7


  • Учителю
  • 'Дара және күрделі сан есім' Қазақ тілі

'Дара және күрделі сан есім' Қазақ тілі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:Дара және күрделі сан есім

Мақсаты: 1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір-бірінен ажырата білуге үйрету;
2). Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ауызекі тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3). Өз тілін сүюге, қастерлеуге баулу. Қатесіз, әрі көркем жазуға баулу. Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.

Көрнектілігі:Сурет,АКТ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1)Сәлемдесу

2) Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтарсөйлеген дана тілім.
Қастерлейдіұл-қызыңмәңгісені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!

3) Үй жұмысын тексеру

6-жаттығу.Ребусты шешіп.Шешуіндегі сөзге сөйлем құрау.

«Ақсүйек » ойыны.

Сан есім дегеніміз не?

Қандай сұраққа жауап береді?

Сын есім дегеніміз не?

Қандай сұраққа жауап береді?

Етістіктің шақтарын ата?

II.Жаңа сабақ.

-Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

60х10

50х10

30х10

40х10

20х10Дара және күрделі сан есім

III.Дәптермен жұмыс.

Наурыздың төрті

Дара және күрделі сан есім

Көркем жазу

IV.Оқулықпен жұмыс.

7-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы.

Мен - баласы даланың

Бес жасында ат жалында ойнаған,

Ақ шабақша Ертіс бойын бойлаған,

Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін,

Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін,

Мен баласы даланың,

Кең далама тартып туған баламын.

(Мұзафар Әлімбай)

Қазақәдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының шоқтықтыңбірі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты МұзафарӘлімбаев. Туған жері Маралды атырабында, (Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағыМаралды ауылы) әнші - күйшілердің, ақын - жыраулардың думан құрған өнертөрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен.Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған.

-Сан есімдерді тап.Бес, бес жүз сан есімдерін салыстыр.Әрқайсысындағы сөз саны бірдей ме?

-Жеті түнде және бес саусақтай дегенді қалай түсінесің?

8-жаттығу.Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып көшіріп жаз.

1.Кит -ең ірі жануар.Оның ұзындыға отыз метр, салмағы жүз жиырма тоннадай болады.2.Түйеқұс сағатына жүз жиырма километр жүгіреді.3.Айдың көлемі Жерден елу есеге жуық кіші.4.Емен өте ұзақ,яғни мың жылға дейін жасайды.5.Жусанның Қазақстанда сексен бір түрі белгілі.

-Сан есімдердің астын сыз.Олардың дара және күрделі екенін айт.

9-жаттығу.Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра.

Он бес, қырық жеті, жүз алпыс бес, бір мың тоғыз жүз тоқсан бір.

Сергіту сәті.

10-жаттығу.Берілген сан есімдерді сөзбен жаз.Олардың дара немесе күрделі екенін дәлелде.

9 ,11, 27,189, 640

12-жаттығу.Мақалды оқып жатқа айт.

Білгенің -бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз.

-Сан есімдерді тап.

-Мақалдың мәнін түсіндір.

Қорытынды.

Кері байланы.

Үйге тапсырма. 11- жаттығу.

Ребусты шешсең құрамында сан есімдері бар,жалқы есімдер шығады.Соларды қатыстырып, «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбына әңгіме құрау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал