7


  • Учителю
  • Жангелдин ауданы Сужарған ауылы Қ.Қойдосов атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Қоянбаева Гүлжаухар Тұрсынбековна Guljauhar.72@mail ru Пәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Ғафу Қайырбеков «Ана тілі» Сабақтың мақсаты: Ғафу Қайырбековтің өмірба

Жангелдин ауданы Сужарған ауылы Қ.Қойдосов атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Қоянбаева Гүлжаухар Тұрсынбековна Guljauhar.72@mail ru Пәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Ғафу Қайырбеков «Ана тілі» Сабақтың мақсаты: Ғафу Қайырбековтің өмірба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Жангелдин ауданы

Сужарған ауылы

Қ.Қойдосов атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Қоянбаева Гүлжаухар Тұрсынбековна

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Ғафу Қайырбеков «Ана тілі»

Сабақтың мақсаты:

Ғафу Қайырбековтің өмірбаяны мен шығармашылығынан қысқаша мағлұмат беру. Ана тілі өлеңінің мазмұнын түсіндіріп, идеясын ашу. Шығармашылық тапсырмалар арқылы ой- өрісін, тіл байлығын дамыту. Туған жерін, тілін құрметтеуге баули отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілі: сұрақ-жауап, ойын, пікір алмасу.

Сабақтың түрі: Жана сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Техникалық құрал, ребус, автордың портреті.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

«Себеттегі бұлттарды тарату»

Бүгінгі сабаққа дайындықтарың қалай?

Қазіргі көңіл-күйлерің қандай?

Үй тапсырмасына дайынсыңдар ма?

Алдағы сабақтан не күтесіңдер?

Ал, қане, топтарға бөлінейік!

Қазақ тілі тынысым. Ана тілі ырысым

Топтық жұмыс:

"Бәріміз - біріміз үшін, біріміз-бәріміз үшін!"

Топтық жұмысқа қойылатын талаптар:

  1. Топтық жұмысты аз уақытта аяқтау.

  2. Топ мүшелері түгел жұмыс жасауы керек.

  3. Ес картасында оқулық мазмұныныдағы мәліметтер болуы керек.



Жангелдин ауданы Сужарған ауылы Қ.Қойдосов атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Қоянбаева Гүлжаухар Тұрсынбековна Guljauhar.72@mail ru Пәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Ғафу Қайырбеков «Ана тілі» Сабақтың мақсаты: Ғафу Қайырбековтің өмірба





















Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі.

Н.Ә.Назарбаев

II. Жаңа сөз.

  1. Ассосоция «Ана тілі»



























2) Ана тілі туралы мәлімет (тілдің анықтамасы)

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңы 1997 жылы 11 шілдедегі қабылданды.

«Қазақстанның Мемлекеттік тілі - қазақ тілі.»

Тіл - қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса тіл болмайды. Сөз болмаса азаматтың тірлігінде мән - маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

Тіл халықтың жаны. Тілі құрысы, халық та жер бетінен жоғалады. Халқымыздыңаса бай рухани қазынасы - туған ана тіліміз. Ол - Қазақ тілі. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан «Ана тіліміз» дейміз. Қазақтар «Ананың тілі» деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.

3) Автор жайлы мәлімет.

Ғ.Қайырбеков - қазақтың көрнекті ақыны.

Ғ.Қайырбеков (1928-1994ж.) қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында, Торғай жерінде дүниеге келген. . Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды. 1968-1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті. 1973-1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды. 1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты. «Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыз дар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Л.Толстойдың, Куприннің,Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды. Көптеген әндердің өлеңін жазған.

Балаларға арналған

«Балықшы Иван» (1957),

«Балқурай» (1962),

«Күн баласы» (1963),

«Ақ көйлекті шал» (1968)

атты кітаптар жазған.

«Қарқаралы басында» (1967),

«Ақжелкен» (1976),

«Жел қайық» (1980),

«Толассыз толқын» (1981),

«Бір кеменің үстінде» (1981),

«Елтінжал» (1990),

«Өмір оттары» (1988),

«Ел мен жер» (1991),

«Үш қиян» (1993),

«Алыс та жақын жағалаулар » (2001),

«Атамекен» (2005),

«Үйренсең де ұқсама (Сырбайға)»

«Бауырсақ»

«Жершілмін»

«Мен туған»

Бой сергітіпт алайық!

Мақал - мәтел айтып жарыстыру.

1) Тіл - тиексіз

2) Басқа пәле тілден.

3) Бал тамған тілден

У да тамар

4) Тіл - буынсыз,

Ой - түпсіз.

5) Тіл жүйрік емес,

Шын жүйрік.

Тіл туралы қанатты сөздер:

Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.

Жүсіп Баласағұн.

Ердің жүзін күйдіретін нәрсе - тіл.

Ахмет Йүгінеки.

Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкін қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.

Ыбырай Алтынсарин.

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.

Абай Құнанбаев.

Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл - сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл - күйініш.

Халел Досмұхаммедұлы.

Ана тілі - халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Жүсіпбек Аймауытов.

Тіл байлығы, тіл тазалығы - ұлт қасиетінің, салт - санасының негізгі өнеге белгісі.

Бауыржан Момышұлы.

Қазақ тілі - қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы.

Асылы Осман.

Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз.

Ғұмар Қараш

Қасиетін сезем деп ана тілдің,

Қауырсыны қалмады қанатымның.

Мұқағали Мақатаев.

Ұйқасын тап ойыны.

1) Ана тілім - ұраным,

Ана тілім - құралым.

Ана тілім - болмаса

Болмас еді жыр, әнім.

2) Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген - дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың - мәңгі сені,

Қуанышым, бақытым дара тілім.

3) Айналайын халқымнан,

Айналайын даңқыңнан.

Ана тілдің бағасы,

Қымбат екен алтыннан.

5) Ребус шешу.

1) Тіл - көңілдің кілті.

2) Басқа пәле тілден.

3) Өнер алды қызыл тіл.

Сөз жұмбақ «Ана тілі»З

А

Қ

Т

І

Л

І

А

Қ

Ы

Н

Ғ

А

Ф

У

Қ

А

Й

Ы

Р

Б

Е

К

О

В

Т

О

Р

Ғ

А

Й

Ө

Л

Ш

Е

М

І

Ж

Е

Л

Қ

А

Й

Ы

Қ

Т

І

Р

І

1. Мемлекеттік тіл?

2. Ғ.Қайырбеков кім?

3. «Ана тілі» өлеңінің авторы?

4. Ғ.Қайырбеков қай жерде дүниеге келді?

5. тіл ақылдың ................ (өлшемі)

6. . Ғ.Қайырбековтың 1980 жылғы жарық көрген шығармасы?

7. тілі өлген ел - .......... өлген ел (тірі)

IV. Қорытынды.

«Бүгінгі сабақта не білдік?»

1) Ассосоцияға қайта оралып толықтыру

2) Ана тілің- ертегің,

Ана тілің-өркенің.

Ана тілің- ертенің,

Қадірле ана тіліңді.

</ Жүрегіңнің бөлшегін.

V. Бағалау.

Білетініміз көп екен!

Алдағы уақытта үйренетініміз бұдан да көп болар деген сенімдемін!

VI. Үйге тапсырма.

«Ана тілім - тірлігімнің айғағы» (әңгіме, эссе, өлең. жазу)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал