- Учителю
- Литературное чтение на тему Уәде 2 класс
Литературное чтение на тему Уәде 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Уәде. Бейбіт Қойшыбаев
Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын түсіну, оны өмірмен байланыстыра алу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: басты кейіпкерге баға беру арқылы мәтіннің идеясын аңғарту.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: көркем сөйлеу шеберліктерін арттыра отырып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой қорытындысын жазуға мүмкіндік беру.
Тұлғалық нәтиже: адалдыққа, шыншылдыққа, уәдеге берік болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мәнерлеп сырғанау өнері тарландарының суреттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасының дұрыс орындалғанын тексеру.
І. Қызығушылықты ояту.
Ердің екі сөйлегені - өлгені.
Уәде - ердің опасы.
Сөз берме, берсең қайтпа!
Уәдеңе берік бол!
Ат тізгінінен, адам сөзінен ұсталады.
-
Мақалдарда адамның бойындағы қандай қасиеттер туралы айтылған?
-
- Уәдені қай кезде береді? Оны орындау міндетті ме?
-
Біз оқыған ертегілердің ішінен уәде берген кімдерді білесің?
Мысалы, «Ұр тоқпақ» ертегісіндегі асық ойнап жүрген балалар шалға: «Піс, қазаным, піс демейміз!» - деп уәде береді, ал «Алтын балық» ертегісінде балық шалға уәде береді, сол сияқты «Алтын сақа» ертегісінде және т.б. ертегілерде кездеседі.
Кестені толтыр:
Сөзінде тұратын басты кейіпкерлерді атау арқылы сынып оқушыларын төрт топқа бөлу.
-
Бүгінгі басты кейіпкеріміз Айнұр сөзінде тұра ма екен, байқап көрелік.
ІІ. Мағынаны тану.
Мәтінді «Эстафета» әдісі арқылы оқыпкөру.
Ол үшін әр топқа арналған жеке-жеке мәтінді бөлек-бөлек қабырғаға іліп қою керек. Әр топта төрт оқушыдн болады. Төртінші оқушы орнында қалып, жазушы рөлін атқарады (жылдам жазу қабілеті бар оқушының қалғаны абзал).
Әр топтағы 1-оқушы қабырғадағы ілулі тұрған мәтінді берілген уақыт ішінде оқып, топқа қайта оралып, жазушыға айтып береді. Жазушы олардың сөзін мүлтіксіз жазып алып отырады. Келесі екінші оқушы біріншінің келген жерін білместен өзі осы жерге келді-ау деген болжаммен келген жерінен әрі қарай жалғастырып оқиды. Дәл сол сияқты үшінші оқушы жалғастырады. Барлық үш оқушы жазушыға баяндап болған соң, жазылған ауызша көшірме шығарманы жазушы оқып береді.
Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушылардың жауапкершілігі екі есе артады. Себебі, олар, біріншіден, алғаш оқыған көршісінің келген жерін анқытау керек болса, екіншіден, оқыған бөлігін түсініп оқып жеткізбесе, мәтіннің мазмұны дұрыс шықпайды.
Топтардың мәтіндерін толықтырып, жинақтап, қорытынды жасау.
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолға киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт,
Шапалақ соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ,
Топылдатып билейміз.
Тоңса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Зу-зу-зу,
Шанамен зулаймыз.
Мәтінді кітаптан оқып, салыстырып көру.
-
Мәтінді пайдалану арқылы Айнұрға сипаттама бер.
ІІІ. Ойтолғау.
Дәптермен жұмыс.
-
Қандай спорт түрлерін білесің? Білетін спорт тарландарын ата.
-
Басты кейіпкердің айналысатын спорты туралы не айтасың?
Мәтінді «3 қадамды сұхбат» әдісі арқылы қорытындылау.
а) сұрақ қоюшы;
ә) жауап беруші;
б) хатшы.
Келесі айналымда орындарын ауыстырып ойнайды.
Сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беру.