7


  • Учителю
  • Интеллектуалдық шоу 'Ғажайып математика' бастауыш сыныптар

Интеллектуалдық шоу 'Ғажайып математика' бастауыш сыныптар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Киякпаева Шынар Казыркановна

ШҚО, Көкпекті ауданы,

Ж.Шайжүнісов орта мектебі КММ

Бастауыш сынып мұғалімі.


Ғажайып математика. сайысы

Армысыздар көпшілік қауым!

Бастауыш сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Ғажайып математика» атты білгірлер сайысына қош келдіңіздер!


Сайысымыздың мақсаты:

Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзі шеше білуіне ықпал жасау, өз күшіне сенімін арттыру.


Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:

  1. Танысу сәті;

  2. Бой сергіту;

  3. Үй тапсырмасы ( қызықты есептер жасыру);

4. «Кім мықты?» (Логикалық есеп);

5. Алты жұмбақ ;

6. Шығармашылық тапсырма.

Баға берер сіздерге,

Қара қылды қылышпен қақ жаруға.

Әділқазы алқасын біз сайлайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.-деп әділ қазылар алқасымен таныс болайық

Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Білімдінің ырысы

Жарқырап жатар жолында.-деп бірінші кезең таныстыру.


Ойланайық азырақ,

Уақытыңды үнемдеп.

Жылдам ойлап жауап бер,

Тапқырлығыңды көрейік.-деп екінші кезең бой сергіту.


Айыра біл жақсы менен жаманды,

Айыра біл қарындаш пен қаламды,

Айыра біл соқпақтарын өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы.-деп үй тапсырмасына берілген қызықты математикалық есептерді қарсыласымызға жасырайық.

Мықты болсаң, алдағыны басып оз,

Мықты болсаң, арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң, тайғанама, құлама,

Мықты болсаң, бөгеттерді бұзып өт!-кім мықты кезеңі логикалық тапсырмалар беріледі ойланып дұрыс жауап беруге тырысайық.


2 сынып

Таяқшалардан 6 үшбұрыш құрастырылған. 4 таяқшаны алып тастап, осындай 3 үшбұрыш қалдыр.


Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?


3 сынып

Бірінші баланың әкесі ұлына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 теңге берді. Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса , 150 теңге ғана болып шықты. Неліктен?

Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?


4 сынып

Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеді?


Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді?


Келесі кезеңіміз «алты жұмбақ» деп аталады.

Ол оқушы құралы,

Қатеңді түзеп тұрады.


Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі.


Он екі ақ парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап.


Апалы-сіңлілі келеді,

Біріне-бірі ереді


Төрт аяғы болғанымен

Жүре алмайды өздігінен.


Бір атқанда он алдым,

Он атқанда мың алдым


Соңғы кезеңіміз шығармашылық тапсырма.

Берілген геометриялық фигураларды барынша көбірек пайдаланып белгілі бір зат жасап шығыңыз


Көрермен сен де отырма босқа қарап,

Өзіңе арналады көп сұрақ

Әділқазыларымыз жеңімпазды анықтағанша сідерге сұрақтар жасырайын тауып көріңіздер


1.Табақтағы жемісті,

Бұлай ғана бөлісті.

Екі анасы,қос баласы,

Әжесімен немере

Бір-бірден тиді алмасы,

Айтшы қанша жан басы.


Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке

Мықты болсаң қанша екенін тез есепте

Алдында екеу,екеуі келеді артында

Екі-екіден келеді қос бүйірде




Келесі кездескенше сау болыңыздар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал