- Учителю
- Жұлдызды сәт (интеллектуалдық ойын)
Жұлдызды сәт (интеллектуалдық ойын)
Жұмыстың тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны.
Жұмыстың мақсаты:
1. Оқушылардың жан-жақтама білімін тексеру, пысықтау;
2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге
қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
3.Тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу;
Жұмыстың түрі: Интеллектуалды ойын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар, тесттер.
Ойыншылар: 2 «А» сынып оқушылары
жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы
сайыскерлер!
жүргізуші:
«Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады,
білімді мыңды жығады» - деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі
біздің мектебімізде 2 сынып оқушылары арасында өткелі отырған
«Жұлдызды сәт» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен
таныстыру)
1.
2.
3.
жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол - алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош
келдіңіздер!
Сонымен қарсы алыңыздар 2-сынып оқушылары!
Сайыскерлермен таныс болыңдар.
жүргізуші:
1 - ойыншы Кошербаев Нұрайдын- болашақта журналист болуды
армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 - ойыншы Боранбаев Аңсар- өскенде халқына адал қызмет ететін
полиция қызметкері болуды армандайды.
3 - ойыншы Қуаныш Құралай - заң қызметкері боламын деген ойы
бар.
4 - ойыншы Абжанова Ақбота- эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін
дейді
5 - ойыншы Каракенов Бауыржан- әлемге әйгілі ұшқыш болғысы
келеді
6 - ойыншы Тасболатов Ерсұлтан- заң қызметкері болуды
армандайды.
7 - ойыншы Тукенова Дильназ - болашақта ұстаз болуды армандайды
8 - ойыншы Окенова Аяжан - болашақта адам жанының арашашысы дәрігер
болғысы келеді
9-ойыншы Октябрьұлы Естай - Қайрат Нұртас, Төреғали Тореәлі сияқты атақты әнші болуды армандайды
10-ойыншы Келес Әбілмансұр -болашақта елімізді қорғайтын әскери адам болуды армандайды.
11-ойыншы Серік Шамшырақ- елімізге танымал дизайнер болуды армандайды
жүргізуші:
Балалар, орындарыңа жайғастыңдар.
-
Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін:
Ойынға барлығы 11 ойыншы қатысады.
Ойын ережесі:
Ойын 4 кезеңнен тұрады.
1.Бәйге
2. Полиглот
3. Білімпаз
4. «Жорға»
Ойынның І кезеңінде сендер білімнің әр алуан саласынан алынған сұрақтарға жауап бересіңдер.
Әрбір сұрақтың жауабы үшін сендерге 5 секунд
уақыт беріледі.
Барлығы тест түрінде сендерге ортақ 10 сұрақ қойылады.
Әрбір сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
Ең көп ұпай жинаған 8 ойыншы келесі кезеңге өтеді.
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
жүргізуші:
I - кезең «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер -
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
-
Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99)
-
Қалың киімді ұнатады,
шешіндірсең жылатады. (пияз)
-
Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут)
4 . Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. (сусын)
5. Телефонда 103-ті теріп қай қызметті шақырса болады?(жедел жәрдем)
6. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар)
7. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)
8 . Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)
9. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ)
10. « Ғылым таппай мақтанба» - өлеңі н кім жазған? (Абай)
Ойынға қатысып, бірақ 2 кезеңге өте алмаған оқушыларға үлкен алғысымызды айтамыз. Ал, келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!
2.«Полиглот» кезеңі
ЖҰМБАҚТАР
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр оқушы кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. Екі тілде жауапты айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай, егер жауап бере алмаса басқа жауап берген ойыншыға ұпай беріледі.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз - мороз)
2.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар - снег)
3.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп - буква)
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш - линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық - кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз - лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі - лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап - книга)
жүргізуші:
Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 3 ойыншыны атайды. Оларға
өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен,
өмірде жеңілмеңдер.
3. Келесі кезекте: «Білімпаз»
бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі.
Бұл ойында пән мен ұпай санын таңдап алады.Әр ойыншы өзінің қалаған тақырыбы экранда көрсетілген сұрақтарға жауап қайтару керек.
Бұл кезеңде ұпайды көп жинаған 2 ойыншы келесі кезеңге өтеді.
Әдебиеттік оқу
10 «Отан» туралы бір шумақ өлең немесе мақал айт
20 Бұл кімнің суреті? (Қазақтың ұлы ақыны Абай)
30 Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады? (аңыз)
40. Мақалды аяқта: Батыр бір рет өледі,
Қорқақ .... (мың рет өледі)
50 Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
Математика
10 1дм.неше сантиметр?(10см)
20 Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы)
30 6 жүздік 9 бірліктен тұратын санды ата (609)
40 Бірінші қатарда 17 бала отыр,екінші қатарда одан 6 бала артық отыр. Екінші қатарда қанша бала отыр?(23)
50 х+25-140-40 (75)
Қазақ тілі
10 Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем)
20 Мәтіннің түрлерін ата.(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
30 Зат есім деген не? (Заттын атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Оларға Кім? Не? деген сұрақтар қойылады)
40 Батыр, ержүрек, батыл, ер - бұлар қандай сөздер?(Мәндес)
50 «кітапханада» сөзін сөз құрамына талда және «кітап» сөзіне дыбыстық талдау жаса. Қай сөз табына жатады? Жалқы, жалпы? Жекеше, көпше?
Дүниетану
10 Жылдың неше мезгілі бар? (4 мезгіл)
20 Көкжиек тұстарын ата. ( солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс)
30 Бұл қай қала? (Алматы)
40 Адамға өмір сүру үшін не қажет?(ауа,су,жарық,жылу,тағам).
50 Адамның сезім мүшелері? (мұрын, тіл, қол, көз, құлақ)
Келесі кезеңге өтпеген оқушылар сыныптастарыңа тілек айтады.
4.«ЖОРҒА» кезеңі
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі және жылдам жауап беру қажет.
Сұрақтары:
1 - оқушыға
1. Аптаның бірінші күні? (дүйсенбі)
2. 30+30+30 неше болады?(90)
3. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?(жуан, жіңішке)
4. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)
5. Күзде жапырақтар қайтеді?(сарғаяды)
6. 10 саны неше таңбалы сан?(екі)
7. Өсімдіктің жер асты мүшесі?(тамыр)
8. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не дейміз?(түбір)
9. Жылқының төлі қалай аталады? (құлын)
10. Халықаралық әйелдер күні.(8 Наурыз)
2-оқушыға:
1. Аптаның екінші күні? (сейсенбі)
2. 20+20+20 неше болады? (60)
3.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді??(қатаң, ұяң, үнді)
4. Бір ғасырда неше жыл? (100)
5. Қыста не жауады?(Қар)
6. 100 неше таңбалы сан? (3)
7. Өсімдіктің тыныс алу мүшесі? (жапырақ)
8. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз? (жұрнақ)
9. Қойдың төлі қалай аталады? (қозы)
10. 22-НАУРЫЗ қандай мейрам?(НАУРЫЗ)
Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, оқушыны марапаттайды.
жүргізуші:
Ал, бүгін сенің жұлдызың жанып, бұл сенің жұлдызды сәтін құттықтаймын. Жеңімпаз оқушыға сөз беру. Қандай сезімдесің? Достарыңа не тілер едің?
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!- дей келе сайысымыз аяқтаймыз.