7


Математика 1 класс 8 саны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Математика

(1 сынып)

Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды 8 санымен және цифрымен, ол санды

шығарып алу жолдарынан, оның сандар қатарындағы

орнымен оқушыларды таныстыру. Оқушыларды 8

цифрын дұрыс жазуға үйрету.

2. Танымдық қабілеттері мен математикалық ойлау

деңгейін дамыту.

3. Ұқыптылыққа, саналылыққа, тапқырлыққа,

шапшаңдыққа баулу.

Түрі: жаңа ұғым беру

Типі: аралас сабақ

Әдісі: ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: слайд, сандар, сюжетті суреттер,жұмбақтар,дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Күн бүгін ерте оянды.

Терезеге біздің қарады.

Өйткені біздің сыныпта

Математика сабағы.

ІІ. Өткенді пысықтау

а) психологиялық дайындық

Математика сабағындағы ұранымыз қандай?

Есеп білмейтін адам,

Түк сезбейтін надан.

«Қызықты санамақ» Балалар кім айтады?.

Бір дегенім - белдік,

Екі дегенім - ерлік,

Үш дегенім - үзік,

Төрт дегенім-түбіт,

Бес дегенім - балта,

Алты дегенім - алқа,

Жеті дегенім - желкен,

Сегіз дегенім - семсер,

Тоғыз дегенім - тоқу,

Он дегенім - оқу.

Санамақта қандай сандар аталды? 1-ден 10-ға дейін тура және кері бағытта санау.

1.Дидактикалық ойын "Кім жаңылыспайды?


ә) Біз қандай сандар және цифрларымен таныстық?

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7


б) Өткен сабақта салыстыру тақырыбымен таныстық.

- Нені салыстырдық?

- Өрнек пен санды


Өрнектерді салыстыру.

4+3 * 4+2 5+1*2+5 6+1*6-1 7-4*4 3+3*6 3-2*1


ІІІ. Жаңа сабақ

Жұмбақты шешу

Менімен таныс емессің,

Теңіз түбі қонысым,

Алғым сегіз басым бар,

Айтшы кәне, кіммін мен? (Сегізаяқ)

Сегізаяқ, сегізқол

Кестелейді, тігеді.

Жібектен әсем дөңгелек

Пайдасын шебер біледі,

Болғандықтан ол керек. (Өрмекші)

Жұмбақтақандай сан аталды?

Бүгін бізсабақта 8 санын шығарып алудың әр түрлі жолдарын және 8 цифрын жазуды үйренеміз.

8 саны қай саннан кейін келеді?

8 саны


8 санының жазба түрін көрсету.

Сегіз саны құрылған

Қос дөңгелек - шеңберден

Үлкен шеңбер үстіне

Кіші шеңбер жанасқан.

8 санына байланысты қандай сан бар?

8 наурыз қандай мереке?

ІV. Оқулықпен жұмыс

№1 Суреттің сюжетін әңгімелеп, оған сәйкес есеп құрастыру.

Өрнекті шығару.

7+1=8 8-1=7 (көбейеді, азаяды)

1) Сызғышпен өлшету

2) 8 см. неше см-ден

Тақтада көрсету. 8 санынан кіші сандарды қоямыз.

V. Дәптермен жұмыс

№1

7+1 8-1

5 * 8 8 * 4 3 * 8 8 * 2 1 * 8


VІ.Сергітусәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Бір отырып,бір тұрып,

Біз тынығып қаламыз,

Алақанды соғамыз,

Орнымызды табамыз.

№2 Өз бетімен жұмыс

4+3 *5 5*7-4 3+2 * 1+5

5*4 +3 7-4 * 5 1+5 * 3+2


№3 «Жоғалған санды тап» ойыны

3+4= 5+2= 6+1=

4+3= 2+5= 1+6=

7-3= 7-5= 7-1=

7-4= 7-2= 7-6=

Өлең есептер. Ауызша есептеулер.

Саянда болды 8 алма

Сайранға берді 4 алма

Ойланып, кәне, көрейік-

Саянда қалды қанша алма? 8-4 =4

Бәйгеге шықты жануарлар

Алға шықты бесеуі

Қосылды оған екеуі

Мәреге келді нешеуі? 5+2 =7

Далада жүр 3 түйе

Қосылды тағы 1 түйе

Жалпы саны түйелердің

Болдынеше? Есепте. 3+1=4

Жеті қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан

Бес қиярды алғанда

Қанша болды дорбада? 7-5=2


Шығармашылык тапсырма.

Не өзгерді?

3 ұш б. 1 т/т бұрыш 2 үшб. 2 үш бұр. 2 ұш б. 1 т/т бұрыш.


VІІІ.Қорытынды.

Өткір болсаң ұтарсың,

Тапқыр болсаң табарсың.

Оқысаң өрге басарсың,

Жауабын жылдам табарсың

ІХ. Бағалау. Мадақтау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал