7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты тақырыбы: Өю -өрнек әлемі

Тәрбие сағаты тақырыбы: Өю -өрнек әлемі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Ою-өрнек әлемі.

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың ою - өрнегімен, оның тарихымен, мағынасымен таныстыру.Ою - өрнектің тілін түсіндіру, сырына терең мән беру арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту. Халқымыздың асыл мұрасын, салт - дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кітап көрмесі, оюлы киімдер көрмесі, нақыл сөздер, интерактивті тақта.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Кіріспе сөз.

- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз өте ерекше, келіп отырған қонақтарымыз бар. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын білу үшін мына сөзжұмбаққа назар аударайық.

ІІІ. Негізгі бөлім.

«Өнер - таусылмас азық, жоғалмас байлық», - дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы - ою - өрнектер. Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа қажетті бұйымда өте көп.Ғажайыпстанға Елдос пен Аяжанмен бірге саяхат жасайық. Балапан телеарнасынан хабар көру.

Экранға назар аудару. Киімдер көрмесі:

Әдемі киімдер тігіп, оны өрнектеген шеберлер де аз емес. Қазақ халқы өз қолөнерінде ою - өрнектерді кеңінен пайдаланған. Айналамызға зер салып қараңдаршы, сол ою - өрнектер біздің залымыздың төрінен де орын алған жоқ па? Әдемі де, сәнді ойылған ою - өрнек қолөнеріміздің сәнін де, мәнін де беретіні бәрімізге белгілі.

Дания: Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Мысалы: төсеніш, ұлттық киім, үй мүліктері. Ою - өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген.

Қазақ ұлттық ою - өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы - қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады

Ою - түрлері:

1. Өсімдік тектес оюлар.

2. Жануарларға байланысты.

3. Аспан әлеміне байланысты.

4. Геометриялық оюлар.

Оқушылардың ойын ортаға салу.

- Ою - өрнек туралы сендер не білесіңдер?

Ақерке: Ою - өрнек өте ежелгі өнер. Онын ұзақ та, қызық тарихы бар. Бұдан екі жүз жыл бұрын адамдар табиғатқа қазіргіден гөрі мүлдем ерекше көзбен қараған. Табиғат олардың анасы еді, ол адамдарды асырайтын, киіндіретін, емдейтін сонымен бірге, құрметтеп күтпегені үшін жазалап та алатын.

Алихан: Ай мен күн, теңіз бен шөп, жел мен жартас, жануарлар мен өсімдіктер ойнай біледі, сезеді, сөйлей алады, адамға көмек бере алады, олардан кек те қайтарады дегенге пенделер сенген.

Аяулым: Қазақтың ою және өрнек деген сөзі бірге келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Ою белгілі бір затты ою (тас, ағаш, темір, сүйек, тері, қағаз, мата). Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, желімдер жапсырып әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.

«Мақалдардың жалғасын табайық»

- Балалар, өздерінің қандай мақалдар білесіңдер?

1) Өнерді үйрен де жирен.

2) Шебер көп жерде өнер көп.

3) Үйренгенің өзіне, істегенің өзіне құт.

4) Шебердің саусағы алтын.

5) Оюды оя алмаған ойланбаған.

Еріншектің қолы жетпейді.

Сонымен бүгінгі тәрбие сағатынан не үйрендік, қандай тәрбиелік маңызы болды?

«БӘЙТЕРЕК»ағашына үйренген; білгеніңді атап жапырақ, гүлдермен безендірейік.

Қанағат Аяулымның орындауында ән: «Наурыз думан»

ІV.Қорытынды.

Міне, балалар, оюдың адам баласына тигізер әсері көп екен. Ол адамның ойын бір жүйеге келтіреді, денсаулыққа пайдалы жағы да бар, аз емес. Ол жүйке қызметін ретке келтіруге, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді. Зейнеп Ахметованың Бауыржан Момышұлы жайында жазған естеліктерінде көптеген мысалдар келтірген. Атамыз шығармашылық жұмыс үстінде жазып отырған еңбегі өнімсіз болған кезде лезде қолына қағаз, қайшы алып ою оя бастайды екен. Сонда атамыздың шашыраған ойы жинақталып, жанына жігер бітіп шығармасын қайта бастайды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал