- Учителю
- 'ҚАмқор болып өсемін' 2-сынып
'ҚАмқор болып өсемін' 2-сынып
Қалалық классикалық гимназия
«Қамқор болып өсемін»
(Өзін-өзі тану пәнінен калейдоскоп сабағы)
Петропавл 2015ж
Сабақтың тақырыбы: «Қамқор болып өсемін»
Сабақтың мақсаты: 1. «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
-
Қамқорлық туралы түсінік беру;
-
Жанашырлық, аяушылық сезімдерін дамыту;
-
Қайырымды, мейірімді, ізгілікті болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: магнитофон, «Қарлығаштың құйрығы неге ауыр?» мультфильмі, слайдтар
Барысы: Сыныптар пойыз ретінде «Ризамыз бүгінге» әнімен ортаға кіреді.
Шаттық шеңбері: Барлық оқушылар шеңберег тұрып, шаттық шеңберін жасайды.
Қуан, шаттан,
Қуан, шаттан,
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
Сиқырлы қобдишамен жұмыс. Мұғалім сиқырлы қобдишадағы суреттерді оқушыларға таратып береді. Оқушылар сурет бойынша оқиғаның мәнісін атап отырады. Сонда слайдтан «Қамқорлық» деген сөз шығады.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
қ
а
м
қ
о
р
л
ы
қ
Әңгімелесу.
-
Қамқорлық дегенді қалай түсінеміз?
Жануарларға деген қамқорлық, өсімдіктерге деген қамқорлық, адам мен адам арасындағы қамқорлық жайлы әңгімелейді.
Мультфильм «Қарлығаштың құйрығы неге ауыр?» көрсетіледі.
Мультфильм мазмұны талданып, қарлығаштың адамға көрсеткен қамқорлығы ерекше айтып өтіледі және қарлығашқа байланысты ырым сөз айтылып кетеді.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім «Балапан мен мысық» әңгімесін оқып береді.
-Мәтін не туралы?
- Асан құстарға қалай қамқорлық жасады?
Дәйексөз «Қамқорлық жылы жүректен» деген қанатты сөз бар халқымызда. Біз жануарларға болсын, өсімдіктерге болсын, адамдарға болсын жақсы, қайырымды іс жасасақ ол іс әрқашан біздің жүрегімізден шығу керек.
Сергіту сәті музыкамен өтеді.
Тыныштық сәті
Шығармашылық жұмыс
Оқушыларға тапсырма беріледі.
1-топ: Жаңбырдың астында қалған итке қандай қамқорлық көрсетер едің?
2-топ: Солып қалған гүлгеь қандай қамқорлық көрсетер едің?
Оқушылар суреттерін салып жандандырады.
Қорытынды
Сонымен, балалар, бүгін біз не туралы сөйлестік?
Неге үйрендік?
Жүректен жүрекке Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы тілектер айтады.