- Учителю
- Әдебиеттік оқу Т.Молдағалиев Мамандық таңдау 3- сынып
Әдебиеттік оқу Т.Молдағалиев Мамандық таңдау 3- сынып
Пәні: Әдебиеттік оқу Күні:19.09.2015ж
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Т.Молдағалиев. Мамандық таңдау
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Т. Молдағалиевтың шығармасымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу
2)Дамытушылық: өлеңді, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3)Тәрбиелік:ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу; кәсіпкерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: оқулық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:Екі қол не үшін керек?
Оқушы:Елге көмек беру үшін.
Мұғалім:Екі аяқ не үшін керек?
Оқушы:Жерді басып жүру үшін.
Мұғалім:Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы:Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім:Екі көз не үшін керек?
Оқушы:Жақсыларды көріп, біліп,
Үлгі-өнеге алу үшін.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
ІҮ.Жаңа сабақ
Суретте қандай мамандық иелері бейнеленген? Сенің ата-анаң қандай маман иесі?
Бүгін Тұманбай Молдағалиевтың «Мамандық таңдау» өлеңімен танысамыз.
Оқулық бойынша жұмыс 40-41 бет «Мамандық таңдау»
-
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-
-тізбек бойынша оқу
-
шұмақтап оқу
-
өлеңдеде не туралы айтылған?
-кандай мамандықтар туралы айтылған?
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ү.Жаңа білімдерін пысықтау:
Кестемен жұмыс: тізбек бойынша шығып жазу басқалары дәптерде орындайды.
ҮІ.Сабақты қорытындылау:
-Балалар, біз бүгін нені үйрендік?
ҮІІ. Үйге тапсырма. Бағалау