7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы:Еңбек – бәрін жеңбек

Сабақтың тақырыбы:Еңбек – бәрін жеңбек

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін өзі тану

</ 2 сынып

Сабақтың тақырыбы:Еңбек - бәрін жеңбек

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • - еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

  • - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

  • - еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;

Үлкенге де «Сіз»

Кішігі де «Сіз»

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз

Шаттық шеңбер

Бақытты балалар әні

Сөзін жазған:Қ.Мүсірепов

Әнін жазған:И.Нүсіпбаева

Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз сайрандап.

Бақытты елде туғанбыз,

Жаз гүліндей сайрандап.

Бөбектерді қуантып,

Құрметтейміз қарттарды.

Өнерге біз құмартып,

Өсіреміз бақтарды.

Шынығамыз ойнаймыз,

Жас ұрпақпыз талапты.

Жаз қызығын тойлаймыз,

Жақсы оқимыз сабақты.

  • Әңгімелесу:

  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?

  • Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?

  • Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

  • Ауа, су, тағам. Ауа, су - табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні - нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.

Тапсырма.

Суреттерге қарап, еңбектің түрін анықтау.

Мәтінмен жұмыс

Б.Әділов «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» мысал әңгіме

Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

«Еңбексіз өмір - сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.

Абай Құнанбай

Сахналау:

«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов

Автор:

Дастарханда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрып көзін сап.

Қуыршақ:

-Қайдан келдін бауырсақ?

Бауырсақ:

-Дүкеннен келдім нан сатқан.

Қуыршақ:

Дүкенге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

-Наубайдан келдім нан жапқан

Қуыршақ:

-Наубайға келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Қуыршақ:

-Диірменге келдің қай жақтан?

Бауырсақ:

Даладан келдім жан-жақтан.

Жер-анам менің көсілген

Дихандар мені өсірген

Жаттығу-ойлану

-Қандай еңбек туралы мақал -мәтелдер білесіңдер? Мағынасын түсіндіріп беру.



Ердің атын еңбек шығарады.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Көз - қорқақ, қол - батыр.

Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

Еңбек түбі - зейнет.

Тыйым сөздер

1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

3.Нанды аяқ астына тастама.

4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.

5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.

Жүректен жүрекке

Бір - біріне жүрекжарды тілектерін айту

  • Дәптермен жұмыс

«Еңбек - бақыт бастауы» әңгіме жазу

Назарларыңызға рахмет!



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал