7


Қазақ тілі 3 - сынып Мәтін

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Сынып: 3 «А»

Пән: қазақ тілі

</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Мәтін құрастыру, негізгі идеясын, ондағы негізгі ойды анықтау арқылы мәтінге жоспар құруды үйрену.

2. Дамытушылығы: Затты немесе құбылысты сипаттай білуге үйрету, сипаттау мәтінің құрастыруда теңеу сөздерді дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру. Оқушылардың сөздік қорын арттыру.

3. Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Көрнекілігі: маркер , плакат, карточкалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

(Психологиялық дайындық)

Сабаққа біз даярмыз,

Жалқаулықты қоямыз.

Үздік оқып әрқашан,

Кілең бестік аламыз.

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау

  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Үнді тауыссыздарды ата

  • Ұяң дауыссыздарды ата

  • Қатаң дауыссыздарды ата

  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Жуаң дауыстыларды ата?

  • Жіңішке дауыстыларды ата?

IV. Жаңа сабаққа кіріспе

Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.

Мәтіннің үш бөлімі болады:

Басы

Негізгі бөлім

Соңы





V. Жаңа сабақ.

Тапсырма №1. Ертегіні түсініп оқу.

Көңілсіз есек

Қыстың сақылдаған сары аязында Есек: «Тезірек көктем шықса екен. Көк шалғында күнге қыздырынып, кешке дейін жайылар едім», - деп жылы көктемді аңсады.

Көптен күткен көктем де келді. Көк шөп шығып, құстар сайрады. Айнала жайнап сала берді, бірақ Есек көк шалғында жайыла алмады. Оны иесі таңнан кешке дейін жұмысқа салды.

Енді Есек жаз мезгілін аңсап күтті. Ол жаз бойы дейірменге бидай тасумен болды. Әбден арып - ашып кетті. Есек күздің келуін күтті.

Күз де Есек үшін аса қуанышты болмады. Иесі оған алма, жүзім салынған себеттерді артып базарға шықты. Бос уақытында тоғайдан отын тасыды.

Сөйтіп, Есек өзіне демалыс әкелетін тек қыс мезгілі екеніне көзі жетті.



Мәтін неше бөліктен тұрады?

  • Мәтін бес бөліктен тұрады.

Әр бөлік қандай жолдан басталып жазылады?

  • Азат жолдан.

Мәтіннің әр бөлігінде не туралы айтылған?

  • Әр жыл мезгіліне Есекті дайындығы.





1 - жаттығу. Салыстыр. Қайсысы мәтін?

  1. Біз үшінші сыныпта оқимыз. Інжугүл - хош иісті өсімдік. Мирас ұшқыш болғысы келеді.

  2. Інжугүлдің гүл шоғының пішіні қоңырауға ұқсас. Оның гүлі аппақ. Тұқымы жануарлар арқылы таралады.

Мәтінді қандай белгісі арқылы анықтадың?

  • Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан. Мәтінге ат қоюға болады.

Мәтінге атты қалай қояды?

  • Мәтінге ат қою - оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атау. Тақырып - мәтінде баяндалатын ойдың түйіні. Мәтіндегі негізгі ой - автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі тақырып пен негізгі ой бір-бірімен тығыз байланыста болады.

2-жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Мәтінге ат қой.

Мәтін неше бөліктен тұрады?

Мәтін бес бөліктен тұрады.

Әр бөлік қандай жолдан басталып жазылады?

Азат жолдан.

Мәтіннің әр бөлігінде не туралы айтылған?

Әр жыл мезгіліне Есекті дайындығы.





Тапсырма №2. Мәтінді оқы мәтінде абзацтардың орны ауысқан. Абзацтарды дұрыс орналастырып жаз.

Ұмытшақ

- Ұмытшақтығым күнбағысқа да әйгілі болды-ау, деп, ұяла барып орамалын алды.

Таңертенгісін Бота бақша жанынан бұзау қайырып келе жатты. Күнбағыстың басындағы өз орамалын көрді.

Бақшада жұмыс істеп жүрген Бота қатты терледі. Пысынаған соң, орамалын күнбағыстың үстіне қоя салды. Ал үйге қайтарда орамалын ұмытып кетті.

Жаттығудың дұрысы

Таңертенгісін Бота бақша жанынан бұзау қайырып келе жатты. Күнбағыстың басындағы өз орамалын көрді.

Бақшада жұмыс істеп жүрген Бота қатты терледі. Пысынаған соң, орамалын күнбағыстың үстіне қоя салды. Ал үйге қайтарда орамалын ұмытып кетті.

- Ұмытшақтығым күнбағысқа да әйгілі болды-ау, деп, ұяла барып орамалын алды.

Абзацтар саны үшеу.



VI.Сергіту сәті

Шапалақтап көп-көп-көп

Секіреміз топ-топ-топ

Оңға қарай иіліп бір екі үш

Солға қарай иіліп бір екі үш

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызға қонамыз.



3-жаттығу. Мәтінді сөйлемдерге ажыратып жаз.

Біздің көл

Ауыл шетінде көл бар. Жазда балалар оның бір жағасынан екінші жағасына жүзіп өтеді. Күзде көл суы суи бастайды. Көл жағалауындағы шөптер сарғаяды. Ағаштар мен бұтақтардың жапырақтары түседі. Қысқы аязда көл мұз болып түседі.





VII. Қорытынды

- Бүгінгі сабақта не үйрендік?

- Мәтінді қандай белгісі арқылы анықтауға болады?

- Жалпы мәтін дегеніміз не?

- Мәтінге атты қалай қояды?

VIII. Үйге тапсырма: 3 жаттығу

IX. Бағалау



























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал