- Учителю
- Ғарышқа ұшу. Сөйлем.
Ғарышқа ұшу. Сөйлем.
Ана тілі № 83 сабақ
20.04.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа ұшу. Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
а) Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы түсінік бере отырып, «Ғарышқа ұшу» өлеңімен таныстыру
ә) Сөйлеу тілдерін өй-өрісін дамыту.
б) Сауатты жазуға, бірін-бірін тыңдауға, сыйлауға, адам бойындағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Т.Әубәкіров суреті, өмірбаяны
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
IV. Мақсат қою кезеңі:
Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)
Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсақ ғажайып,
Соңында із қалады.(Зымыран)
Құстан аумайды,
Көкте зулайды.( Ұшақ )
V. Жаңа сабақ: Тұңғыш ғарышкер туралы, оның өмірбаяны туралы мағлұмат беру.«Ғарышқа ұшу» өлеңін мәнерлеп оқу.
-Балалар, қазақтың тұғыш ғарышкері кім? Ол туралы не білеміз
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы шілденің 27 - де Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, 1 май ұжымшарында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білім жоғары.
Техника ғылымдарының докторы, академик авиация генерал - майоры, 1965 - 1969 жылдары Армавир әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш - инженер. Біздің жеріміз орман, тау, өзен, көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Біздің өмір сүретін ортамыз - Жер планетасы. Ғарыш әлемін көру үшін Зымыранмен ұшу қажет. Зымыран жер мен аспан арасындағы ең жедел транспорт. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлеміндегі өзгерістерді суретке түсіріп, ондағы ауа мен топырақты зерттейді. Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киімдер киеді. Ол СКАФАНДР деп аталатын киім ғарышқа ұшуға лайықталған киім.
Техника ғылым докторы, профессор. Кеңес одағының батыры. Сонымен Тоқтар ағаның ізін басқан яғни ғарышқа ұшқан ғарышкер Талғат Мұсабаев. Жыл сайын 12 сәуірде ғарышкерлер мейрамын барша Қазақстандықтар тойлайды.
VI. Жаңа материалды пысықтау:
Ой қозғау
Сөзжұмбақ шешу. «Байқоңыр»
1. Ғарышқа үш рет ұшқан қазақ ғарышкері (Мұсабаев)
2. Қазақ геологы кім? (Қаныш)
3. Қазақтың алғашқы ғарышкері кім? (Тоқтар)
4. Юрий ұшқан ғарыш кемесінің аты. (Восток)
5. Н дыбысына ұқсас әріп (Ң)
6. Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы (Гагарин)
Сергіту сәті
158-жаттығу. Өлеңді оқып шығып, көшіріп жазу.
Бақоныр
Ғарышкерлер мекені-
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай жер сағанжетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр! Е.Ерботин
VII. Бекіту кезеңі: мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру. Ғарышқа ұшу.
-Сөйлем дегеніміз не?-Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?-Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?
VIII. Үйге тапсырма, бағалау : Геолог өлеңін мәнерлеп оқу