- Учителю
- Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу
Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу
Математика пәні
Сабақтың тақырыбы:
«Екі таңбалы санды, екі таңбалы санға таңдау тәсілі арқылы бөлу»
Сабақтың мақсаты:
А.Білімділік: Оқушыларға екі таңбалы санды, екі таңбалы санға таңдау тәсілі арқылы бөлуді меңгерте отырып білім, білік дағдыларын игерту.
Ә.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттері, зейіндерін, белсенділіктерін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту. Сабақта функционалдық сауаттылығын қызығушылығын ояту.
Б.Тәрбиелік: Меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру, тапқырлыққа, сауаттылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын түрінде саяхат сабақ.
Әдіс-тәсілдері: ой-қозғау, ойын, жұмбақ есептер, логикалық тапсырмалар.
Көрнекілік: ЭКСПО-2017, суреттер, слайд, электрондық тақта арқылы көрсетіледі.
Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбер: (шарты: әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталады сол әріптен басталатын сын есімді айтып бір-біріне жалғастырып айту. Мыс: менің атым Жанар. Мен жайдарлымын т.б)
II. Өтілген материалдарды еске түсіру.
-Ойын. «Сиқырлы сан.»
-
Көбейту компаненттерін ата.
-
Бөлудің компаненттерін ата.
-
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін ата.
-
Көбейтудің терімділік қасиетін ата.
-
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін ата.
-
Фигураның периметрін қалай табамыз.
-
Фигураның ауданын қалай табамыз?
-Не деген сөз шықты? ЭКСПО-2017. Ол не? Естулерің бар ма? қайда өтеді? қашан?
ЭКСПО-2017 туралы түсінік беру.
-ЭКСПО- 2017 көрмесі біздің елімізде өтеді. Бұл Қазақстан үшін қол жеткізген үлкен жетістік. Астана жанында , Сарыарқа төрінде ғаламат кешен салынбақшы. Онда 100-ден астам мемлекеттер өздерінің заманауи техналогияларын Қазақстанға әкеліп көрмеге қояды. Бұл көрменің біз үшін маңызы өте зор.
Алдағы уақытта дүние жүзі елдерінен қонақтар ағылып келіп жатады. Ал біздің мақсатымыз-осы қонақтарға Астанамыздағы аса көркем, сұлу ғимараттарымен таныстырып, қонақжайлығымызды көрсету.
-Астанамыздың көрікті жерлерін атайық?
-Бәйтерек, Ханшатыр, Бейбітшілік пен келісім сарайы (пирамида), Думан ойын -сауық орталығы, Есіл өзенінің жағалауы.(қонақтарымызға жақсы құрмет көрсетіп, Астанамыздағы аса көркем, сұлу ғимараттарды таныстыруға ат салысқан оқушыларға ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама алады. (эмблема тапсыру).
III. Жаңа сабақ.
«Бәйтерек » монументін таныстыру.
Астананың ең көрікті жерлерінің бірі, сол жағалаудағы ұлы ғимараттардың бірі «Бәйтерек » монументі. Астананың визит карточкасы, оның символдық бейнесі. Оның биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тонна, 500 қазық қағылған.Әлемді тұңғыш рет диаметрі 22 метрді, салмағы 300 тоннаны құрайтын хамилион тастан жасалған, яғни күн сәулесіне байланысты түсін өзгертетін шар 97 метр биіктікке көтеріледі. Бұл жаңа астананың 1997 жылы пайда болғанын еске түсіреді...
Бәйтеректің тапсырмасын орындайық: «Логикалық тапсырма»
-Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
-Алты баланың аяғы нешеу? (12)
-Тоғыз адамның қолы нешеу? (18)
-Он бес жылқының басы нешеу? (15)
-Жеті отырғыштың аяғы нешеу? (28)
-Қандай сандар шықты? (екі таңбалы)
-Жаңа сабақтың тақырыбы:«Екі таңбалы санды, екі таңбалы санға бөлу тәсілі.»Оқулықтың 44 беті. Алматыкітап.
-Жаңа сабақты түсіндіру: 36 : 12 өрнегінің мәнін табамыз.Ол үшін 12-ге көбейткенде 36 шығатындай санды таңдап аламыз.2*12=24, 2 саны келмейді. 24<36
3*12=36, демек , ізделінді сан.-3, 36=36. 36:12=3, онда 3*12=36.
Ереже: Екі таңбалы санға бөлгендегі бөліндінің мәнін табу үшін, оны бөлгішке көбейткенде, бөлінгіш шығатындай санды таңдап алу қажет.
-Жаңа сабақты бекіту. Тақтаға орындау.(үш қатарға бөлу)
I II III
68 :17=4 75:25=3 64:16=4
92:23= 4 50:25=2 85:17=5
78:13=6 84:21=4 78:26=3
IV. «Ханшатыр» таныстыру. Ханшатырдың тапсырмасын орындайық.
Жұмбақ есеп: «Тапқыр болсаң шешіп көр»
Бес қоянның барлық аяқтарының санына, ең үлкен бір таңбалы санды қос(29)
-Егер 6-дан бір бөлігі 4 рет болса, альбомда барлығы неше бет бар? (24)
-Су жағасында тұрған 2 қоқиқазда тек қана 3 аяқ бар. Ол қалай? (бір қоқиқаз бір аяғын көтеріп тұр)
-Оқулықпен жұмыс. №2 есеп. (қатар бойынша тапсырма)
I- қатар:
А)Бір қылқалам 19 теңге тұрады.95 теңгеге неше қылқалам сатып алуға болады? Ш: 95:19=5 Ж: 5қылқалам . II-қатар:
Ә) 6 қалам үшін 48 теңге төленді. Осындай 9 қаламға қанша теңге қажет?
Ш: (48:6)*9 =8*9=72 Ж: 72(тг)
III-қатар:
Б) Қарындаш 22 теңге, ал қалам одан 3 есе қымбат тұрады.Қалам мен қарындаш үшін қанша теңге төлеу қажет? Ш: (22*3)+22=22+66=88. Ж: 88(тг)
V. Сергіту сәті. «Астана -әсем қала» әнінің презентациясын көрсету.
VI. «Думан -ойын сауық орталығы» таныстыру.Ойлан, тап:
-Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
-Дем алады, өседі, бірақ жүре алмайды? (өсімдік)
- Аузы бар, тілі жоқ,
Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрегі бар, ізі жоқ,
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды? (балық)
Думан -ойын сауық орталығы туралы түсінік беру.
№3 Теңдеу шешу. (тақтаға орындау)
I II III
У-150=700-450 Х+200=13+400 в*45 =389-254
У-150=250 Х+200=413 в*45=135
У=250+150 Х= 413-200 d=135:45
У=400 Х=213 d=3
400-150=700-450 213+200=13+400 135=135
VII. «Есіл өзенінің жағалауын» таныстыру.(қысқаша мәлімет беру)
«Математикалық әзіл есеп»
-Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалды? (біреуі)
-Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды? Ол қалай? (бір оқушы қоянды торымен алған)
№4 Өзіндік жұмыс. А) Кесте бойынша өрнек құрастыру. Ә) үйге.520
160
Қосылғыш
310
45*2
30:2
24*4
70*5
Қосындының мәні
334
690
105
616
510
VIII.«Пирамида» таныстыру. «Бейбітшілік пен келісім сарайы»
(Пирамиданың тапсырмасын орындау) Логикалық тапасырма:
«Геометриялық бас қатырғы»
-Столдың төрт бұрышы бар.Оның бір бұрышын кесіп алсам, неше бұрыш болады?
-Неше үшбұрыш бар?
Тапсырма:
Тік төртбұрыштың ұзындығы 12 см, ені одан 3 есе кем.Тік төртбұрыштың Р=? S=?
12:3=4 Р=(12+4)*2=16*2=32см) S=12*4=48(кв.см)
IX. Ойын: «Дүкенге барғанда»
Көрсетілген ақшаны жинақтау үшін қандай ұсақ ақшаны және нешеуін алу керек?
475тг=4*100+50+20+5тг.
150тг=100+50тг.
361тг=3*100+50+10+1тг.
502тг=5*100+2тг.
-
Ойын: «Сағат қанша болды?» (күндіз, түнде)
X. Қорытынды. Бағалау. (фигураларды көрсету керек)
Бағалау - қорытындысы
-Сабақта көп нәрсе үйрендім, бәріне түсіндім.
-Сабақта көп нәрсе түсініксіз болды, шаршадым.
- Екі таңбалы санды бөлу туралы тағы білгім келеді.
</ Сабақ аяқталды. Мадақтау. Эмблема үлестіру