7


  • Учителю
  • 'Білім берудегі Кэмбридж тәсілінің сабақта ықпалдастырылуы'

'Білім берудегі Кэмбридж тәсілінің сабақта ықпалдастырылуы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы

Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі

Баяндама

«Білім берудегі Кэмбридж тәсілінің сабақта ықпалдастырылуы»

«Менің алғашқы ұстазым» аудандық форумы

Дайындаған: А.Қ.Тасбулатова


2015-2016 оқу жылы

Мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жыл сайынғы жолдауларында педагогтар құрамының сапасын арттыруға ерекше маңыз беріліп келеді. Соңғы кездері ақпарат құралдарында мектепте оқыту сапасын көтеру үшін тұлғалық-бағдарлы білім беру, саралап және даралап оқыту, инновация, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту, топтап оқыту т.б. әдіс -тәсілдерді пайдалану керек деген ой-пікірлер айтылып та, жазылып та жүр. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі теориялық оқытуға негізделген бағдарламасы Англияның Кэмбридж университетінде дайындалған. Осыны іске асырудың жолы жас ұрпақты сындарлы тұрғыдан оқытып, нәтижесінде ойын еркін жеткізетін, ынталы, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру. Ұлы неміс педагогы А. А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» - деген. Мұндағы сындарлы оқытудың мақсаты ретінде, бірінші кезекке оқушылардың пәнді терең түсінуін дамыту мәселесін қойған. Бағдарламадан күтілетін нәтиже оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрету. Соның нәтижесінде еркін , өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін ,ынталы ,сенімді, сыни пікір - көзқарасы жүйелі дамыған , сандық технологияларда құзырлылық таныта білетін оқушы ретінде қалыптастыру.

Қазіргі таңда оқушы білімді өзі үшін алуы керектігін, яғни қалай оқу керектігін үйреніп, өзіндік ой-пікірі бар қалыптастасқан тұлғаны тәрбиелеу қолға алынып отыр. Бұл теорияда балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, дайын білімді алуға емес, олардың қосымша іздену арқылы оқулықтан, мұғалімнен, әр түрлі дерек көздерінен алған білімдерін практикада, іс-жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шәкірттердің көкейкесті ойларын толық жеткізіп, қысылмай еркін жеткізуіне жағдай жасау да қарастырылған. Сонымен қатар мұғалімдерге де оқушылардың жан дүниесін түсініп, қосымша еңбектеніп, ізденуіне, олардың жеке тұлғаны тануы үшін үлкен талаптар қояды. Оқушылар да білімді өзі үшін алуы қажет екендігін ұғынып, өз бетімен білім алуға ұмтылады және оқушылар өздеріне сын көзбен қарап, еңбектеріне әділ баға береді.

Барлық оқыту үдерісін ұйымдастырып, көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, бағдарлама ең алдымен, мұғалімге қарай бағытталады. Өйткені мұғалімдер ойлау қабілеттері жоғары деңгейде дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, онда алдымен өздерінің де терең ойлау қабілеттерін дамытқан жөн. Сонда ғана біржақты, «тек менікі дұрыс» деген сенімнен гөрі, жаңашыл идеяларға деген көңіл көкжиектері ашылып, жаңаша қалыптасуы мүмкін.

Дәстүрлі оқытуда оқу жылының басында оқу бағдарламасының негізінде әр сыныпқа тақырыптық - күнтізбелік жоспар құратын едік, осы курстан кейін әр сыныптағы тарауларға орта мерзімді жоспар құруды және жоспарды басшылыққа ала отырып қысқа мерзімді жоспар құруды үйрендік. Сонымен бірге дәстүрлі оқуда үш мақсат жазатын болсақ, орта мерзімді жоспарда үш күтілетін нәтиже және сабақтарда қолданылатын әдіс- тәсілдерді айқын жазамыз. Сабақтың мақсаты бір ғана «үйрену» етістігімен аяқталады. Ал, күтілетін нәтиже Блум таксономиясы бойынша оқушы деңгейлеріне орайластырлып құрылады.

Осыған орай білім берудегі Кембридж тәсілі бойынша бағдарламаның негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген. Олар:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Мектебіміздегі Кембридж бағдарламасы бойынша білім алған мұғалімдер бастауыш сыныптарына осы жеті модуль бойынша дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгерттік. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибелерімізде оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабақтарымызды түрлендіріп өткізуге тырыстық. Ең алдымен бұрын сабақ жоспарланған кезде, өзіміз үшін жаздық, ал енді оқушылардың даму деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, оларға бейімдеп жазамыз. Әдеттегідей мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аудардық:

*Біз үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі,

*сабақтың негізгі идеясын анықтау,

*оқушыдан күтілетін нәтиже,

*сабақтың маңыздылығы.

*- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

*-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

*-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

*қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін?

*Өздері өздерін бағалай алама?

Деген сұрақтар туа бастады. Бұл сұрақтардың бәріне жауап беру үшін, көп еңбектену керек болды. Бастапқы кезде өте қиын болды. Жоспар құрған кезде ең түйінді мәселені табуда қиналдық.Әрбір сабаққа жоспар құрар алдында алдымен ойланып алдық: « Біздің оқушыларымыз не істей алады?»-деген сұрақтар мазалады. Сабақ кезінде берілген тапсырмаларды орындаған кезде көп дайындықты талап етті, уақыттан ұтылып қалдық. Бірақ күнделікті сабақта жаңа әдіс- тәсілдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларымыздың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын байқадық. Оқушыларымыз алғашқы сабақтардағыдай емес, сыныпта өз белсенділіктерін көрсете бастады. Бұдан байқағанымыз оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдіс-тәсілдердің маңызы ерекше екендігіне көзіміз жетті. Олай дейтініміз бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Сонымен қатар осы бағдарлама бойынша бастауыш сыныпқа сабақ беру кезінде кемшіліктердің көрініс беріп кеткеніне тоқталғымыз келеді. Уақыттың жетіспеушілігі оқушыларымыздыңда біздің де кей сабақты барлық сабақтарда емес) толық талдауымызға мүмкіндік бермей қалғандай болды. Бірақ, бұл келеңсіздіктер уақыт өте келе шешімін таба білді.

Ұстаздардың ұстанымы мықты болса, онда мектепте білім нәрімен сусындап жатқан шәкірттеріміздің де көзқарасы кеңейіп, алған білімі салмақты болары анық. Осындай да шетелдің атақты педагогы Hattieнің сөзі еске түседі. Сонда ол: «Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған»,-деген пікірі қазіргі заман талабына сай туындағанын байқаймыз.
Әлі күнге дейін бала оқытудың жүйесі ескі әдістің шырмауынан толық шықпағанына көзім жетті. Кейбір ұстаздар «сабақ өтті ме, өттімен» жүргендері бар екені сонадайдан көрініп тұрды. Белгіленген 45 минутты амалдап өткізуді ниет еткендерде кездесті. Ондай «мұғалімдерге» жаңа жүйені ұғындыру, түсіндіру қиынға соғатыны белгілі. Бірақ, «Бес саусақ бірдей емес», дегендей, мектепте Кембридж тәсіліне деген жаңашыл ұстаздардың ынтасы бар екені көңілімді марқайтты. Жаңалыққа жаны құмар мұғалімдердің ұсынысы, қозғаған көңілге қонымды оң пікірлерімен өз істеріне деген жауапкершілігін толық байқайсың. Әр мұғалім күнделікті жұмысқа келер алдында «Өз мектебіме өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?» деген өзекті сауалды үнемі жадында тұтқаны абзал. Сонда ғана балаларға берер тәлім-тәрбие жақсарып, білімді азамат қалыптастыра аламыз.
Қайтсем, өзім қызмет ететін мектебіме жаңаша өзгеріс енгізсем деп ой үстінде жүремін. Бұл үшін не істеуім керек? - деген сауал үнемі мазалайды. Соңғы кездерде қызметтес әріптестеріммен бірге осы өзекті мәселе төңірегінде ұдайы пікірлер алмасып келемін. Әрине, мектебімізде тәжірибесі мол ұстаздар бар. Олардың кейбірінің пікірлері көңілге қонады. Саралап, сараптап түйген ойларым да жоқ емес.
Атақты педагог Sinek:«Көшбасшылық қасиеттерді зерделеу мақсатында жүргізілген зерттеулер көшбасшылардың өздері атқарып отырған істерінің мақсаттарын, сондай-ақ көшбасшылықтың алып отырған орнын және жақсарту үшін нені өзгерту қажеттілігін ұғынудың маңызды екендігіне ерекше көңіл бөледі», дегені көп жайтты аңғартса керек. Ғалымның бұл сөзінен түйеріміз, әрбір азамат заманның ағымына ілесу керектігін үндейді. Іскерлікпен қатар нәтижелі тірліктің орын алуын меңзеп отырғанын айқын білеміз. Сол үшін ол көшбасшылықтың конустық метафорасын ұсынуы көп жайтты аңғартып отыр. Осы метафорада мектепке не үшін өзгеріс енгізуге тиістілігін, басқару әдісінде қандай тәсілді қолдануды анықтауымыз керек. Бұдан қорытынды шығарар болсақ, көшбасшы өз ұжымындағы барлық мүшелерін жаңа жүйенің тиімділігін жан-жақты ұғындырып, терең білімді болуына себепкер болғаны дұрыс.

Мектептегі оқытудың әдістерін не үшін өзгерту керек? Бұған жауап берер болсақ, қазіргі жаһандану кезеңінде ғылым күн сайын қарыштап даму үстінде. Сол үшін білім беру саласын қайта қарап, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ұмтылғанымыз жөн. ХХІ ғасырда мектеп оқушыларына нені оқыту керектігін түсінетін уақыт жетті. Өйткeнi қaзiргi oқyшы - ғылым мeн тexникaның дaмығaн зaмaнының oқyшысы. Aқпaрaттaр aғымы тoлaссыз бeрiлiп жaтқaн зaмaндa бұрынғы дәстүрлi тәсiлдeрмeн бeрiлeтiн бiлiм oлaрды қызықтырмaйды. Сoндықтaн бoлaр eлiмiздiң бiлiм дeңгeйi xaлықaрaлық дәрeжeмeн сaлыстырғaндa төмeндеу бoлып тұр. Қaзaқстaн aзaмaты рeтiндe бұл мәсeлeгe менде aлaңдaймын.

Өзімді бүгінгі таңда «керемет ұстазбын» деп айту ол тым артық деп ойлаймын, дегенмен де мен - заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы мұғаліммін.

«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды.

«Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей, мен де әр сабағымда балалардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлаудың әдістерін, диалог арқылы оқыту, АКТ сынды модульдерді кеңінен қолданып келемін. Сындарлы оқыту теориясы бойынша өткізілген сабағыма шолып қарасам, жалпы 7 модульдің ішінде өзін-өзі бағалау, жалпы бағалау модульі осы күнге дейін мен үшін қиындық туғызып келді. Мен осы қиындықты өз әріптестеріммен, ПШО порталындағы әріптестеріммен ой бөлісе отырып, тәжірибе алмасып шешімін тапқандаймын. Жалпы қалған модульдерді сабақтарымда ықапаластыра отырып өткіземін.


Шетелдік ғалымдар Стронг, Уорд және Грандтың сөздерімен ойымды аяқтағым келіп отыр. Олар: «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім», - деп бекер айтпаған. Бала оқыту жүйесінде мұғалімдерге үлкен міндет жүктелетіні айдай анық. Сол міндетті абыроймен атқару үшін күні-түні іздену, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді барынша мектеп өміріне ендіру - ұстаздар үшін парыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал