7


  • Учителю
  • Сабақ Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай

Сабақ Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Аңыздар. Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай

Мақсаты: Аңыз жанры туралы түсінік қалыптастыру; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, адалдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға баулу.

Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Шұбар ат неліктен жүргісі келмеді деп ойлайсың? (балаша аунап, шөбі қалың жерге оттап, боз балаша шапқылап жүгіргісі келді). «Түсінде аян берді» дегенді қалай түсінесің? (түсінде көру).

ІІІ. Өткенді қорыту: Шұбардың сырт бейнесін суреттеу үшін қандай сөздер қолданылған? Сенің алған әсерің?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, біз 2 - 3 кластарда қандай аңыздармен таныстық? (Қожанасыр мен ашқарақ, қажанасыр мен Алдаркөсе, Бетпақдала Ақселеу Сейдімбек. (аңыз), Алдардың айласы (аңыз)). Міне, балалар, сонымен Алдаркөсе деген кім екен? Ол туралы не білесіңдер?

Ү. Жаңа сабақ: 1. Аңыз көбінесе тарихта болған адамның басына құрылатын шығарма. Аңыз әңгімеде өмірде шын болған адамның басынан өткен жайттар мен қиял- ғажайып оқиғалар араласып келеді. Қазақ аңыздарында Асанқайғы, Жиренше, Қорқыт сияқты ерекше жандар мен Алдаркөсе сияқты ел ішінен шыққан қарапайым адамдар туралы оқиғалар айтылады. Алдар жөнінде ел аузында айтылатын күлдіргі аңыздың бірі - Шықбермес Шығайбайды алдауы. (Балаларға аңыз ерекшелігін мына сызба арқылы түсіндіруге болады)Асанқайғы,Жиренше,Қорқыт,

Қожанасыр, Алдаркөсе

Шындық пен қиял - ғажайып оқиға араласып келеді



  1. Оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, тауып оқу.

  2. Сөздік жұмыс: Тауы шағылыпты - іске аспапты, Әккіленіп алған - қуланып алған, түзге - далаға.

  3. Аңыздың басында Шықбермес Шығайбай туралы оқығаныңда көз алдыңа қандай адам елестеді? Шықбермес Шығайбайды алдау үшін Алдар қандай қулық ойлап тапты? Шығайбайдың үй іші түгелімен сараң адамдар екенін олардың қандай әрекеттерінен, қандай сөздерінен байқауға болады? Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде жасырып қойған дүниелерін неге теңегенін тап.

  • Жыланның жуандығы қандай?

  • Байдың тығып қойған қазысындай.

  • Жыланды ұрған тастың үлкендігі қандай?

  • Бәйбіше астындағы қойдың басындай.

  • Былш етіп иленіп түскенін неге теңейді?

  • Тоқал астындағы қамырға.

  • Сақалының жұлынғанын неге теңейді?

  • Қызы тығып қойған тырнаның жүніне. Бұл жерде сызба арқылы тапсырма орындауына болады.

Жабықтан сығалауы,аңдуы

Ет орнына шандыр турап қоюы

Алдардың Ыстық нанды, торсықтағы айранды алдап алуы

айласы Атқа бор жағып қоюы

Бізбикені алып кетуі



ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма? Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде, жасырып үлгірген тамақтарды дәл тауып, оларды нелерге теңегенін дәптерге жаз.

(қазы, иленген нан, қойдың басы, тырна) теңеуі: (қазы - жыланның жуандығындай, қойдың басы - ұрып жіберген тастай, былш еткені - иленген нандай, тырнаның жүнін жұлуы - сақалым жұлынсын)





Егер сен Шығайбай орнында болсаң, не істер едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу, әңгімелеу.2.Бағалау.



























Сабақ Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай











































Сабақ Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай















Сабақ Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал