7


  • Учителю
  • Конспект урока по литературе «Аққұс туралы аңыз» (3 класс)

Конспект урока по литературе «Аққұс туралы аңыз» (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Беделбекова Бұлбұл Нүсіпәліқызы

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар

№ 29 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі


Сабақтың тақырыбы:

«Аққұс туралы аңыз»

3 сынып

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Ш.Қалдаяқовтың өмірінен қысқаша түсінік беру. Сазгерлік өнердің рухани құндылық екенін мәтіннің мазмұны арқылы түсіндіру.

  2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту. Танымдық белсенділігін арттыру. Өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру. Топпен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа үйрету.

  3. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, сезімталдыққа тәрбиелеу. Өнерге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі: аралас

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, маркер.

Әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.

1. Психологиялық дайындық.

- Қане, шеңбер құрайық. Өзіміздің жақсы көңіл-күйімізді бір - бірімізге берейік.

«Бірлік болмай, тірлік болмас» -

Деген сөзді есте ұстап,

Татулықты әркез сақтап,

Білімге құштар болайық!

  • Рахмет, балалар, отырыңдар!


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге не берілді?

Суретші Ә.Қастеев туралы мәтінді мазмұндау, қосымша деректер жинастыру.

Әр топқа жеке тапсырма.


І топ. Мәтін бойынша Ә.Қастеев туралы әңгімелеу.

ІІ топ. Ә.Қастеев туралы қосымша деректер жинау.

ІІІ топ. Ә.Қастеев туындыларын атау, талдау жасау.


ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

Ә.Қастеевтің қылқалам шебері, атақты суретші екенін білдіңдер. Ол кісінің туындыларымен таныстыңдар. Ә. Қастеев Қазақстан тарихындағы барлық оқиғаларды қағаз бетіне асқан шеберлікпен бейнелеп отырған.

Қазақ халқында өнерлі, атақты адамдар өте көп. Олар ақындар, жазушылар, суретшілер, сазгерлер, әншілер.

Жаңа сабаққа дайындық.

Ендеше, бүгінгі сабағымыз да өнер иесі туралы болмақ. Алдымен сөзжұмбақ шешейік.

Мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.

.... қолы ортақ.

Ұстаздан .... озар.

Өнерлі бала .... .

Ата көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон .... .

Жігіт адамға .... де аз.

Сөзжұмбақтың ортасында қандай сөз шықты? (Шәмші)

Ендеше, Шәмші Қалдаяқов деген өнер адамын естулерің бар ма?

ҚР әнұранының авторы - Ш.Қалдаяқов.

Әнұранның авторларын атаңдар.

ІУ. Жаңа сабақ.

1. Шәмші Қалдаяқов туралы жазған Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» атты әңгімесімен танысамыз.

Ш.Қалдаяқов 1930 ж. тамыздың 15-і Қарақоңыр ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 ж. ақпанның 29-ы қайтыс болған.

Оразбек Бодықов Ш.Қалдаяқовпен таныс болған, бірге жүрген кісі, жазушы.

2. Оқулықпен жұмыс.

Сөздік жұмысы. Тау мүлгіп - тау ұйқыға кетіп.

Көл тынып - көл тып-тыныш күйге түсіп.

Аспан егіледі - аспан жылағандай күйге түседі.

Оқушылармен жұмыс.

Мәтінді 3 топқа бөліп тізбектей, мәнерлеп оқыту.


У. Түсінгендерін сұрау.

Тапсырма:

І топ.

  • Шәмшінің даусы қандай еді?

  • Автор Шәмшіге қандай сұрақ қойды?

  • Шәмшінің жауабы

ІІ топ.

  • Аққұс қайда мекендейді екен?

  • Аққұс ән салғанда табиғат қандай күйге енеді?

  • Аққұстың елді тамсандырған әні неге жетті?

ІІІ топ.

  • Ақтық шағы тақалған Аққұс не деп өтінді?

  • Ән салғанда табиғат қандай күйге енді?

  • Қарақұсқа ән қалай әсер етті? Ол не істеді?

Соңында «Әннің құдіреті» осында - деп Шәмші сөзін аяқтайды.

  • Сонымен, әннің құдіреті дегенді қалай түсіндіңдер?

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмысын көшіріп жазу.


УІ. Сабақты бекіту.

Суретпен жұмыс.

Тапсырмалар:

І топ.

Суретке қарап "Шәмші әнінің құдіреті" деген шағын әңгіме құрастыру.

ІІ топ.

"Аққұстың қуанышты әні" деген тақырыпта сурет салу.

ІІІ топ.

"Аққұстың мұңды әні" деген тақырыпта сурет салу.


УІІ. Сабақты қорыту.

Шәмші Қалдаяқов өнер иесі екен. Өнердің тағы қандай түрлерін білесіңдер?




Ш.Қалдаяқов қандай өнер иесі?

- Сазгер.


УІІІ. Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу,мазмұнын айтуға дайындалу.

Ш.Қалдаяқовтың бір өлеңін дәптерге жазып келу.

ІХ. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал