7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен қазақша 'Қазақстанның өзендері мен көлдері' 4-сынып

Дүниетану пәнінен қазақша 'Қазақстанның өзендері мен көлдері' 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Аты-жөні: Нурашева Жазира Кожагулкызы

Орал қалалық білім беру бөлімінің Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Біліктілік санаты: I санатты

Апта

Күні: 28.10.2015 жыл

Сабақ: Дүниетану

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның өзендері мен көлдері

Сілтеме

Дүниетану оқулығы 4 сынып Алматы 2015ж

Авторлары: Аймағамбетова Қ. Ким Н.А. Мырзақанова Г.Д. Напалкова Т.Г.

Әдістемелік құрал

Ғылыми әдістемелік педагогикалық журнал, Интернет желісі, Қазақстанның физикалық картасы. Сабақ жоспары Презентация, бейнеролик

Жалпы мақсаты

Оқушыларды өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен таныстыру. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерін кеңейту. Өзендер мен көлдерді қорғаудың жолдарын үйрену.

Күтілетін нәтижелер


Өзен, көлдер туралы біледі.

Өзен мен көлдің айырмашылығын ажырата алады.

Қазақстандағы өзен - көлдердің аттарын, қай жерде орналасқанын біледі.

Оқушының білімі тереңдейді.

Тақырыптың мазмұнын түсіну арқылы шығармашылық дағды қалыптасады.

Оқушының оқуда проблемаларды шешу қабілеті артады.

Негізгі идеялар

Қазақстанның өзен, көлдерін білу және олардың қандай пайдасы бар екендігін ұғындыру.

Тапсырмалар

(сабақтың жүрісі)

үй тапсырмасы, қызығушылықты ояту кезеңі, мағынаны тану кезеңі, сергіту сәті, ой толғаныс кезеңі, рефлексия, үйге тапсырма, бағалау

Дереккөздер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Әдіс - тәсілдер:


  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;«Стикердегі диалог» әдісі,

«Ой қозғау» әдісі, тест топтық жұмыс

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Миға шабуыл, «Сәйкестендіру», «Семантикалық карта», «Концептуалды кесте»,


Қолпаштау, «басбармақ», Смайликтерді сөйлету, бағдаршам

Құрал - жабдықтар

АКТ құралдары: Интернет, мультимедиа, карта, плакат, постер, түрлі - түсті бояу, ресурстар, стикер, топ ережесі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастырушылық кезеңі


Кіріспе


Топтарға бөліну


І. Психологиялық дайындық.

Тренинг. Балалар шаттық шеңберге тұрады. Бәрі бірге: сыныптың оқушыларын кішкентай глобустың суретін таңдап алады, глобустың артында жазылған өзен - көлдердің аты бойынша 4 топқа бөлінеді.

І- топ. Каспий теңізі

ІІ- топ. Есіл өзен

ІІІ - топ. Балқаш көл

ІV- топ. Жайық өзені

Топ басшысын тағайындайды, топ ережесін шығарады.

Қимылдайды, сабаққа деген қызығушылықтары артады. Көңілдері көтеріледі.

Балалар суреттерді алып, топқа қалай бөлінетіндіктерін тауып,

4 топқа бөлінеді.

топ ережесін шығарады.

Үй тапсырмасы

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жерасты сулары. Минералды сулар.

«Стикердегі диалог» әдісі

Балалар сіздердің орынықтарыңның артында сіздерге арналған тосын сый бар, алып оқып танысып, номерлеріне байланысты жауап бере беріңіздер.

1. Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?

2. Табиғатта су неше күйде болады? Cу туралы қандай жұмбақ білесің, айтып бер.

3. Жер асты суы қалай пайда болады?

4. Бұлақ дегеніміз не? Су туралы мақал - мәтел.

5. Жер асты суын қалай алып пайдаланады?

6. Артезиан құдының кәдімгі құдықтан айырмашылығы неде?

7. Минералды су деп қандай суды айтамыз?

8. Қазақстанда қандай шипажайлар бар?

9. Ақжайық шипажайы туралы не білесің?

10 Сарағаш шипажайы туралы білетініңді айт.

11. Жер шарының қандай бөлігін су алып жатыр?

12. Су қоймаларына нелер жатады?

Оқушылар

өткен тақырып бойынша стикерегі сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекітеді.

Бірін - бірі бағалау.

І- топ: Смайликтармен бағалау

ІІ - топ: Бағдаршам

арқылы бағалайды

ІІІ топ: Бармақпен бағалайды.

ІV- топ: Смайликтармен бағалайды.

Тұсаукесер


Қызығушылықты ояту кезеңі

  1. ІV. Бейнеролик тамашалау.

  2. Жаңа сабаққа кіріспе.

  3. Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде

  4. 7 өзеннің ұзындығы 1000 км-ден асады.

  5. Жер шарының бөлігін мұхиттар алып жатыр. Сондықтан ол - жердегі ең үлкен тіршілік ортасы болып табылады.

Жердің 70 пайызы сумен толтырылған, бірақ оның 1 пайызы ғана ішуге жарамды. Жерде ірі - төрт мұхит бар. Көлемі бойынша атағанда олар мыналар: Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит.

Жер бетінің ғарыштан қарағанда көгілдір болып көрінетіні - жердегі мол судың арқасы. Сондықтан да жер «Көгілдір ғаламшар» деп аталады.

Назар аударады.

Тыңдайды

«Ой қозғау»


Жаңа сабақты



Негізгі

бөлім


Дәптермен жұмыс:


.

Сергіту сәті

«Зерттеушілік әңгіме» әдісі

Балалар, сіздер өз топтарыңыздың нені білдіретінін білесіздер ме? Ойланып көрейік, әр топ осы өзенде мен көлдер туралы не білесіңдер?

Бүгінгі сабақ тақырыбын хабарлау.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қазақстанның өзендері мен көлдері (слайд) 1

(слайд) 2

Өзендер




Жазық (ағысы баяу) Тау (ағысы жылдам)

*Мәтінді өз беттерінше оқу.

-Қазақстанда қандай көлдер бар?

-Көлдер қалай пайда болады? Көлдің қандай түрлері бар?

-Көлдердің өсімдіктер және жануарлар әлемі.

Картамен жұмыс:
-тақтаға оқушыларды шығарып өзен, көл, теңіздерді тапқызу.

Жаңа сабақты түсіндіру. Презентация арқылы.

- Қазақстан кең байтақ өлке. Ол Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі.Қазақстан орман-тоғайлы, шалғынды, таулы, өзен,көлді жерлерге бай.
1) Өзеннің бөліктерін слайдпен көрсетіп, түсінік беру.
Жылға. Бастауы. Арна. Саласы. Сағасы. (Дәптерге жаздыру)

2) Баяу ағатын өзендер: Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс.
3) Тау өзендері қатты ағады. Электр энергиясын өндіреді. Ертіс өзеніне Бұқтырма су электр стансысы салынған.

4) Қазақстандағы тұзды көлдер:
Каспий, Арал, Балқаш-жартылай тұщы, жартылай тұзды.
Тұзды көлдерден тұз өндіріледі.
5) Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады.Оларды жасанды көл дейді.
Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ үйіп, бөгейді.Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады.

V. Дәптермен жұмыс:

Жұппен жұмыс.

Кескін картадан теңіз, өзен, көлдерді тауып бояу

Жеке оқушымен жұмыс. «Бес жол өлең»

Не? Су
Қандай? Мөлдір, сұйық
Не істейді? Ағады, қатады, ериді
Түйін Сусыз тіршілік жоқ.
Синоним Өлі табиғат

Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс.

  1. Сөз жұмбақ шешу: «Өзен, көл»

4. «Су - тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазу

Сергіту сәті Сен білесің бе?

Су өмір нәрі дейді. Осы бір қарапайым қағидаға зер салсақ суға қатысты бірнеше деректер келтіруге болады екен.

- Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 пайызы судан тұрады.

- Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 грамм ғана құрғақ зат алынады, яғны қарбыздың 98 пайызы судан тұрады.

- Адамның тамағына және ішуіне 2-3 л су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне 60 тонна су тұтынады екен.

- Адам салмағының 65 пайызы су десек, адам ағзасы 15-20 пайызынан айырылса тіршілігі тоқтайды. Адам сусыз бірнеше күн ғана шыдай алады.

- 1 кг картопты өсіруге - 300 л су, 1 кг бидай өсіруге - 1200 л су жұмсалады екен.

Топпен жұмыс Постер қорғау Ресурстармен жұмыс

І - топ: Каспй теңіз «Сәйкестендіру»

ІІ - топ: Қазақстанның өзендері туралы ақпаратты пайдаланып, математикалық есептер құрастыр.

ІІІ топ «Семантикалық карта»

ІV - топ Топтастыру стратегиясы

Оқушылар өздерінің білетіндерін айтып шығады. Картадан табады.

Топпен жұмыстанады. Балалар өз ойларын ашып айтйп, ойларын дәлелдейді. Жұмыстың соңынды топтар бірін - бірін бағалайды.


Түрткі сұраққа жауап бере отырып, өз ойларын дәлелдейді.

Кітаптағы мәтінді оқып, танысады.


Топпен жұмыс жасайды.

Сәйкестендіреді

Есеп құрастырады.

Кестені толтырады

Әр топ жұмыс жасап болғасын Постер қорғайды басқа топ мүшелері бағалайды.

Қорытынды

Қорытындылау Тест жұмысы.

1.Қазақстанда ірілі-ұсақты қанша мың өзен бар?

А) 85 ә) 95 б)83

2. Елордамыз Есіл өзенінің қай жағалауында орналасқан?

А) оң ә) сол б) орналаспаған

3. Жайық өзенінің жалпы ұзындығы неше км?

А)2438км ә) 2824 км б)2428км

4.Қазақстанның өзендері:

А) Ніл Ә) Сырдария Б) Енисей

5. Ерекше көлді тап

А) Каспий Ә) Арал Б) Балқаш

Көршілерімізбен алмастырамыз, тексереміз




Рефлексия

Суреттер беріледі. (еттартқыш, қоқыс жәшігі, чемодан)

Бүгінгі сабақ туралы ойларын білдіреді. ,

Бүгінгі сабақта қарастырылған мәселелер бойынша маған қажетті деген материалды чемоданға саласыздар, маған әлі де толықтыруым қажет дегендерді еттартқышқа саласыздар, әлі түсінген жоқпын дегендерің қоқыс жәшігіне саласыздар

Бағалау

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.

Әр топтан бағалаушы оқушылар бағалау парағын тапсырады.

Ойларын жазады.

Бағалау

Басбармақ әдісі арқылы бағалау Формативті бағалау. Әр топ жауап берген соң қолмен шапалақтап отырады, бірін - бірі ауызша бағалау.

Балалар басбармақ арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма

Қазақстанның өзендері мен көлдері тақырыбын оқу, мазмұнын айту.

Күнделіктерін ашып үй тапсырмаларын жазып алды.

Келесі оқу

Өзендер мен көлдер туралы қызықты материалдар жинастыру.


Сабақты талдау

Топ жұмыстарын талдау, жеке жұмыстарын талдау.


Сабақтар бойынша өзгертулер

(сабақты талдаудан шыққан ой - пікір.)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал