- Учителю
- Разрятык косылгыштарга жиктеу аркылы еки танбалы санды бир танбалы санга кобейту. 4 сынып
Разрятык косылгыштарга жиктеу аркылы еки танбалы санды бир танбалы санга кобейту. 4 сынып
Атырау облысы, Махамбет ауданы
Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бляшева Тыныштық Кажиахметовна
Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Разрятық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы
санды бір таңбалы санға көбейту.
Мақсаты: 1. Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтық
қосылғыштарға жіктеу арқылы көбейту.
2. Оқушылардың өзін-өзі бағалауын, есептеп шығару арқылы
логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқуышалардың бойына шапшаңдық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақ түрі: ертегі сабақ.
Әдісі-тәсілі: топпен жұмыс, ойын, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Сәлемдесу.
ІІ. Назарын сабаққа аудару. Құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІІ. (2 слайд) (Көгершіннің суретін слайдтан көрсету)
-Балалар қараңдаршы, бізге не ұшып келді? (көгершін)
-Аузында не бар? ( хат)
-Хат иесі кім екенін белгілеңдер келе ме? (білгіміз келеді)
Олай болса, оқып берейін. Хатты оқу.
(3 слайд)Мына суретте бауырсақтың атасы мен әжесі екен. Олар бауырсақты күтіп жүр екен.
(4 слайд)
-Бауырсақтың өтінішін орындаймыз ба? Онда бәріміз орманға барайық. Орманға кірмес бұрын мына алдарыңызда жатқан кестені толтыру керек.
(5слайд) 1 жаттығуды орындау
(10 оқушыға ауызша оқыту)
(6 слайд) Қоянның тапсырмасын орындайық. Оның тапсырмасы 3 жаттығу-
ды орындау.
(7слайд) 2.Өрнектің мәнін тап.
54+23-11*5
69-(13*7-42)
(65-56)*(72-57)
10*6+(120:6)
(2 оқушы тақтаға жазбаша орындайды. )
(8 слайд) Қасқырдың тапсырмасы жаттығуға келіп тұр екен.
(9 слайд) 4. Есепте:
56*2 46*3 38*4 29*3
56*4 46*5 38*6 29*4
-
Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға қалай көбейтеміз? (Оқушы жауабы тыңдалады) Қорытынды: Егер бірінші көбейткіш өзгермейді, ал екінші көбейткіштер артса, онда көбейтінің мәні артады.
(10 слайд) Аюдың тапсырмасы күрделі екен, сол себепті жақсылап ойланайық. Ол оқулықтағы
(11 слайд) 5 және 7 есепте келіп тұр.
5 бір бумада 9м қорап кір жуатын ұнт ақ бар. Осындай 8 бумада неше қорап кір жуатын ұнтақ бар?
-
Есеп не жайында? (Кір жуатын ұнтақ туарлы)
-
Не белгілі? (бір бумадағым 9 қорап ұнтақ)
-
Нені сұрайды? (8 бумадағы қорап санын сұрайды)
Есептің шартын құрау.
Шарты:
1 бума-9 қорап
8 бума-? қорап
Шешуі: 8*9=72
Жауабы: 72 қорап
7. қапта 90 кг картоп болды. 69 кг картоп желінді, ал қалған картоп 3 кгнан пакеттерге салынды. Неше пакет қажет болды?
-Есеп не жайында? (қаптағы картоп жайында)
-Не белгілі? (қапта болған картоп саны)
-Тағы не белгілі? (желінген картоп белгілі)
-Есепте нені табу кереу? (қалған картоп және сол картоптарды 3 кг-нан неше пакетке салғаны керек)
Есептің шартын құру.
Шарты:
Болғаны-90 кг картоп.
Желінді-69 кг картоп.
Салынды- 3 кг нан
Пакет- ?
Шешуі: 90-69 =21 21:3=7 немесе (90+69):3=7
Жауабы: 7 пакет қажет.
(12 слайд) Сергіту сәті. «Шырша»
(13 слайд) Түлкінің тапсырмасы.
(14 слайд) 8. Кесте бойынша есептер құрастыр және шығар:Шешуі: 15:5=3 12:3=4
Жауабы: 4 құмыра
(15 слайд) 9. Теңдеуді шеш:
Х*6=54+6 36*Х=9*2 2*Х=40-38
(Оқушылар теңдеулердің шығару жолдарын түсіндіру)
(16 слайд) Аңдардан құтылған бауырсақ сіздерге бір жылы лебізін айтқалы тұр. Өрнектердің мәнін дұрыс тапсаң, бауырсақтың сіздерге айтқан сөзі шығады. Оқушыларға оқуты РАХМЕТ.
12 жаттығу.
9∙71=М 8∙72=А 7∙73=Х 6∙74=Р 5∙75=Т 4∙76=Е
444
576
511
639
304
375
-
Енді балалар өзіміздің сыныбымызға қайтатын уақыт болды. Бәріміз бірігіп 11 жаттығу жұмысын орындайық.
Берілгенін оқу.
11. Тік төртбұрыштың ұзындығы 16 см кемітіп, ал енін сол қалпында қалдырсақ, периметрі қанша кемиді?
Жауабы: 32 см-ге кемиді
Бағалау. Үйге тапсырма: №2 №6
Қорытынды.