7


  • Учителю
  • Дүниетану 4 сынып күн жарық пен жылу көзі

Дүниетану 4 сынып күн жарық пен жылу көзі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Күн - жарық пен жылудың көзі.
Сабақтың мақсаты: Күн және оның тіршілік үшін маңызы туралы мағлұмат беру
1. Күн, жүйесі туралы білімдерін толықтыру.
2. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, ізденгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
3. Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Күн жүйесінің суреті, глобус, қосымша суретті оқулықтар, қима қағаздар
Әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық.

Табиғат!
Тіршіліктің тұнып тұрған.
Сен - Күнсің!
Көтерілген күліп қырдан.
Сен - Көлсің, Сен - Ормансың, Сен - Бұлақсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.

(Орташа, жай темппен сергіту жаттығуын айтқызу, орындату. )

  • Оқушылар өз қалауларың бойынша өздеріңе ұнайтын төсемелері бар орындарға отырыңдар, бұл өздерің таңдап алған топтың түсі болып есептеледі. Бұл түстердің өзіндік атауы бар! Бұл сендердің топтарыңның атаулары болып есептеледі. Сол түске және топтарыңа сай көңіл күйлеріңді білдіріп, достарыңа ізгі ниеттеріңді білдіріңдер! (Оқушыларды топқа бөлу, әр топқа өздерін таныстырту. Әр топтан бір көшбасшы немесе топ мүшелері сөйлейді )

1 топ. «Болашақ энергиясы» .

2- топ. «Өмір»

3 - топ - «Бейбітшілік»

4 -топ - «Сана»

5-топ -« Ғарыш»

1 топ «Болашақ энергиясы»

175 «Жаңа ғасыр» ері біз,

Талаптанып өрге біз жүземіз

Жас ұлан, доспыз деп жар сала,

Оқимыз, білеміз, күлеміз»- дей отырып сыныптастарымызға сәттілік, зейін, талап тілейміз.

2-топ Өмір

5 болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп бақыт,

Өсе берсін санамыз деп сана, ақыл, терең ой тілейміз.

3- топ. Бейбітшілік.

«Әрбір адам - туысың, досың, жұрағат

Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісім - тіршілік, тірек, адамдық

Әрбір сөзім - шындық, бірлік,адалдық» дей отырып бірлік пен терең ой тілейміз.

4 топ. Сана

«Әрқашан ерлікке құштармыз,
Қажымас, дарынды жастармыз.
Жол салып ақмаңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз» - дей отырып достарымызға жүйрік ой, тапқырлық пен бірлік тілейміз.

5-топ. Ғарыш

Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер,
Біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар?- деп айта отырып, оқушыларға біз білмейтін жұмбақ әлемді тануда сәттілік тілейміз.
Үй тапсырмасын тексеру
«Ғарыш дегеніміз не?» тақырыбы ауызша сұралады.

10 минуттық тест.
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
- Ғарыштың құрамдас бөліктерін ата.
- Ғарыштың құрамдас бөліктерін ата: жұлдыздық жүйелер - галактикалар, әлемдік шаң тозаңдар, бос кеңістіктер, газ шоғырлары, түрлі сәулелер жатады.
- Планета деген не?
- Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер.
- Ғарышқа жол қашан ашылды?
- Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында Жердің тұңғыш жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ұшты.
3. Жаңа сабақ

Ой қозғау. «Күндіз бар да, түнде жоқ

Онсыз өмір мүлде жоқ». Ол не? (күн)
- Балалар, сонымен біздер алдыңғы сабақта күн жүйесіндегі планеталар олардың зерттелуі туралы білдік. Енді, күннің өзін алып қарайық.
а) топтау
- «Күн» деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді, көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер? Алдарыңдағы күннің сәулелеріне ойларыңды жазып, тақтаға іле қойыңдар.
Жылу жарық энергия көзі
Бауырсаққа ұқсайды мейірім шуағы
Аптап ыстық бағыттаушы
- Сабақтың тақырыбы «Күн - жарық пен жылудың көзі» деп аталады. Бүгінгі сабағымыздағы мақсатымыз күн жайлы ақпарат ала отырып, шығармашылық тапсырмалар орындаймыз, бұрыннан білетініміз бен бүгін білетінімізді байланыстырамыз.
ә) Мағынаны тану
Видеотаспадан «Күн жылу -көзі» бейне баянын көрсету.

- Не байқадық?
- Күн жайында қызықты ақпараттар беру.
б) Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға тізбектете оқыту. ЕXPO - 2017 көрмесі жайлы тоқталу.

Ассосация толықтыру.

В) «Мәнді ақпаратпен бөлісе білесің бе?»

Топ оқушылары өзара түсінгендерін бір-біріне айтады.

Г) «Терең ой» айдары.

-Мәтінді түсіндік пе? Олай болса, қазір мен берген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс жасайық.

Ғарыш тобы. Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді? Олардың арасында күннің алатын орны қандай?
- Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.

«Өмір» тобы. - Күн қуатын өмірде қалай пайдаланылады?
- Күн қуаты электр энергиясын өндіруге, үй жылытуға, астық және көкөністерді кептіруге т. с. с қолданылады.
3 топ. «Бейбітшілік тобы». Күнге сипаттама бер.

4 топ. «Сана» тобы. Күн мен жерді салыстырады.

5 топ. «Болашақ энергиясы»тобы. Ғарыштан алынатын ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?
- Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын - ала сақтануға мүмкіндік туғызады. Арктикада жүзетін кемелер жасанды серіктерден алынатын суреттерден қалқыма мұз жағдайын біліп, жүзу жолын ыңғайлап белгілеп отырады. Жасанды серіктер арқылы хабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі.

Ғ) «Күн мен күн жүйесін зерттеу үшін математикалық білім керек пе?»

-Математикалық тапсырмаларды орындата отырып, күн жүйесіне қатысты сандарды анықтату.

Д) Дидактикалық ойын. «Күнді бұлттардан қорғайық».

Ж) «Жұмбақ» айдары. Жұмбақ құрастыра білеміз бе?

Олай болса жұмбақ құрастыру кестесін қолдана отырып немесе өз еріктеріңмен жұмбақ құрастырыңдар.

Сонымен қатар, ешкандай адам болашағын алдын ала біле бермейді, дегенмен жорамалдап, жоспар құра алады. Сондықтан болашақта «Ғарышкер» болсаңдар күн мен жердің арасында қандай байланыс орнатар едіңдер? Өз пікірлеріңді қағаз бетіне түсіріңдер.

ғ) Шығармашылық жұмыс «Нұрлы әлем».
РАФТ стратегиясы
Рөл - Күн
Аудитория - тыңдаушы адамдар
Жеткізу формасы - өз қалауыңша
Тақырып - «Нұрлы әлем»
- Бүгінгі сабағымызда басты рөлде - Күн. «Нұрлы әлем» тақырыбында өз қалауларыңша ақынның жүрегімен, суретшінің көзімен, жазушының тілімен Күнге ризашылығымызды білдіреміз. Жеткізу формасы өз қалауларыңша болғандықтан сурет арқылы, өлең жолдарымен, қара сөзбен, хат арқылы білдіруге болады.
(ауызша тексеріледі)

Бекіту
Не білемін?
Не таңқалдырды?
Не білгім келеді? (күн шуақтарына жазғызу)
(ауызша оқыту)

Қорытындылау.

-әр күнді жақсы ой ойлаумен баста

-күні бойы өзіңді қоршаған адамдар туралы тек қана жақсы ойлаңдар

-ұйықтар алдыңда бүгін қанша адамды қуантқаныңды, қанша адамды күлдіргеніңді еске түсір

-әнді жиірек тыңда, жаныңды жадыратып, рахатқа бөлейді

-басқалардың қажетіне жарай білуге талпын

-тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан

- "жақсылыққа-жақсылық әр кісінің ісі, ал жамандыққа -жақсылық-ер кісінің ісі"деген сөз жадыңда болсын. Әрқашан күндеріміз шуақты, көңіліміз жайдарлы болсын деген ниетпен әрқашан күн сөнбесін әнін орындату.

Оқушылардың білімін бағалау. Баллдық жүйемен оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру.
105 - беттер.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал