- Учителю
- Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу сабақ
Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу сабақ
Сабақ жоспары
Пән аты: Өнеге сағаты
Сыныбы: Ұзартылған күн тобы
Күні, айы, жылы: 13.01.2015 жыл
Тоқсан: ІІІ тоқсан
Мұғалімі: Бердалина Күнзира
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, баланың жеке тұлғалық қабілетін, Отанға, еңбекке, өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
-
Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамыту.
-
Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері
Сабақтың әдісі: Пікірлесу, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың назарын
сабаққа аудару.
Кіріспе сөз
Адамның адамгершілік саналық дәрежесі оның тәртібі мен іс әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды. В.А.Сухомлинский». адамгершілікке тәбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты парасатты көрінеді. Адамгершілік -адамның асыл қасиеті. Шығыстың ұлы ғалымы Әл Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.
Бүгінгі сабағымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме? Өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал балалар сөз кезегі өздеріңде. Адамгершілік бастауы неде?
1 оқушы: Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
2 оқушы: Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата - анасын сыйламаған адам, басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжетпеу әр баланың өмір бойғы міндеті.
Мұғалім: Адамгершілкке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық.
Елімізде үлкен қалалар бар: Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау, Семей т.б. Ал балалар өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаға қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.
Сұрақтар:
-
Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
-
Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.
-
Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
-
Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
-
Көшеде біреу жөн немес жол сұраса сен не істер едің?
-
Асықпай түсіндіріп беремін.
-
Автобуста қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
-
Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
3 оқушы: Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру имандылық, мейірімділік т.б.
4 оқушы: Ізеттілік айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу бейбіт пейілдің достық ықыластың белгісі. Мінез құлықтың нормасы.
5 оқушы: Әділ болу адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға құқықтық нормаларға заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
6 оқушы: Рұқсат сұрау адамдар қарым қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған құл сұқпау.
7 оқушы: Кеішкпеу бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Сабырлық адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткен де екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Мұғалім: Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай адам құқықтары қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?
8 оқушы: Барлық адамдар тең құқылы, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жыныса, тіліне, тегіне, дініне, мүліктілік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы адамның бас бостандығын және жеке өмір сүру еркі қасиеті болып табылады.
Қорытындылау.
Адамгершілік қаидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күнініңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-анаңның өз Отаныңның мақстанышы боласың!
-
Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?
-
Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
-
Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың?
-
Адам бойындагы ар намыс ұят дегнди калай тусінесің?
-
Адамгерщілікке қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?