7


  • Учителю
  • Тарих ғасырлар -куәсі Тәрбие сағат

Тарих ғасырлар -куәсі Тәрбие сағат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: «Тарих - ғасырлар куәсі»
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;
Тәрбиелілік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.
Сабақтың түрі: қайталау, қорыту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу («Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері, Қазақстан еліндегі батырларға арналған ескерткіштердің фото суреттері, халық күйлерінің жазбалары)
1. Сайыстың барысы:
- Құрметті, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы
«Тарих - ғасырлар куәсі». Сабақ қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған сайыс кеші түрінде өткізіледі.
- Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады? (Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы).
- 2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады? (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы).
«Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс - шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.
Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Тарих - ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымызды бастайық.

- ҚР-ның әнұраны орындалады.

1-жүргізуші: Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыздың аманаты. Ұшқан құстың қанаты талатын, қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен алған.
1- оқушы:
Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын
Сүйгенім қазақ, өмірі өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа тойып.
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаны тітіркенткен
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен
Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына,
Талай царь, талай княз тәжім еткен
Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.
2 - оқушы:
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер
Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын-ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен-түбім
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен-күнім
Тәтті суың дәмі аузынан еш кетпес
Қалың нуың, қыр суыңа жер жетпес
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы
Жазу болып адамзатқа ер жетпес
Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,
Батпағыңда тең құрбымен алысып,
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
«Адам басы - Алла добы» деген рас
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас
Кім біледі, мен де шетке кетермін
Туған жерім, сені тастап басым жас.
3 - оқушы:
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген
Намысын қолынан ешкімге бермеген
Тұс-тұстан анталап көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрімде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп-тұнық тұрады аспаным мөлдіреп
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, танысу әр елдің халқымен
Қонақжай халқымыз, жомартпыз, дарханбыз
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз
Таныған жұмыр жер алаштың баласын
Қазақтың елімен даңқты даласын
4 - оқушы:
Еркіндігім
Қасиеттім
Қастерлім
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
- Уа, Еркіндік, қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадіріңде жоқ онда!
... Саған жету қиын болса қаншалық
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған,
Оған да!
Уа, Еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенің, менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын -
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
2-жүргізуші:Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
1-жүргізуші:Азат өлкем күндей күлген шығыстан
Асыл елім жан жүректі ұғысқан
Ата-бабам аңсап өткен бақытым
Айналайын, байтақ елім Қазақстан!

Ән: Жаса Қазақстан!
2-жүргізуші: Осымен қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын болсын.Қош сау болыңыздар!

Н. Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі.




Тақырыбы:

«Тарих - ғасырлар куәсі»



Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Елдесова Рысты Нурлановна

2015 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал