7


Дара және күрделі етістік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</

Сыныбы: 3 « А »

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың дара және күрделі етістіктер туралы алған білімдерін одан әрі кеңейту;

Сөйлем ішінен дара және күрделі етістіктерді ажырата білуге машықтандыру;

Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Түрі : Аралас сабақ

Әдістері : Сұрақ - жауап, көрнекілік, СТО стратегиясы.

Көрнекіліктер: Суреттер, іс-қимылды білдіретін сөздер, сөзжұмбақ, үнтаспа.



Сабақтың барысы:



І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. «Ойқозғау» Сөзжұмбақ шешу (қосымша бетте)

Сұрақтары:

1.Қосымшаның неше түрі бар? (екі)

2.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі. (түбір)

3.Адамға ғана қойылатын сұрақ (кім?)

4.Сөздің түбірге жалғанған бөлігі. (қосымша)

5. «Арзан» сөзіне қарама-қарсы мағынадағы сөз. (қымбат)

6.Екі немесе үш сөзден құралатын етістік. (күрделі)

7.қазір қай мезгіл? (көктем)

Ерекшк сызықпен бөлінген сөз...-(етістік)



2.Сұрақ-жауап:

-Етістік дегеніміз не?

-Етістіктің неше түрі бар?

-Дара етістік дегеніміз не? Мысал.

-Күрделі етістік дегеніміз не? Мысал.



ІІ.Негізгі бөлім.



1.Дәптермен жұмыс.

*Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып айт.

Дара және күрделі етістікДара және күрделі етістік



-Ит арсылдайды.-Шегіртке шырылдайды.



Дара және күрделі етістікДара және күрделі етістік

-Мысық мияулайды. -Шыбын ызыңдайды.





Дара және күрделі етістік



-Әтеш шақырады.



*Осы дара етістіктерді қимылмен көрсету.



2.Оқулықпен жұмыс.

390-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз. Етістіктерді тап.



* «Дауысынан ажырата білейік» ойыны. (Үнтаспа қосу).

Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту.



Дара және күрделі етістікДара және күрделі етістік



-Жылқы ... (кісінейді)-Қаз ... ( қаңқылдайды).





Дара және күрделі етістікДара және күрделі етістік



Балапан ... ( шиқылдайды).-Қой ... ( маңырайды).







Дара және күрделі етістік





-Сиыр... ( мөңірейді).

(Зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып айт).



-Балалар, алдымызды қандай үлкен мейрам келе жатыр? (Наурыз)



*Наурыз айы - Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Наурыз - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз.



(Қазақтың салт -дәстүрі, ұлттық ойындарына тоқталу)





Дара және күрделі етістікДара және күрделі етістік







Дара және күрделі етістікДара және күрделі етістік





-Қай жылды қарсы аламыз? (жылқы)



Дара және күрделі етістік



*Жылқы туралы қосымша мәлімет:



Жылқы-сайын даланың сәні, ердің қанаты. Еті мен сүті ауырған жанға шипа. Туған жерін қашықтан танитын есті жануарды атам қазақ серігім деп біледі, ерекше қастер тұтады.



3.Сергіту сәті. (Аттың шабысын қимылменкөрсету)



392-жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөздермен сөйлем құрап жаз.

1.Тиін тоғайда болады.

2.Дидар тақтайды сүргіледі.

3.Біз малды суаодық.

393-жаттығу. (берілген сөздерді тақтаға ілу). Мағынасы қарама-қарсы етістіктерді жұптап жаз.

Жапты-ашты, байлады-шешті, шашты-терді, үзді-жалғады.



ІІІ.Сабақты қорытындылау.



*Соңғы сөздердің мағынасына қарай өлең құрастыр.

Шығармашылық жұмыс.



... келді (көктем)

... қуанды (балалар)

... сайрады (құстар)

... жайнады (бақтар)



ІV.Үйге тапсырма: 141 бет-394 жаттығу.

V. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал