7


  • Учителю
  • План урока по математику на тему ' 7 саны және цифры'

План урока по математику на тему ' 7 саны және цифры'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

7 саны және цифры

Сабақтың тақырыбы: 7саны және цифры
Сабақтың мақсаты: 1. 7саны және цифрымен таныстыру. 7санының шығу тарихын ұғыну. Киелі сан екенін меңгерту.
Саналы түсіну машығын жетілдіру
2. ә) Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды
табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы
танымдық қабілеттерін логикалық ой - өрісін дамыту.
3) Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, интерактивті тақта, суреттер т. б
Сабақтың түрі: дәстүрлі, кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ертегі желісімен
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабаққа назарын аудару.
Бүгін балалар бізде ерекше сабақ болады. Сендердің білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр. Бір сабақта бірнеше пәннен білімдерімізді қайталап ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Сабағымыздың мақсаты: Өткен тақырып бойынша білімдерін жүйелеу, тиянақтау Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
2. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: - Екі көз не үшін керек?
Балалар: - Жақсылықты көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Балалар: - Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?
Балалар: - Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: - Екі аяқ не үшін керек?
Балалар: - Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.
II. Жаңа сабақ
Теориялық білім беру
6+1=7
7см > 6см
Баспа және жазба түрі
«Жеті лақ»ертегісіне саяхат жасаймыз. Ертегі тыңдауға дайынбыз ба?
Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!- деп ән саламын»,- дейді.
Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды. Қасқыр үйге жақындап келіп, өзінің қарлыққан, қырылдаған даусымен:
- Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!,- деді.
Лақтар:
- Естідік! Тыңдадық! Бұл - анамыздың дауысы емес. Біздің анамыз жіңішке, нәзік дауысымен әндетеді. Кет, қасқыр, біз саған есікті ашпаймыз,- деп жауап қатты.
Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң - тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті.
Қасқыр ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:
- Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!- деп әндетті.
Лақтар есікті ашты. Жауыз қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды. Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді. Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкі көрінбейді. Пеш ішінен лағын тауып алды. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнмен жылады.
-«Лақтарым, шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым! Есікті ашып қасқырға жем болдыңдар!
Енді не істеймін деп тұрғанда бір қағаз тауып алады. Ешкі сен оқушылардан көмек сұра. Ашық хаттың ішіндегі тапсырмаларды дұрыс орындаса лақтарыңды қайтарамын. Әр тапсырмаға 1 лақтан жіберемін деген екен. Ал дұрыс орындамаса қайтармаймын деп жазыпты. Балалар көмектесіңдерші,- дейді ешкі
- Иә балалар ешкіге көмектесеміз бе?
- Иә.
Олай болса қасқырдың 1 тапсырмасын орындауға дайынбыз ғой. Зейін қойып толық орындауымыз керек өйткені қасқыр біздің есіктен сығалап тұр.
1 тапсырма
Сурет бойынша мысал құрастыр
...+ = 7
7 -...=
2-тапсырма
Қосылғыш Қосылғыш
Дәптерге орындау
2+2=4
3+1=4
5+0=5
4+1=4
Cергіту сәті
Қай жол ұзын? Қай жол қысқа?
.......
Жауап: Бақанын жолы ұзын
Ұлудың жолы қысқа
Сұрақ: Бақаныкі неше см артық?. Ұлудікі неше см қысқа?
Жауап: Бақанын жолы2см артық
Ұлудың жолы 2см қысқа
Менің орным қайда? ойыны Алма бағы жайнаған
Математикалық жұмбақ. ------- Қызыл алма айналып
Жаңа ғана шалғында ------------- Алдым үзіп 5 - еуін
7 бұзау жүр еді ---------------------- Тағы да алдым 2 - еуін
Әлде шаршап қалды ма? --------- Алдым сонда нешеуін
Жатып қапты біреуі --------------------------------------(7)
Нешеуі енді жайылып
Жүргенін айт айырып
7 - 1=6
Логикалық тапсырма
4 бұрышта қоян отыр. Бір қоянға неше қоян қарап отыр? Ал бөлмеде неше қоян болды.
№3 есеп
6*7 -------- 5*7 ---------- 6см*7см
6*5 ------- 7*4 ---------- 7см*7см
Сергіту сәті
Музыкалық жаттығу
Білімді бекіту
Сәйкестік тест
3+2 6
7 - 1 5
4+3 2
7 - 5 7
6 - 3 4
6 - 2 3
Үйге тапсырма
№5есеп
Бекіту
«Ғажайып жеті санына» саяхат
7 ғалам
Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, жер, аспан, жер асты
7 күн
Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына
7 ата
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата
7 қазына
Ер жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, берен мылтық, ақыл - білім, жүйрік ат, жүйрік тазы
7 жоқ
Жерде өлшеуіш жоқ,
Аспанда тіреуіш жоқ,
Аллада бауыр жоқ,
Жылқы да өт жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Аққуда сүт жоқ,
Тасбақада талақ жоқ
7 жұт
Құрғақшылық, жұт, оба, өрт, соғыс, топан су, зіл-зала
Қорытынды.
«Саққұлақ бидің» сөзімен қорытындылау
Адамның басшысы - ақыл
Жетекшісі - талап
Жолаушысы - ой
Жолдасы - кәсіп
Қорғаны - сабыр
Қорғаушысы - мінез
Сынаушысы - халық
Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал