- Учителю
- Ашық сабақ. Тақырыбы: 'Сөйлем мүшелері' (3 сынып)
Ашық сабақ. Тақырыбы: 'Сөйлем мүшелері' (3 сынып)
Пәні | Қазақ тілі | |||
Мұғалімі | Сейілбекова Зина Ермекқызы | |||
Күні | 02.12.2015ж | |||
Сыныбы | 3 «Г» | |||
Сілтеме: | Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова | |||
Сабақтың тақырыбы | Сөйлем мүшелері 84-90 жаттығулар | |||
Сабақтың мақсаты | Сөйлем мүшелерінің байланысы туралы білімдерін толықтыру. | |||
Күтілетін нәтиже | Оқушылар сөйлем мұшелерінің байланысын біледі, білген білімін топпен жұмыс істеуге пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамытады Берілген жаттығуларды көркем, сауатты жазады. | |||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
|
-«Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс-тәсілдері | |||
Керекті жабдықтар | плакаттар, суреттер, үлестірмелі карточкалар. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Модульдер көрінісі | |
Психологиялық дайындық Топқа бөліну Сергіту сәті | Шенбер құру Гүл, кітап, доп, қалам сөздері арқылы топқа бөлу «Кел билейік» биі | Оқушылар сабақты жақсы көңіл күймен бастау үшін бір-біріне жақсы тілек сөздер айтады. 4 топқа бөлінеді
Сергіту биін билейді. | ОЖТ
АКТ | |
Үй тапсырмасын тексеру
| Үйге берілген тапсырманы тексеру | Жазған жаттығуларын оқиды, тексереді Бағдаршам арқылы бір-бірін бағалайды.
| ОЖТ (ДО) ОүБ | |
Білу | Доп лақтыру» әдісі арқылы диалогқа түсіру. Ережелерді сұрау | Өткен тақырыптар бойына сұрақтарға жауап береді, топпен өз білімдерін көрсетеді. |
ОЖТ (ДО) | |
Түсіну | Оқулықпен жұмыс 84-жаттығу. «Сұрағын тап» ойыны арқылы ұйымдастыру | Жұмбақтың шешуін табыдыЖаттығудағы сөйлемдерді көшіріп жазады, сұрақтар қояды, сөйлем мүшелеріне талдайды. Қонақтар төрге отырды. Мөлдір шай жасады. Дастарқанды дімді тағамға толтырды. Шайды әжесі құйды. | СТО ДО ОүБ | |
Қолдану | 73- жаттығу Мақалдың жатқа жаздыру, мағынасын сұрау | Мақалды оқиды, мағынасын түсіндіреді, жаттайды, жатқа жазады. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің астын сызады Кең киім оңай тозбайды, Кеңесті ел азбайды.
| ОЖТ (ДО) ОүБ, ЖЕ
| |
Талдау
| Топпен жұмыс
Топтар бір-бірін бағалайды | 1-2т.Сурет бойынша әңгіме құрастырады
3-4т. Адасқан сөйлем мүшелерін өз орнына қояды
| СТО, ЖЕ ОүБ | |
Жинақтау
| Бір сөз сөйлемнің әр түрлі мүшесі» ойыны Жеке-жеке сөз беріледі. Сөздерді түрлеше қолданып, сөйлемнің әр түрлі мүшесі етіп сөйлем құрату | Берілген сөздерден әр түрлі сөйлем мүшесі етіп сөйлем құрайды Мысалы: Бала оқып отыр. Оқып отырған-бала. Баламен бала болма. Баланың тілі қызық. | СТО, ДТО ОүБ | |
Бағалау Кері байланыс Үй тапсырмасы
| Бағалау парақтары Екі жұлдыз, бір тілек
76- жаттығу.
| Бағалау парағы бойынша қорытынды бағасын шығарады
-Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздеріне ұнаған екі әрекеттері туралы ойларын және бір ұсыныс, тілектерін стикерге жазады. | ОүБ ОБ |