7


  • Учителю
  • Ана тілі 'Жыл мезгілдері' 4 класс

Ана тілі 'Жыл мезгілдері' 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тексерілді:

Күні: 27.05.2015ж Сыныбы:4 «А» пәні: әдебиеттік оқу, мұғалімі Жуминова Жанагуль Жубандыковна

Сабақтың тақырыбы

Жыл мезгілдері.Ескен Елубаев


1


Мақсаты

Оқушыларға Е. Елубаевтың « Жыл мезгілдері» өлеңінің негізгі идеясын меңгерту, байланыстырып сөйлеу шығармашылықпен ойлау дағдыларын дамыту.Өлеңнің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау,өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

2

Оқыту нәтижелері

Оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады ,шығармашылығы дамиды.

3

Түйінді идеялар

Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында бір-бірінің пікірін тыңдауға дағдыланады,өзін -өзі реттеуге, бағалауға үйренеді.

4

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: .Оқуды және оқыту үшін бағалау: АКТ-ны қолдану; таныстырылым жасау.Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;

5

Қажетті құралдар

Интерактивті тақта, компьютер , маркер, стикер, ақ бетшелер.

6

Сілтеме

Әдебиеттік оқу және хрестоматиясы Т.Әбдікәрімова, С.Рахметова Б.Қабатаева


Сабақтың кезеңдері уақыты

45 минут


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқыту модульдері

Оқушылардың іс-әрекеті

Баға-

лау

Ұйымдастыру

кезеңі


Сабақ басында жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында оқушыларды шаттық шеңберіне жинау, сабақтың табыс критериймен таныстыру. топқа бөлу, топ басшысын тағайындау, топ ережесін естеріне түсіру:

1.Топта ұйымшылдықпен жұмыс жасау.
2. Топтағы оқушылардың пікірін тыңдау.
3. Ойымызды еркін, тиянақты баяндау.
4. Келесі топтың ойын тыңдау.
5. Уақытты үнемді пайдалану.

Ынтымақтас-

тық және топтағы бірлескен жұмыс

Оқушылар шаттық шеңберін құрайды, өлең шумақтарын бәрі бірге айтады.

Қол ұстасып құрайықшы,
Шаттық шеңбер бәріміз.
Күлімдесіп тұрайықшы,
Жарассыншы сәніміз.
- Арайлап атқан әр таңымыз, қуаныш пен бақытқа толы болсын!-, деп жақсы лебіз айтып өз топтарына бөлініп отырады.


Үй тапсырмасын сұрау

1.Төлеген Айбергеновтің «Өсіп келе жатырмын» өлеңін жатқа сұрау .

2. «Миға шабуыл» стратегиясын ұйымдастыру. Топқа сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға қай топ дұрыс жауап береді. Сол әр тапсырманы орындауға атсалысқан оқушы өз тобына стикер жинайды. Стикерлерді көп жинаған топ жеңіске жетеді.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1.«Өсіп келе жатырмын» өлеңін әр топтан бір оқушы шығып жатқа айтады.

2. «Миға шабуыл» стратегиясында төмендегідей сұрақтар беріледі.

Логикалық екпін дегеніміз...

Сюжет дегеніміз...

Қайталау дегеніміз....

«Көктем» өлеңінің авторы...

Нан туралы өлең қалай басталады?

«Гүлдер» өлеңінің бір шумағы.


Жарай

сың

Жаңа сабаққа даярлық

Мағынаны ажырату жұмыстарын ұйымдастырады.

«Келіңіз, жұмбақ шешіңіз» айдары минуты.

«Жыл мезгілдері» өлеңінің авторы Ескен Елубаевтың өмірбаянынан қысқаша мәлімет беру.

Ескен Елубаев - жылы 18 ақпанда туған. жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген.

Оқушылар дәптерге күнді, мәтіннің тақырыбын жазып алады.
Е.Елубаев туралы қажет деп тапқан мәліметтерін түртіп алады.

АКТ-ны қолдану


Ой шақыру әдісі


Оқушылар таныстырылымнан кейінгі ойларын ортаға салады.

«Келіңіз, жұмбақ шешіңіз» айдарымен жұмыс.
Жыл мезгілдері туралы жұмбақ шештіремін.
1. Қар кетіп, қыр көгерді,
Құс қиқуы көбейді.
Жерге диқан дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді.(Көктем)
2. Күн ысып, су жылынып,
Егін басын тұр иіп.
Жеміс тердік бақшадан,
Жеңімізді түрініп.(Жаз)
3. Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.(Күз)
4. Сұлық жатыр ақ дала,
Сирек жортқан аң ғана.
Көтеріп бір аяғын,
Қаздарым тұр аулада.(Қыс)

Үш шапалақ

Жаңа сабақты меңгерту

Сергіту сәті

Ендеше бүгін біз Ескен Елубаев ағамыздың «Жыл мезгілдері»деген өлең жолымен танысамыз.

Балаларға іштей оқыту

Сөздік жұмысын жүргізу.

Дауыстап,мәнерлеп оқыту.

Мұғалім «Жыл мезгілдері» мәтінін оқушыларға оқып береді.

Жұпта бір-біріне оқып береді.
Негізгі идеясын табуға тырысады.
Жұпта бір-бірін бағалау
Топта талдатады.


Сергіту сәтін ұйымдастырады.


Топпен жұмыс Мәтіндегі негізгі түйінді ойды анықтайды. Топта не туралы оқығандары туралы ауызша талдайды. Түсініксіз сөздер бар болса, мағынасын ашады.

Шығармашылық тапсырма:
1. тапсырма.
І топ Жаз тақырыбына постер, қорғау.
ІІ топ Күз тақырыбына бес жол өлең.
ІІІ топ Қыс мезгілін суретін салу.
ІV топ Көктем мезгілі төмендегі сөздердің жалғасын тап.
Өзен жатыр ....................................
Айдын жатыр.................................
Көкте бұлттар ................................
Жауды жаңбыр...............................
Әр топ жұмыстарын қорғайды

.Критерий бойынша бағалайды. Сергіту сәті: Көңілді күн биі

Баға-лау парақшасы


Қорытын

дылау


Жыл мезгілдеріне сәйкес айтылған сөз тіркестерінен үлгілік кесте бойынша толтыр.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Оқушылар жеке кестемен жұмыс жасайды.

Жыл мезгілдері: Көктем,Жаз,Күз,Қыс

Қайтеді?

Неліктен?

Кере-мет

Үйге тапсырма


Жыл мезгілдері мәнерлеп оқып келу,

257-258 бет

Жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту

.Өлең мәтіні бойынша өз сөздеріңмен диалог құраңдар, өлеңді мәнерлеп оқып келеді.


Бағалау

Рефлексия

Білемін

Нені білдім?

Білгім келеді.


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Кері байланыс: Бір сурет, бес сөз

Топ басшылары критерий бойынша бағалауды таныстырады.


стикермен


Бағалау парағы әдебиеттік оқу

Топ мүшелері

Өлеңді жатқа айту

Миға шабуыл

Топпен жұмыс

Кестемен жұмыс


Жалпы балл

Қорытын-ды

баға

1

2

3

4

5

6

3 ұпай - сұраққа толық жауап берді, тапсырмаларды дұрыс орындады, топқа көп көмек берді, қосымша мәліметтермен толықтырды.

2 ұпай - сұраққа жауап берді, топқа айтарлықтай көмек берді, тапсырмаларды дұрыс орындады.

1 ұпай - сұрақтарға жартылай жауап берді, тапсырмаларды жартылай орындады, топқа айтарлықтай көмек бермеді.

Егер сабаққа мүлде қатыспай отырса ұпай берілмейді.

15 - 13 ұпай - «5» 12 - 10 ұпай - «4» 9 - 7 ұпай - «3»

№6 Хромтау гимназиясы


Панорамалық сабақ

Тақырыбы: Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев

Әдебиеттік оқу 4 класс

Бастауыш класс мұғалімі: Жуминова Жанагуль Жубандыковна

2014-2015 оқу жылы






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал