7


  • Учителю
  • Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.

Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері және оның қызметі.Тамыр.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Оқушыларға өсімдік және оның мүшелері жайында ұғым қалыптастыру. Тамыр туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі: Табиғатты сүюге,аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, суреттермен жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы:

I.Қызушылығын ояту.

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.

3. Топқа бөліну.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ: өсімдіктің балауса шағы

2-топ: өсімдіктің «жастық шағы»

3-топ: өсімдіктің «қартайған шағы» туралы әңгімелеу.

III. Білімдерін жан-жақты тексеру. Ой қозғау стратегиясы.

«Бәйге ойыны»

  • Табиғат дегеніміз не?

  • Табиғат нешеге бөлінеді?

  • Өсімдік қандай ағзаға жатады?

  • Ауаның қасиетін ата.

  • Өз жеріңде таза ауа болу үшін не істеуге болады?

  • Судың қасиетін ата.

  • Судың үш күйін ата.

  • Топырақ деген не?

  • Топырақтың құрамын ата.

  • Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі?

  • Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

  • Оларды қорғау үшін не істеу керек?

IV. Жаңа білімді меңгерту.

Сұрақ-жауап бойынша:Өсімдік мүшелеріне нелер жатады?

Сызбаны оқушыларға толтырту.

гүлӨсімдік мүшелері

тамыр

жапырақ

сабақ

жеміс

тұқым

Өсімдік мүшелері


Миға шабуыл. Қызығушылықтарын арттыру. Сөзжұмбақ шешу.



Т

Ұ

Қ

Ы

М

С

А

Б

А

Қ

Т

Ұ

М

А

Н

Т

О

П

Ы

Р

А

Қ

Т

Е

Р

Е

К

1. Күзде себілетін дән.

2.Өсімдіктің барлық мүшесін бір-бірімен жалғастырып тұратын мүшесі.

3.Табиғат құбылысы.

4.Өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат.

5. Ағаш.

- Өсімдіктің жер асты мүшелері қалай аталады?

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту. Талдау.

Тамыр - өсімдіктің жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және өсімдікті қорекпен қамтамасыз етеді.
1. Кіріспе бөлім
- Тамыр өсімдікке қандай пайда әкеледі?
- Тамыр топырақтан суды сіңіріп, оларды сабақ арқылы жапыраққа, бүршікке, жемістерге жеткізеді.
- Тамыр өсімдікті минералды және қоректі заттармен қамтамасыз етеді.
2. Негізгі бөлім. Кідіріп оқу.
Тақырыптың 1-ші жолын оқыту. Кідіріс.
Сұрақтар:
- Неге тамыр өсімдіктің негізгі және жер асты мүшесі деп аталады? (Тамыр - өсімдіктің топырақтағы бөлігі)
- Өсімдіктерге тамыр не үшін қажет? (Өсімдік өсу үшін, өсімдікті топыраққа бекіту үшін т.б)
2-азат жолын оқу. Кідіріс.
Сұрақтар:
- Қандай өсімдіктердің тамырлары шашақ тамыр болып келеді? (Жолжелкен, күнбағыс, бидай, арпа, қарабидай)
- Ылғалы жеткілікті жерлерде өсетін өсімдіктердің тамырлары қандай болады? (қысқа)
- Ал құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктердікі ше? (ұзын)
Ұзын тамырлы өсімдіктердің тіршілігі жайлы берілген деректі оқып, талдауға ұсыну. Бөлінген уақыт 2-3 мин.

  • Сызба бойынша тамыр туралы түсінік беру.

  • Сурет бойынша түсіндіру.

Тамыр

Негізгі тамыр

(кіндік)

Шашақ тамыр

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту. Талдау.

І топ: Өсімдік пайдасы туралы әңгімелеу.

ІІ топ: Тамыр дегеніміз не?

ІІІ топ: Тамыр түрлерінің суретін салу.

Сергіту сәті.

Ү. Ойтолғаныс: Әр топқа жеке тапсырмалар (топпен орындау, тақтаға ілу.)

" Бес жол өлең " құрастыру.

ІҮ. топ: Суреттегі өсімдіктердің тамырындағы айырмашылықты ата.

Ү. топ: Топырақтың атқаратын қызметі

ҮІ.топ: Тамырдың түрлері.

ҮІ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.

5.1. Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі маңызы қандай?

5.2. Тамырдың түрлері (сызба толтырту)


Тамыр


V. Сабақты бекіту.

Г) Дәптермен жұмыс.Танымдық диктант.

Өсімдіктің жер асты мүшесін ... дейміз.

Тұқымынан тікелей шығатын тамырды... дейді.

Шашақ тамырлы өсімдіктер:

Шөлді жерде өсетін өсімдіктер:

Сызба толтыру.

өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды

Топырақтан түрлі қоректік заттарды тартады

Тамыр

Шашақ тамыр

Негізгі тамыр

(кіндік тамыр)


ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

- Сонымен, балалар бүгін біз қандай тақырыпты қарастырдық?
Өсімдіктердің мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы, тамырдың түрлерімен таныстық.
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,
табиғатты, өсімдіктер мен жан - жануарларды қорғап, аялайық.
ІХ.Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Картоптың пайдасы (эссе жазу)

Х.Бағалау.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ұлан ауданының білім бөлімі

«Бозанбай орта мектебі»КММ




Өткізген: Алимбаева А.И.


Бозанбай ауылы

2014-2015 оқу жылы


Сабақты талдау


2 «А» сыныбы

Мұғалімі:Алимбаева А:И.

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері және оның қызметі.Тамыр

Пән: дүниетану

1.Оқушылар саны : 25

Жақсы оқитын оқушылар саны: 9

Ана тілі пәні бойынша үлгерім сапасы : 36%

Бұл пәнді оқушылар көрнекі құралдардың көмегімен қызыға оқиды

2.Бұл өтілген сабақ

Түрі : аралас сабақ

Типі : Жаңа білімді меңгерту

Тех-сы : С.Т.О.

Стратегиялар: Ой қозғау,жуан,жіңішке сұрақтар,ассоцияция,Т кестесі

Көрнекілігі: слайд,интерактивті тақта

3.Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға өсімдік және оның мүшелері жайында ұғым қалыптастыру. Тамыр туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі: Табиғатты сүюге,аялауға тәрбиелеу.

4. Сабақ жан-жақты ойластырылған.Бұл сабақта оқушылардың шығармашылық жұмыстары,ізденімпаздығы,оқулықпен жұмыс дағдылары т.б.қасиеттері жақсы көрсетілді.9 оқушыға 5 деген баға қойылса,13 оқушыға 4 деген баға қойылды.

5. Мен осы өткізген сабағымда қойған мақсатыма жеттім

6. Шығу парағы бойынша қатысқан мұғалімдердің пікірі

1. Сабақ компьютерлік технологияны пайдаланып өткізілді. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары,ізденімпаздығы,оқулықпен жұмыс істеу дағдылары т.б.қасиеттері жақсы көрсетілді.Мұғалім сабақта ойын технологияларын,С.Т.О.технологияларының элементтерін шебер қолданды.Сабақ өз мақсатына жетті.

Құрманғалиева К.К.


2.Бүгінгі сабақ жақсы өтті.Оқушылар топ бойынша жақсы жұмыс атқарды.Слайд өте жақсы жасалыпты.Үй тапсырмасына келсек оқушылар жақсы дайындықпен келіпті. Оқушылар барлық тапсырмаларға белсене қатысты.

Әшімжанова Б.К.

3. Сабақтың құрылысы өте жақсы,әдістемеге сай.Сабақтың этаптары сақталған.Сабақта оқытудың жаңа технологиясы топпен жұмыс жүргізілді.«Кенет» турнирі қызықты болды.«Ақпаратшы» топтар жақсы жұмыс істеді.Интербелсенді тақта тиімді пайдаланылды.Оқушылардың білімі білім стандартына сай.Сабақ жоғары деңгейде өтті.

СаденоваЛ.С.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал