7


  • Учителю
  • Поурочный план по вне классной работе на тему 'Туған табиғатты аялау-адамгершілік белгісі'

Поурочный план по вне классной работе на тему 'Туған табиғатты аялау-адамгершілік белгісі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Туған табиғатты аялау-адамгершілік белгісі»

(1-4 сыныптар)

Мақсаты: оқушыларға әлемдегі тіршіліктің негізі Күн, Жер, су және ауа екендігін

ұғындыру; табиғат жөніндегі түсінігін , білімдерін жетілдіру, табиғат тіршілік

көзі, адамның ақыл-ойы екенін түсіндіру; табиғатқа деген сүйіспеншілікке,

қамқорлыққа, мейірімділікке, аяушылыққа, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: табиғат суреттері, слайд «Табиғатты аялай біл!», туған жер туралы даналық

сөздер.

Барысы

Кіріспе.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты түсіндіріледі.

1-жүргізуші:

О, табиғат, тіршілікке ұйық болған мекенім,

Құшағыңнан нәр алып мұратыма жетемін.

Алақанда аялаймын ұл-қызыңдай үйдегі,

Азаматтық борышым: қорғаушың боп өтемін.

2-жүргізуші:

Табиғаттың тарылтпаймын мөлдір, кәусар таза ауасын,

Қастерлейік оның бар қазына, арысын.

Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Табиғат-Анаң, аялаған ұлысың.

1-жүргізуші: Балалар, енді сөзжұмбақ шешеміз, ол үшін мына жұмбақтардың жауабын табу керек.

1)Ұшқаны қызық жалпылдап. 2) Биікте ұшып жүреді,

Түлкі, қоян бүреді, Өзі сондай қарқылдақ.

Қия таста ұясы, (Қарға)

Бұл құсты кім біледі?

(Бүркіт)

3) Ақ сарайын талқандап, 4) Көкте зулайды,

Шықты біреу талтаңдап. Торғай аулайды.

(Балапан) (Қырғи)

5) Айдын судың түлегі, 6) Көкте ұшады тізіліп,

Шабақ іліп жүреді. Біз қараймыз қызығып.

(Шағала) (Тырналар)

7) Көктемде ерте келетін,

Біз ұя жасап беретін

Ол қандай құс, балалар?

(Қараторғай)

-Сонымен сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты?

-Табиғат.

-Балалар, «табиғат» дегенде ойларыңа не келеді?


өсімдік

жер

құстар

су

Табиғат


адам

орман

2-жүргізуші: Табиғат-халық қазынасы.Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты.Күш-қуаты, бар игілік пен жақсылықты біз табиғаттан аламыз.

1-оқушы:

Табиғат, қандай сүлу, қандай көркем,

Мамырда жасанады гүлдеп ертең.

Сылдырлап бұлақ ағып сай-саладан,

Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.

1-жүргізуші:

Алтын күн, жарқын күн,

Шуағыңды төге бер.

Арайыңнан нәр алған-

Біз бақытты балдырған.

2-жүргізуші:

Армысыз, қайырлы күн!

Армысыз, қайырымды Аспан!

Армысыз, шұғылалы Алтын Күн!

2-оқушы: 3-оқушы:

Күн-Ана. Жер-Ана.

Әлемге қуатты, Аялап анамыз,

Сәулемен шуақты Саялап анамыз,

Алып күн беріп тұр. Құлпырған тірлікпен,

Жер құтты гүл біткен.

4-оқушы: 5-оқушы:

Су-Ана. Ауа-Ана.

Өңірдің өзегі- Ауасы жер шарының-

Өмірдің өзені. Дәу әлем,

Сусыз жер нусыз, Қоршаулы ауамен.

Астай бейне тұзсыз. Ауасыз тұншығар,

Ауасыз кім шыдар?

6-оқушы: 7-оқушы:

Табиғат-сұлу мекенім, Ей, қазақтың ұланы,

Өзіңді пана етемін. Болғайсың дала қыраны.

Саяңда өсіп ер жетіп, Жер-суын қорғау бабаңның

Биікке самғап кетемін. Емес пе еді басты ұраны.

8-оқушы: 9-оқушы:

Айтарым, досым, сендерге: Су қоймасы-бұлағым,

Күтіңдер орман, тоғайды. Жасыл орман-құрағым.

Балалар біздің бар жерде Қорғаушың боп әрқашан

Байлығын елдің қорғайды. Жеткіншегің тұрады.

10-оқушы: 11-оқушы:

Құстар-менің жан досым, Бүркіт-қыран құс,

Күнде оларды көремін. Аққу-сұлу құс.

Қамқор болып әрқашан Сауысқан-сақ құс,

Ұя жасап беремін. Көкек-мақтаншақ құс.

12-оқушы: 13-оқушы:

Шыр-шыр еткен торғайды Бұлбұл-әншә құс,

Қорғамасаң болмайды. Тоқылдақ-емші құс.

Кіп-кішкентай торғайлар Көгершін-бейбітшілік құсы,

Ағаштарды қорғайды. Қарлығаш-адамның досы.

14-оқушы: 15-оқушы:

Адамдар, жер-сеніңаяулы бесігің, Табиғат-әсемдіктің төркінісің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін. Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Онымен кіндіктес жаның да, қаның да, Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Жер жаһан аялап тұр алақанында. Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

16-оқушы: 17-оқушы:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, Туған жерді сүю-парыз,

Жер бетінің ажары ғой, сәніміз. Сүю үшін білу-парыз.

Туған өлке табиғатын аялап, Қасиетін ұғу-парыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз. Күзетінде тұру-парыз.

Мақал-мәтел

1-оқушы: 2-оқушы:

1)Туған жердің ауасы шипа. 1)Бір тал ексең, он тал ек.

2)Су-анасы бұлақ. 2)Көлдің көркі-құрақ,

3)Сулы жер-нулы жер. Таудың көркі бұлақ.

3)Орман-елі дәулеті, жер сәулеті.

Ырымдар

3-оқушы:

1)Бозторғай ән салса, күн ашық болады.

2)Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.

3)Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны.

1-жүргізуші:Табиғат-тіршілік бесігі.Адам-табиғаттың бір перзенті.Табиғат өз бойынан көп мөлшерде адамзатқа, жан-жануарға қажетті заттар бөліп шығарып, үнемі өзінің тепе-теңдігін сақтап отырады.Бұл-табиғаттың тазалық заңы.

2-жүргізуші:Табиғат-тұнған асыл қазына, оны қорғап қамқорлық жасау, игеріп ел игілігіне жұмсау-баршамызға ортақ іс, өйткені табиғат-баршаның ортақ үйі.

1-жүргізуші:Табиғатты аялау-адамзаттың перзенттік парызы.Табиғатты аялай-туған елді, жерді аялау.


Қорытынды сөз





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал