- Учителю
- Интелектуалды ойын ХХІ ғасыр көшбасшысы
Интелектуалды ойын ХХІ ғасыр көшбасшысы
«ХХІ-ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны
3-сынып
Мақсаты:Жарыс-ойын формасында ұйымдастыру арқылы оқушылардың
негізгі пәнге деген қызығушылығын арттыру және танымдық
қабілеттерін дамыту.Жарусуға, жарыста жеңімпаз болуға
ұмтылысын дамыту. Дарынды оқушыларға қолдау көрсету.
Ойын барысы:
-
«Бәйге»
-
«Тілмаш»
-
«Көкпар»
-
«Мақал сөздің мәйегі»
-
«Оқушының ойы»
-
«Жорға»
-
«Бәйге»
Бұл бөлімнің шарты: оқушыларға 3 пәннен құралған 20 сұрақ оқылады. Бірінші болып жауап берген оқушыға ұпай қосылады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай болып есептеледі.
Сұрақтар:
-
Адамдардың қатынас құралы? (тіл)
-
Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
-
Алма ағашында 10 алма өсіп тұр, ал теректе одан екеуі кем. Теректе неше алма өсіп тұр? (теректе алма өспейді)
-
Қайсысы жеңіл 1 кг мақта ма, әлде 1 кг темір ме? (бірдей)
-
Қазақта неше жүз бар? (үш жүз бар)
-
Уақыт бірліктерін ата (секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр)
-
Қазақта үш бидің басын қосқан кім?(Абылай хан)
-
Еліміздің рәміздерін ата (Ту,Елтаңба, Гимн)
-
Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата (мм, см,сд,м, км)
-
5 жүздік 3 ондық 6 бірліктен құралған санды ата (536)
-
Қ.Р. тұңғыш президенті қашан сайланды? (1991 жылы 1-желтоқсанда)
-
Өсімдік мүшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс)
-
Екі әкесі, екі баласы төрт жұмыртқа жеді. Әрқайсысы неше жұмыртқадан жеді? (1 жұмыртқадан жеді)
-
Жанұяда 7 ұлдың 1 қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (8 бала бар)
-
Апта күндерінің атын және реттік нөмірін атамай бес күнді айт (кеше, бүгін, ертең, алдыңғы күні, арғы күні)
-
Қазақта тұңғыш ғарышқа ұшқан кім?(Т. Әубәкіров)
-
Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз? (зат есім)
-
Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (оның қабырғаларының ұзындығының қосындысына тең)
-
Қыркүйек айынан кейінгі айды ата (қазан)
-
Туда нелер бейнеленген? (күн, қыран құс, ұлттық ою)
-
«Тілмаш»
Бұл бөлімнің шарты: оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Шешуін қазақ және орыс тілінде айтуы тиіс. Толық жауап 20 ұпай, жартылай жауапқа 10 ұпай беріледі.
-
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған (бор-мел)
-
Ұрмай-соқпай жылатады (пияз-лук)
-
Жұқа тақтай өлшемі
Ұзындықтың өлшемі (сызғыш-линейка)
-
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ (кітап-книга)
-
Болғанмен көп инесі,
Іс тікпейді оның иесі (кірпі-еж)
-
Сырт-сырт соғады,
Уақыт озады. (сағат-часы)
-
Ти десең тимейді, тиме десең тиеді (ерін-губы)
-
Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр (от-огонь
-
Суға түссе көбік, судан шықса кебік (сабын-мыло)
-
Отқа түссе жанбайды, суға түссе батпайды. (мұз-лед)
-
«Көкпар»
Бұл бөлімнің шарты: 3 пән бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі
-
Жеңіл - 10 ұпай
-
Орташа - 20 ұпай
-
Күрделі - 30 ұпай
-
«Мақал сөздің мәйегі»
Бұл бөлімнің шарты: оқушыларға мақал-мәтелдің басы оқылады, оқушылар жалғасын табуы керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
-
Ырыс алды - ынтымақ
-
Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала
-
Бірлік болмай-тірлік болмас
-
Өнер алды-қызыл тіл
-
Ақыл дос, ашу дұшпан,
Ақылыңа ақыл қос
-
Ат айналып қазыған табады
-
Қына тасқа бітеді, ақыл басқа бітеді
-
Ақыл азбайды, білім тозбайды
-
Отан үшін отқа түс- күймейсің
-
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
-
«Оқушының ойы»
Оқушылар ұяшықтағы тақырыптардың бірін таңдап, сол тақырып бойынша өз ойын ортаға салады. Басты назарға алынатыны-оқушының тақырыпты ашуы, сөйлеу мәнері мен сауаттылығы. Жоғары ұпай-10 ұпай
Тақырыптар:
-
Нан-қасиетті тағам
-
Әдепті бала-арлы бала
-
Отан-отбасынан басталады
-
Менің ауылым
-
Жорға
Бөлімнің шарты: 1 минут ішінде 10 сұрақ , Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Жалпы ұпай саны 10
1-оқушыға сұрақ
-
Конституция күні қай айда аталады? (тамыз)
-
Бір сағатта неше минут бар? (60)
-
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
-
Орман емшісі не? (тоқылдық)
-
Тәуелсіздік монументінде кімнің бейнесі бар? (алтын адамның)
-
\Көкжиектәің тұстарын анықтайтын құрал (компас)
-
Күз айларын ата (қыркүйек, қазан, қараша)
-
Иіс сезу мүшесі (мұрын)
-
Білім ордасын кім басқарады? (директор)
-
Қоянның баласын қалай атайды? (көжек)
2-оқышыға сұрақ
-
Тәуелсіздік мерекесі қашан? (желтоқсанда)
-
Бір аптада неше күн бар? (7)
-
Сөздің басында жазылмайтын әрәп (ң)
-
Қыста ұйқыға кететін аң (аю)
-
Ұзындықты өлшейтін құрал (сызғыш)
-
Жыл мезгілдерін ата (қыс, көктем, жаз, күз)
-
Қасқырдың баласын қалай атайды? (бөлтірік)
-
Сипап сезу мүшесі (тері)
-
Ауданды кім басқарады? (әкім)
-
Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
Жеңіске жеткен оқушы анықталып, марапатталады.