7


  • Учителю
  • Шыбық. тестовые задания к подготовке к PIRLS (4- класс)

Шыбық. тестовые задания к подготовке к PIRLS (4- класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Құрметті, әріптестер!

Сіздерге 4-сынып оқушыларына арналған бастауыш сынып оқушыларының мәтінді түсініп оқу және түсіну сапасын бағалауға (PIRLS) дайындық ретінде қолдануға болатын тапсырма ұсынып отырмын.


Шыбық

Наурыз айының орта кезі. Түске қарай үй төбелерінен қар тамшылары іргелерге сырт-сырт тамып, майда самал жел ағаштардың сидаң бұтақтарын тербейді. Таң алдында торғайлар ағаш бұтақтарына қонып, дүрліге ұшып, көктемнің көңілді күнін жақындата түскедей болады.

Осындай күннің бірінде «Өмір» мектебінің 6 «А» сыныбының оқушысы Бақыт Алмабеков өзімен бірге оқитын Темірдің үйіне келді. Бұл күні демалыс еді де, жұрттың бәрі үйлерінде болатын. Оның үстіне күн ашық еді.

Бақыт ағаш қақпадан өтіп, Темірдің үйінің ауласына кіргенде ешкімді көре алмады. Бақыт үйге кірді. Ауызғы бөлмеде ешкім жоқ. Таңданған Бақыт төргі бөмеге беттеді. Бөлме іші жиналған, ешкім көрінбейді. Аң-таң болып тұрған кезінде оң қол жағындағы үлкен пештің артынан:

  • Апа, сенбісің? - деген дауыс естілді.

  • Е, сен мұнда ма едің? - деп Бақыт жайдарлана сөйлеп, пештің артына қарай жүрді.

Ол шалқасынан түсіп кітап оқып жатқан Темірді көрді. Мұның да даусын естіген Темір кітапты жанына тастай бере, екі қолын тік созып, көзін шарт жұмып, аузын аңқита ашып, бір керіліп алды да, көтеріліп:

  • Апам ба десем, сен бе едің? - деді ол әлі де есіней. - Неғып тұрсың, ана орындыққа отырсаңшы...

Бақыт отырған жоқ.

  • Мен саған келдім, - деді ол. - Жүр. Көктоғайға барасың ба?

  • Онда не бар?

  • Шыбық қазып әкелеміз. Бүгін күн сондай жақсы әрі ашық, әрі жылы. Егер дәл осы қалпынан жазбай бір-екі күн тұрса, қардың өзі де қалмас.

  • Шыбықты қайтеміз? - деді Темір отырған қалпы.

  • Отырғызамыз. Мына үйдің жанына отырғыза қойсақ, тез-ақ өсіп шығады. Білесің бе, былтыр мен үйдің арғы жағына бес-алты ағаш отырғызып ем, тіпті тамаша боп өсті. Түнеугүні екуеміз торғай ұясын бір талға орнаттық қой, сол менің былтырғы көктемде өсірген ағашаым болатын. Жүр, Темір, бүгін демалыс, барып қайтайық.

Темір тағы бір есінеп алды. Сонан соң басын шайқады.

  • Бармаймын дейсің бе? Түу, бәрібір босқа отырсың ғой,- деді Бақыт Темірдің иығына қолын салып.

  • Босқа шаршағаннан гөрі кітап оқығаным жақсы емес пе?! - деп қыңырая берді. Ақыры оның ілеспесін көрген Бақыт үйден ренжіп шықты.

Бақыт орманға келді. Ол беліне орап алған кендір жіпті шешіп, қардың үстіне қойды да, екі алақанына шырт түкіріп, ысқылап алып, жұмысқа кірісті. Тесенің өткір жүзі тиген сайын жас шыбықтар қопарылып түсе бастады. Әрі-беріден кейін солқылдақ шыбықтар үйіліп қалды. Бақыт жіпсіген маңдайын күртешесінің жеңімен сүртіп, тамырымен қопарылып алынған талдардың үстіне отырды да, үйден әкелген таба нанды жей бастады.

Көп ұзамай-ақ ызғарлы бір жел тұрып, Бақыттың бойын тоңазытайын деді. Ол күнге қарап еді, еңкейіп қалыпты. Көкжиекті кемерлеген қара бұлт аспан төріне қарай жөңкіле сырғып келеді. «Боран болып, күн жаумаса нетті?» деп ойлады Бақыт аспаннан көзін алмай.

Жел екпіні қатая берді. Бұлт күн көзін жауып, айнала түнеріп кетті. Бақыт шаршайын деді. Орманның шеті жоқ секілді. Бума сүйреуге де көнбеді. Тастап кетуге Бақыт арланды. Ертең манағы Темірдің өзі-ақ мазақ етпей ме?..

Бақыт ертелі-кеш тыным тапқан жоқ. Әкелген жас шыбықтарды үйінің тұсындағы көше бойына, аула ішіне отырғызып, оларды дамылсыз суарып, дамылсыз қадағалаумен болды. Солқылдақ жас теректер бірте-бірте бүршіктеніп, ұшар басына жапырақта да жайды. Оны көрген сайын Бақыттың кеудесі қуанышқа толып, сол бір күнгі шаршап-шалдығу ұмыт бола берді.

Темір күнде осы көшенің бойынан өтіп жүрді. Әуелгі кезде Бақытқа іштей күліп те жүрді... Бірақ көктем шұғыласы кең тарап, жас шыбықтар бүр жара бастағанда оны әлдебір жайсыз ой алаңдата берді. Көңілін өкініш торлап, енді үндемейтін болды.

Бір күні көше бойымен әкесі екеуі келе жатқанда жасыл жапырақтары баяу тербелген жас шыбықтарға көзі түсті. Мұны әкесі де көрді.

Қарашы, - деді ол Бақыттың үйін нұсқап, - шыбықтар қандай жақсы өскен. Сен де өстіп үйдің қасына тал отырғызсаң қолыңнан келер-ақ шаруа. Өзіңдей Бақытты қарашы, көше бойын құлпыртып қойғанын. Темір үндемеді. «Әттең, мен неге бармадым екен сонда?!» деген баяғы үнсіз өкініш арнасын бұзған өзендей лықсып шыққан еді.

Шыбық мәтініне арналған сұрақтар:

1.Көктемнің көңілді күні жақындай түскеніін қайдан білуге болады? (Мәтіннен тап)

____________________________________________________________________________________________________________________________

2.Үйге кірген Бақыт не себептен таң қалды?

а) демалыс күні болса да, үйде ешкім болмады

ә) бөлме іші жиналған

б) ағаш қақпадан өткенде

3. Бақыт Темірге неге келді?

а) бір сыныпта оқитын еді

ә) шыбық қазып әкелуге бірге баруға

б) кітап оқуға

4. Шыбық отырғызудың маңызын Бақыт Темірге қалай дәлелдеді?

__________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Темір не себептен орманға барғысы келмеді?

а) ерінді

ә) босқа шаршағанша кітап оқып отырғысы келді

б) Бақыттың келгенін ұнатпады

6. «Еңбегің қатты болса,

Жегенің тәтті болады» - мақалдың мазмұнына сәйкес келетін Бақыттың қай әрекетінен көруге болады?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

7. «Боран болып, күн жаумаса нетті?» - деп Бақыт не себептен ойлады?

___________________________________________________________________________________________________________________________________

8. Мәтін ішінен Бақыттың намысын жаныған сөйлемді тауып жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

9. Не себепті Бақыттың кеудесі қуанышқа толып, шаршап-шалдыққаны ұмыт болды?

а) Темір оның көңілін көтерді

ә) Ұйқысы қанып демалып қалды

б) Отырғызған жас теректері бүршік жарып, жапырақ жая бастады

10. Темірдің өкінішін білдіретін сөйлемді тауып, жаз:

____________________________________________________________________________________________________________________________________

11. Темірдің әкесінің сөзі баласына қандай ой салды?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

12. Темірге қандай кеңес айтар едің?

_________________________________________________________________________________________________________________________________

Каирдолдина Гульназ Нургуметовна

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Аққайнар ауылы

«Чернова орта мектебі» КММ



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал