- Учителю
- Сабақ жоспары әдебиеттік оқу
Сабақ жоспары әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісі
Сабақтың мақсаты:Оқушылар қарлығаш пен дәуіт
ертегісінің шығу тарихын біледі,зерттейді,оқиды,ізденеді
.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың мәтін мазмұнын білуі және оларға ой
жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсатына жету үшін пайдалана
білу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды өмірінде белсенділік таныту
мақсатында білімдерімен мүмкіндік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға табиғаттағы жәндіктерге, құстарға
қамқорлық жасауға бейімдеу, қыс мезгілінде құстарға жемсауыт
жасауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: : Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері,
музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,слайд.
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн достым!
Қайырлы күн құрбым!
Сәрсенбі күнің бүгін,
Сәттілікке толсын,
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын!
II.Үй тапсырмасын тексеру.
М.Дулатовтың «Күлмеңіздер кәріге»
Тізбектей оқыту , мазмұнын сұрау.
Міржақып Дулатов - ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, Алаш қозғалысының қайраткері болған азамат. Осы жолда ақындық, жазушылық, аудармашылық, журналшылық қабілеттерін барынша пайдаланған. Алғашқы қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы. Жалынды үнге, жігерлі шақыруға толы «Оян, қазақ!» кітабын шығарып, қуғынға түскен.
III.Үй тапсырмасын бекіту
1.Балалар,мәтін не туралы айтылған?
2.Әдептілікті адам кімдерден үйренеді?
3.Әдептілік дегеніміз не,әдептілікке нелер жатады?
4. Әдептілік туралы кім қандай мақал-мәтелдер біледі?
Балалар,үй тапсырмасын тексеріп болсақ, назарларыңызды маған бұрыңыздар.
IV.Қызығушылықты ояту.
Жақсы,балалар,сендер көптеген ертегілер,мысалдар,қызықты әңгімелерді көптеп оқисыңдар.Оның ішінде жұмбақтарменде таныспыз.Олай болса,жұмбақ шешіп көрейік.
1-жұмбақ
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады. (Қарлығаш).
2-жұмбақ
Бір құс бар,екі аяқты сегіз бармақ,
Түлкі, қасқыр,қоянның бәрін алмақ. (Бүркіт)
3-жұмбақ
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. (Қарға)
4-жұмбақ
Бір күні балконға шығып едім,шегірткеге ұқсас бір жәндікті көзім шалып қалды.Бұл жәндік қалай аталады екен?
(Дәуіт)
Ендеше,балалар,осы құстардың атауымен топтарға бөлініп отырайық.Топпен таныстыру.
1-топ «Қарлығаш»
2-топ «Бүркіт»
3-топ «Қарға»
4-топ «Дәуіт»
Балалар, топ аты болған құс туралы білетін ертегі,мысал, әңгімелерді еске түсіріп, қысқаша айтып беріңдер,және әр топқа сай суреттер беріледі,оны бояйсыңдар көп уақыт алмай 1-2 мин.Жұмысты бастаймыз.
Оқушылардың жұмыстарын тыңдап,суреттері тақтаға ілініп, қорытындылау.
2-Мағынаны тану.
Ертегі тақырыбымен таныстыру.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қарлығаш пен Дәуіт»ертегісімен таныс боламыз.
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалімнің ертегіні мәнерлеп оқып беруі.
Оқушылар тізбектей дауыстап оқиды.
Әр топ өздерінің атауы болған құсты іздеп тауып,ертегідегі қылықтарына талдау жасайды.
Сөздік жұмыс.
Арашашы-құтқарушы.
Сергіту сәті (музыкалық іс-қимылмен)
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма: Ертегіні жалғастырып жаз.
2-тапсырма:Ертегіні мазмұны бойынша бөлімдерге,ат қой.
1. Жыланның қиянаты.
2. Қарлығаштың құстардан көмек сұрауы.
3. Дәуіттің көмегі.
4 .Қарлығаш пен Дәуіттің достығы.
V-Ойтолғау
Қарлығаш қандай? Дәуіт қандай?- венн диаграммасын құр.
Бекіту:
-Көкек пен Қарғаның мінезіндегі кемшілік өмірде кездесе ме?
-Ертегідегі нағыз достықты неден көруге болады?
-Қарлығашты қалай бейнелер едің? Дәуітті ше?
Балалар біз бүгін Қарлығаш пен Дәуіт ертегісі туралы ойымызды ортаға саламыз.Ол үшін бізге Дұрыс-бұрыс тұжырымдар кестесі көмектеседі.
VI.Бағалау:Оқушыларды мадақтай отырып, бағалау.
VII.Үйге тапсырма: «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін оқып, мазмұндау.
№22 орта мектебі
Тақырыбы: Қарлығаш пен Дәуіт ертегісі
Бастауыш класс мұғалімі:Қ.Қ.Тоқсанбаева
Ақтөбе қаласы
2015-2016 оқу жылы