізу.

- Біз бүгін бәріміз достарымызбен хайуанаттар бағына саяхатқа

шығайық.

Хайуанаттар бағында (Даярлық топ)



Айналаға қараңдаршы. Не деген көп аңдар, сайраған құстардың үні қандай тамаша! Жануарларды қорғау керек. Олардың саны азайып бара жатыр.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Хайуанат - жан - жануарлардың жалпы атауы.

Хайуанаттар бағы - жан - жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.

Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар педагогтің көмегімен торда түрган қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.

Қасқыр - ит тұқымдас жануар. Түсі сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.

Хайуанаттар бағында (Даярлық топ)

Қоян - ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол - өте қорқақ аң. Қоянның баласын қөжек деп атайды. Хайуанаттар бағында (Даярлық топ)Хайуанаттар бағында (Даярлық топ)

Аю - ірі денелі, икемсіз жануар. Ол - жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжықдеп атайды.

Сондай - ақ піл, мүйізтұмсық, жолбарыс, т.б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суреттерін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.

Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппаққоян, аң аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.

Жұмбақтар шешу.

Қалқиып ұзын құлағы,елеңдеп,қорқып тұрады . . Хайуанаттар бағында (Даярлық топ)

Шешуі: қоян.

«Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді.

Хайуанаттар бағында (Даярлық топ)

Сергіту сәті

Ұзын -құлақ,сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Өлең жолдарын айтып,қимыл қозғалысын жасайды.

Ой толғаныс



Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.

Сабақ балалардың жануарлар туралы білетін өлең - тақпақтар айтуымен аяқталады.







Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау.



Кері байланыс

Хайуанаттар бағында (Даярлық топ) Хайуанаттар бағында (Даярлық топ)









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал