7


Хан тағы жігіт сұлтаны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Келісемін» «Бекітемін»

тәрбие ісінің меңгерушісі: мектеп директоры

_______ Р.Ж.Жахин_______

« »___________2015 ж « »___________2015 ж






Хан тағы


(Сыныптан тыс жұмыс)


Сынып: 1,2,3,4

Өткізген: Тулеубаева М.Д.



2015 - 2016 оқу жылы

Күні: 23.11.2015 ж

Тақырыбы: «Хан тағы»

Мақсаты:

Білімділік: ата салтын насихаттай отырып, оқушыларды нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру;
Дамытушылық: әр баланың бойындағы қабілеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту;
Тәрбиелік: ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу;
Көрнекіліктері:
«Қазақ хандығына 550 жыл» банер, мақал - мәтелдер, байқауға қажетті құрал - жабдықтар, музыкалық аппаратура, слайдтар , шар, кілем, хан тағы, тәжісі және т. б.

Өтілу барысы: . /ұлттық музыка әуені ойналып тұрады\
Айтардан туған жампаз бар,
Жүгін нарға салғысыз.
Арғымақтан туған будан бар,
Күніңде көрінім жерде алғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар.
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Бір аяқ асқа алғысыз .
Кіріспе: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Арғы-бергі дәуірде, қилы заманда әлемдегі талай ел мен жұрт тарихтың толқыны мен жаугершіліктің жойқынына төтеп бере алмай, жұтылып кете барды. Атамекенінен айырылып, атажұрты тарылып, көбейген елден төбелдей елге айналғаны қаншама.

Ал бізде - ел де бар, жер де бар. Ең бастысы, Елбасының сарабдал саясатының арқасында абыройы артқан, төрткүл дүниеге мүмкіндігін мойындатқан мемлекетіміз бар. Міне, шарықтайтын кез - осы! Ертеде хандық сайлап «хан тағына» елге сыйлы, көрегендігімен, ақыл парасатымен, сегіз қырлы бір сырлы адамдарды сайлаған. Олай болса бүгінгі біздің хан тағымызға осы мәреден өзінің ақылдылығымен, білімділігімен,ой ұшқырлығымен, мықты күшінің арқасында, бүгінгі сайысымыздан жеңіп шыққан үміткерімізді таққа отырғызуды жөн көрдік.

Олай болса, бүгін сұлтан атанғалы отырған «Хан тағы» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!

№ 1 жігітіміз
№ 2 жігітіміз


№ 3 жігітіміз


№ 4 жігітіміз
№5 жігітіміз


№6 жігітіміз


№7 жігітіміз


№8 жігітіміз


№9 жігітіміз


№10 жігітіміз


№11 жігітіміз


№12 жігітіміз


№13 жігітіміз Енді сіздердің араларыңыздан осы жігіттерді әділ бағалайтын әділқазылар алқасына таныстырып өтейін.

Мектебіміздің директоры: Жахин Рүстем Жанатайұлы

Мектебіміздің тәрбие ісінің жетекшісі:

Оқу ісінің меңгерушісі: Болд Шегебек

Олай болса сайысымыздың шартымен таныстыра кетейін.

  1. «Сәлем - сөздің анасы» (таныстыру)

  2. «Жүйрік болсаң тауып көр» (білімділік сайысы)

3. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)

4.«Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу

5. Асық ату

6.«Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарының шеберлігі

7. «Күш атасын танымас» Күш сынасу

Олай болса кешімізді бастайық.

I бөлім

Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Сәлем сөздің анасы» - деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.

Әділқазы алқасы «таныстыру» бөлімі бойынша өз бағаларыңызды беріп кетсеңіздер.

II бөлім

«Жүйрік болсаң тауып көр» демекші қазір менің қоржынымда асықтар бар. Сол асықтарда нөмірлер жазылған. Сол нөмір бойынша сұрақтарға жауап беру керексіздер.

  1. а) Жеті атаңызды, руыңызды білесіз бе?

ә) Қазақ не үшін жеті атасын білмеген жетесіз деген?

б) Қобыланды батырдан үзінді айт


2.а) Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?

Хандар: Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір т.б.

Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б.

Шешендер: Жиренше, Бөлтірік т.б.

Билер: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т.б.


ә) Биыл қазақ хандығының неше жылдығын тойлап жатырмыз?

б) Батырар жырынан үзіндіні жатқа айт


3. а) Батырлар жырынан үзіндіні жатқа айт

ә) Батырға байланысты мақал мәтел айт

б) Қобыландының жылқысының есімін ата?


4. а) Жеті қазынаға нелер жатады?(жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен мылтық;қанды ауыз қақпан;майланғыш ау;өткір кездік.

ә)Үш ұғым туралы не білесің?

1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші

2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі

3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал

Б) Жігіттің үш жақын жұртын ата.

Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

5. а) Бес қаруды атаңыз.

Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта.

Ә) Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі- Ойсыл қара, жылқы пірі- Қамбар ата, сиыр пірі- Зеңгі баба, қой пірі- Шопан ата, ешкі пірі- Шекшек ата.

б) Батырлар жырынан үзіндіні жатқа айт

6. а) Аттың ер-тұрмандарынанелержатады?

Жүген, ішкілік,ертоқым, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

ә) Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?

Хандар: Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір т.б.

Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б.

Шешендер: Жиренше, Бөлтірік т.б.

Билер: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т.б.

б) Алпамыстың ғашығы яғни қалыңдығы кім? (Гүлбаршын)

Әділқазы алқасы «білімділік сайысы» бөлімі бойынша өз бағаларыңызды беріп кетсеңіздер.

III бөлім

Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді» деп шіркінге,- дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімінде өнерлерін көрсетеді.

№ 1 ________________________________________________________

№2___________________________________________________________

№3____________________________________________________________

№4_________________________________________________________

№5_____________________________________________________________

№6________________________________________________________________


Әділқазы алқасы «өз өнерлері» бөлімі бойынша өз бағаларыңызды беріп кетсеңіздер.

IV бөлім

Би болатын жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің,
Мергендік болар жұмысы - дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз.

Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз.

Әділқазы алқасы «құралайды көзге атқан» мергендеріміз бойынша өз бағаларыңызды беріп кетсеңіздер.

V. бөлім

Асық ату

Әділқазы алқасы «асық ату» ойыны бойынша өз бағаларыңызды беріп кетсеңіздер.

VI.бөлім

Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарының шеберлігі

Әділқазы алқасы «қолөнер» бойынша өз бағаларыңызды беріп кетсеңіздер.

VII бөлім

Ей, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт,
Атыңа ерік, бер жігіт,
Күшіңді көрсет, ер жігіт! - дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Қол күрес.

Әділқазы алқасы «қол күрес» бойынша өз бағаларыңызды беріп кетсеңіздер.
ӘН.
Ортаға жігіттерімізді шақырамыз. Сайысымызды қорытындылау үшін тәрбие ісінің меңгерушісіне сөз кезегін береміз. Енді жеңіп шыққан жігітімізді хан тағына отыру рәсімін тамашалаймыз, жігітімізді таққа отырғызып, фотаға түсіру.
Сау саламатта болыңыздар





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал