- Учителю
- ӘДебиеттік оқу 'Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі' (4 сынып)
ӘДебиеттік оқу 'Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі' (4 сынып)
Киров жалпы білім беретін негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Бекмулдина М.М.
Озерный-2015
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқыта отырып, мәтіндегі негізгі ойды ашу, . мәнерлеп оқуға үйрету, ауызша баяндау дағдыларын, . шығармашылық қабілетін дамыту
Күтілетін нәтиже:
-
мәтіндегі басты идеяны өз беттерінше ұғына алады;
-
өз пікірлерін ашық білдіре алады, дәлелдей алады;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, баяндау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: Н.Сералиев портреті, ребус, құстардың суреті.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
үйден жазып келген ана туралы эссені жинап алу.
-
«Әлемді шарлау стратегиясы» бойынша «Ана» сөзіне түсінік беру.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
-
Ребус «Қарлығаш»
-
Қарлығаш сөзін сипаттау, ассосация.
1 - оқушы
Қарлығаш - айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Басқа құстардан бiр айырмашылығы - жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар.
2 - оқушы
Қарлығаштың 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қар - лығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлы - ғашы. Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман - тоғай, өзен - көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Қарлығаш - пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын - шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi
3 - оқушы
Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп - шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.
Қажет дерек
Қарлығашқа байланысты ырымдар (тақтадан оқылады)
Қарлығаш биiктеп ұшса - күн ашық болады,
Жер бауырлап ұшса - жаңбыр жауады.
Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң.
-
Аңыз
Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген. Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен. Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай, киіз үйін жықпапты. Қалмақтың әскер басы себебін сұраса, Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті. Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.
Сары шымшықты ауылдан да, қаладан да кездестіруге боладыМұның есесіне жаздыгүні ол оңайлықпен көзге түсе қоймайды. Жақ жүндері аппақ осы бір тинемдей құс жаздың ұзақ күндері бір тыным таппайды, шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен арасында ерсілі-қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.
ІІІ. Мағынаны тану.
-
Жаңа сабақ.
Нәсіреддин Сералиев (25.10.1930, Қашқансу ауылы - 20.11., ) - жазушы. Қызылорда педагогика институтын (қазіргі ) бітірген. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған
«Ұшталмаған Қарындаш»Әңгімелер.
«Намыс». Әңгімелер.
«Ақ лақ пен қара лақ». Әңгімелер.
«Әңгелек». Әңгімелер.
«Акбөпе». Повесть.
«Ақ қайың». Повесть.
«Ыстық күлше». Повесть.
«Қаңтар». Повесть.
«Алтын ғұмыр, алғашкы махаббат». Таңдамалы шығармалар.
«Дәукен атаның немерелері» Повестер мен әңгімелер.
-
Сөздікпен жұмыс.
Жамырап кету - төлдің енесін еміп қоюы
Азаннан - таңертеңнен
Шөпшек - отқа жағатын қу бұта
Тақуа - дінге берілген адам
Көгендеу - малдың төлін енесінен жеке байлау
Там - Қазақстанның кейбір аймағында үйді там дейді
Пұшайман болу - күдіктену
-
Мұғалімнің оқуы, түсіндіруі, талдау.
-
Оқушыларға тізбектете оқыту.
IV. Сергіту сәті.
V. Сұрақ - жауап.
-
Балалар, қалай ойлайсыңдар, оқиға қай кезде болған?
-
ҰОС қай жылы басталды?
-
Қай жылы аяқталды?
-
9 мамыр неліктен Жеңіс күні деп аталады?
-
Биыл Ұлы Жеңістің неше жылдығын тойлаймыз?
-
Ия, Ұлы Жеңістің тарихта алатын орны ерекше. Бүкіл Кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста миллиондаған аналар жесір, балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкім де, ешқашан да ұмытпайды.
-
ҰОС батырларын білесіңдер ме?
-
Батырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
VI. Қорытынды. «Ия», «Жоқ». Оқушылар қиық қағаздардағы сөйлемдерді алып «ия», «жоқ» деп жауап беру керек.
-
Бала шымшықты атам деген ойына жете алмады.
-
Анасы ашуланып баласын таяқтың астына алды.
-
Анасы соғыс кезінде анасына үй шаруасына көмектескен.
-
Анасы қарлығашты босатып жіберді.
-
Анасы өлген қарлығашты көріп, бақырып жылап жіберді.
-
Анасы өз анасына: «Қарлығашты тоғайға апарып көмдім» - деп шынын айтты.
VII. Бағалау. Бағалау «Өте жақсы», «Жақсы», «Жаман емес» смайликтерімен жүзеге асады.
VIII. Блоб ағашы.
- Сабақты қандай деңгейде түсіндіңіз?