- Учителю
- 1 сынып Ғ дыбысы және әрпі
1 сынып Ғ дыбысы және әрпі
</ Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: F дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың ғ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: кеспе әріп, суреттер, текшелер, ребустар жазылған плакат.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде қандай өзгерістер байқадыңдар?
- Ағаштардан қандай өзгерістер байқадыңдар?
- Құстар жайлы не байқадыңдар?
- Сендер көктемнің өзгерісін жақсы біледі екенсіңдер. Енді көктем айларын кім атап береді?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Бүгін қай күн екенін еске түсірейік.
2. Жұмбақ шешу.
Көп әріп ішінде,-
Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де.
(Ғ әрпі)
2. Ғ дыбысы туралы түсіндіру.
- Балалар, ғ дыбысын айтып көрейік.
- Ғ қандай дыбыс?
- Неліктен дауыссыз?
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Ғ дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?
- Кәне, кім таға сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді? (Бір бала тақтаға таға сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып дауыстап айтады, шапалақ ұру арқылы буынға бөледі).
3. Жаңылтпаш үйрену.
Ағабай ағасын,
«Ағатай» деп атасын!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.
Сергіту сәтін өткізу.
Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайың.
(Қимылмен көрсету).
II. Негізгі бөлім.
Жұмбақ шешу.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(Сызғыш)
Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
- Екінші буын қай дыбыстан басталады?
- Дыбысты біз айттық, естідік, енді г дыбысының таңбасымен танысайық. (Әріптің баспа түрі көрсетіледі).
- Ғ әрпін ауада жазып көрсетелік (балалар бірге ілесіп жазады).
- Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, г әрпін жазамыз.
2. «Ғарышқа ұшу» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: балаларға қағаздан сәндеп жасалынған зымыран үлгісі көрсетіледі де, ғарышқа ұшқысы келген балаға тапсырмаларды дұрыс орындау керектігі ескертіледі. Зымыран үлгісінен тапсырмалар жазылған қағазды бір-бірден ала отырып, өткен әріптерге байланысты жұмбақ шешеді, жаңылтпаш, санамақтар айтады.
3. «Сөйлемді толықтыру» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог бірнеше сөйлемнің басын оқиды. Балалар аяқталмаған сөйлемді аяқтайды.
1. Өзімнен үлкен бауырым - ... . (аға)
2. Қыз құлағындағы әшекей - ... . (сырға)
3. Атам ат ... . (тағалады)
8. Тіл ұстарту жаттығуы.
Ға-ға-ға
Атқа тақты таға.
4. Дәптермен жұмыс.
Торғай, ғарыш, қарға сөздеріне дыбыстық талдау жасату арқылы ғ дыбысының сөздегі орны мысалмен түсіндіріледі. Өткен дыбыстармен ғ дыбысы қатыстырылып, буын, сөздер оқытылады. Ауызша хормен қайталайды.
Дәптердегі үлгі бойынша ғ дыбысының кіші және бас әріптерін үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады.
Сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ғ дыбысына байланысты сөздерге талдау жасатылады. «Артығын тауып қорша» тапсырмасын орындайды.
III. Қорытындылау.
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Ғ дыбысына сөз ойлаңдар.