7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз' 2 сынып

Тәрбие сағаты 'Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз' 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ана тілім -дана тілім, айбарлым
Сырың терең, тұнығындай қайнардың
Ана тілім -қасиетім қастерлім
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын -деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тақырыптық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.
- Тілдер мерекесін
- Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес
«22 қыркүйек -Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.
1. Менің тілім біреу -ақ
Сөйлейтін де жазатын
Тауып қойған тілеуі -ақ
Қазақ деген өз атын
2. Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімде бүгінгі
Ана тілім сақтаған
3. Ана тілім ұраным
Ана тілім құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
Мұғалім: «Тіл не үшін керек»? Осы тіл не үшін керек?
Тіл бір -бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.
Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?
«Неге ана тілі деп бөледі?»
Себебі, әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.
- Балалар, сендер бір -біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?
- Қазақ тілінде, ана тілінде сөйлесеміз.
- Неге, біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.
- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген -бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.
4. Ана тілін біліп қой
Бостандығың теңдігін
Ана тілін біліп қой
Мақтанышым елдігің
5. Келе жатқан мәңгіден дара салтым
Мақтанышым елдігім парасатым
Сенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігім
Өміріме өң беріп жарасатын
мұғалім: Ана тілі туралы кім қандай мақал -мәтел біледі?
1. Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді
2. Піл көтермейді
Тіл көтереді
3. Ақыл көркі -тіл
Тілдің көркі -сөз
4. Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
5. Өнер алды -қызыл тіл
Ән: «Туған жер»
6. Ана тілді білмесем
Шат -шадыман жүрмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем
7. Өсірген ой -білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөзін
Мәнін терең білуді
Мұғалім: Балалар, міне осы өлең -тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде, ұлт та, ел де, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал